Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.
Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ.
Өмір озады, ажар тозады.
Доссыз — өмір тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.
Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.
Уақытыңның босқа өткені —
Өміріңнің бос кеткені.
Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.
Өткен өмір –
Өшкен көмір.
Өлім — ойран,
Өмір — майдан.
Кебін кигеннен түңіл,
Кебенек кигеннен түңілме.
Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.
Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.
Махаббатсыз өмір тастақта өсіп қурап қалған ағашқа ұқсас.
Өмірде із қалдыру балалықтан басталады.
Өмірге риза болып, алғыс айт.
Өмір өтер, жас өсер.
Өмір – үлкен мектеп.
Өмір — теңіз,
Еңбек — егіз,
Ақыл — сегіз.
Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
Отанға опасыздық еткенің
Өмірден қаралы боп өткенің.
Көп жасап, күміс болғанша
Аз жасап, алтын бол.
Қорлық өмірден
Ерлік өлім артық.
Тізерлеп өмір сүргеннен
Тіке тұрып өлген артық.
Тәтті өмірдің сұрауы қатты.
Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.
Түстік өмірің болса,
Кештік мал жина.
Өлімнен басқаның ертесі жақсы.
Көшемін деп отыныңды тауыспа,
Өлемін деп азығыңды тауыспа.
Балалық шағы — патшаның тағы.
Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.
Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.
Кәрісі кімнің бар болса,
Хаты соның қолында.
Көп жасаған көмбенің үстінен шығар.
Кәрілік — дауасыз дерт.
Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.
Жастық – желік.
Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт ерттің.
Кәрі білгенді пері білмес.
Сексен дегенше, жермен жексен де.
Соқыр ұстағаннан айырылмайды.
Ұлы бардың - ұрпағы бар.
Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.
Өмірден көзің кетсе де,
Сөзің кетпесін.
Құдай берген арымас.
Ұят - иман белгісі.
Ажалдан ақша беріп құтылмас.
Үмітсіз шайтан.
Менменнің тобасы қабыл болмас.
Мың надан сопыдан, бір ілім молда артық.
Хақ сүйгенді халық сүйер.
Басты берген құдай ас та береді.
Жүйрік атқа мінген құдайын ұмытар.
Кісіден сұрағанның көзі шығар,
Құдайдан сұрағанның бүйірі шығар.
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Білім тұрған жерде иман тұрады.
Құдай бергенді молда бермес.
Халықтан ұял, құдайдан қорық.
Құдай десең құр қалмассың.
Тәуекелдің тауы - бір құдай.
Аққа құдай жақ.
Құдайдан сұрасаң кешірер,
Кісіден сұрасаң екі көзіңді өшірер.
Қорық құдайдан, қайт ырайдан.
Ұйқы менен өлім тең.
Патшаның қолтығы кең, құрығы ұзын.
Кеңесті хан азбайды,
Кең киім тозбайды.
Өз елін танымаған елге би болмас.
Ханда қырық кісінің ақылы бар.
Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без.
Бастаушы болса қостаушы табылар.
Бас бергенге ас бер.
Әкімменен араз болсаң күнің жаман,
Молдаменен араз болсаң дінің жаман.
Халық - кеуде, патша - бас.
Атасыздан би қойсаң, дәметпестен дәметер.
Жұрт жаманға қалды,
Жүк тайлаққа қалды.
Құл жиылып бас болмас,
Құм жиылып тас болмас.
Ай мен күн әлемге бірдей.
Дауды шешен бітірмейді, би бітіреді.
Өсекке кірмесе, есепке кірмес.
Асыққанның ісі шала.
Айтылғанның айыбы жоқ.
Өзім тойсам да көзім тоймайды.
Айхай көкірек, не демейді сұм жүрек.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садақа.
Тамақ тоқ,
Көйлек көк,
Уайым жоқ.
Біреуді қор тұтсаң қор боларсың,
Біреуді зор тұтсаң зор боларсың.
Адам бір сөйлескенде жылан,
Екінші сөйлескенде құлан,
Үшінші сөйлескенде адам.
Екі тау қосылды десе - нан,
Екі бұзық түзелді десе - нанба.
Екеуі кеп сөйлессе, біреуін де есітпессің.
Сасқанда сақалыңды таба алмассың.
Жастық - мастық.
Өзің жығылсаң өкінбе.
Өзінің кетпендей мінін көрмей,
Біреудің инедей мінін көреді.
Ер - бас,
Қатын - мойын.
Қатының тентек болса,
Қамшың жуан болсын.
Үйіңде екі қатының болса ойран болар,
Екі сиырың болса айран болар.
Баланы - жастан,
Қатынды - бастан.
Жаман шоқпар жинар.
Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.
Жақсы қатын үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті.
Елсіз көлге бақа айғыр,
Қатындарға жалшы айғыр.
Өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 27 қараша 2018
- 4820
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өмір, табиғат, әйел, дос, махаббат туралы мақал мәтелдер
Ұқсас жаңалықтар:
Өлім, өмір, туралы мақал-мәтелдер
Туысқан өкпеге тепсе де өлімге қимайды. Өлім деген – ұзақ жолдың алысы....Кәрілік туралы мақал-мәтелдер
Сексенде сегіз байлық, Сегіз жарлылық. Шөп те басынан қурайды....Жар, әйел, қатын, бәйбіше, өмір туралы мақал-мәтелдер
Түстік өмірің болса, Кештік білім жи. Астыңдағы атыңа сенбе, Қойныңдағы қатыныңа сенбе....Өмір туралы мақал-мәтелдер
Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені. Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ....Өмір туралы мақал-мәтелдер
Көп жасап, күміс болғанша Аз жасап, алтын бол. Қорлық өмірден Ерлік өлім артық....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.