Қой қорасына тартады,
Жігіт жорасына тартады.
Қыста қойыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап!
Қора менікі болғанмен
Қойы елдікі.
Арық ат — тулақ,
Ашаң жігіт — қунақ.
Жапанда өскен жапалақ
Көл қадірін білмейді.
Ербең құлақ еркек қой
Төл қадірін білмейді.
Қой төлемі — қозы.
Жылан жылы — жылыс,
Жылқы жылы — ұрыс,
Қой жылы — тыныс.
Қойды күз құмға айда,
Жаз шымға айда.
Қойшының қызы
Қой келгенде таранады.
Қара құрт жеген қой семіреді,
Қан соқта жеген ит семіреді.
Пара жеген би семіреді.
Желінсау қой қосаққа кірмейді.
Қора оңды болса,
Қойың қоңды болар.
Қойшың малсақ болса,
Малдандым де.
Қойшың жаңсақ болса,
Алдандым де.
Ақ қошқар бүгін сойылар,
Алдыңа басы қойылар,
Ашыққан қарын тойынар.
Құдай бергеннің қойын
Қыдыр бағады.
Қой төлімен жарасты,
Жапырақ гүлімен жарасты.
Жалған сөз — жанға қас,
Жалқау қойшы малға қас.
Қойыңды жаз бақ, күз бақ,
Сонан соң құй бақ, құй бақпа.
Құрттаған қой
Кескекті ала кетер.
Ешкілі қой өрген.
Ешкіні түлен түртерде
Шопанның таяғына сүйкенер.
Бұрын шыққан құлақтан,
Кейін шыққан мүйіз озады.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп
Құлағынан айрылыпты.
Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
Қотыр теке қора былғар.
Сақал текеде де бар.
Жаман теке — сүзіскек,
Жаман жігіт — ұрысқақ.
Ешкі сойғанның екі заты бар:
Мүйізі пышағына сап,
Терісі мосысына қап.
Жалғыз ешкі лақтап,
Уызына жарытпас.
Ешкі бастаған қой,
Егінге түседі.
Таудағы киік
Таста ойнақтаса,
Төменде тұрған текенің
Тұяғы қышиды.
Егіз лақты ешкіге
Екі елі май кім берсін?!
Есің кетсе ешкі жи,
Ешкі жиып, есің жи.
Лақпын деп ойлайды тоқал ешкі.
Шыбынды шыбықпен айдаған,
Шыбышты сырықпен айдаған.
Ешкі қырққан сайын бір өледі,
Ер жігіт ұялған сайын бір өледі.
Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.
Қой семірсе құт
Ешкі семірсе жұт.
Тентектің есі - дерті — бұзу,
Текенің есі - дерті — сүзу.
Жетім жылап күн кешеді,
Лақ маңырап су ішеді.
Бақ - бақ еткен текені
Қыс түскенде көріңіз.
Батырсынған көкені
Іс түскенде көріңіз.
Тілеп алған баламды,
Теке теуіп өлтірді.
Бес бәлекке бес қарақшы,
Сегіз ешкіге сексен теке.
Өзім асырап өсірген текешігім
Өзіме тап берді.
Ешкі тұқымы — егіз лақ,
Қой тұқымы — қоңыр тұсақ.
Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні апа, текені жезде дейді.
Нар жолында жүк қалмас.
Көрмес түйені де көрмес.
Қуырдақтың әкесін
Түйе сойғанда көрерсің.
Түйе тұзға келеді,
Күйеу қызға келеді.
Жуас түйе
Жүндемекке жақсы.
Кәрі түйе ойнақтаса
Жұт болар.
Жығылсаң нардан жығыл.
Түйесін қу бас десең,
Иесіне тиеді.
Алыстан шабынған бураның
Күші кетер.
Түйе бойына сеніп
Жылдан құр қалған.
Түйенің үлкені
Көпірден таяқ жейді.
Соңғы түйенің жүгі ауыр.
Көтерем деп түйеден безбе,
Салтанатың емес пе?!
Тебеген деп биеден безбе,
Қос қанатың емес пе?!
Бір теңге бие болмайды,
Екі теңге түйе болмайды.
Екі аяқтыда — бажа тату,
Төрт аяқтыда — бота тату.
Түйенің танығаны жапырақ.
Жабу қисық емес,
Түйе қисық.
Нар сәулетті — ашамай.
Жаман түйе жабуын жер,
Жаман жігіт ауылын жер.
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай.
Азу тісі қаладай,
Жабуы шамшыдай,
Құйрығы қамшыдай
Бура сойған не сұмдық!
Інгенімді қараймын деп
Мінгенімнен айрылдым.
Ақ түйенің қарны ақтарылды.
Жазғытұрғы жел
Жардай атанды жығады.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Түйе тайғақ келеді,
Табанынан мөр кетсе,
Кәрі тайғақ келеді,
Екі көзден нұр кетсе.
Қолда өскен түйенің
Тайлақ аты қалмайды.
Кеш үйленген жігіттің
Бойдақ аты қалмайды.
Түйесінің сыры иесіне мәлім.
Түйе жантақ жегісі келсе,
Мойнын созады.
Түйесіне қарай — жазысы,
Биесіне қарай — қазысы.
Екі нар сүйкенсе
Ортасында шыбын өлер.
Жар басындағы жантақты
Жанынан безген нар жейді.
Нарым қымбат,
Нарымнан арым қымбат.
Шөлге шықсаң шөл екенін біліп шық.
Шөл тәңірі сары атанға мініп шық.
Бие мініп тойға барма,
Көкпар шаба алмайсың.
Түйе мініп қойға барма,
Жөндеп баға алмайсың.
«Айтшу» деген атанға сеп,
«Ауп» деген адамға сеп.
Ауырлықты жер көтереді,
Ауыр жүкті нар көтереді.
Ауыр қайғыны ер көтереді.
Артқы түйенің жүгі ауыр.
Бура келеге түскенде
Буыршын бойын бағады.
Түйе аунаған жерде
Жүк қалады.
Ат аунаған жерде
Түк қалады.
Алпыс күн атан болғанша,
Алты күн бура бол.
Алты айлық жолға арымас
Атан деген көлік бар,
Асып - тасса ағайынын танымас
Адам деген «ұлық»бар.
Ауырлықты нар көтереді,
Нар көтермесе, бар көтереді.
Нар маяның шұбаты —
Нардай ердің қуаты.
Түйенің жолы үлкен,
Аттың жөні үлкен.
Нар жолында шөгер,
Ер жөніне көнер.
Бота ойнақтаса
Молшылыққа.
Тайлақ ойнақтаса
Тоқшылыққа.
Кәрі түйе ойнақтаса
Жоқшылыққа.
Нар — түйеден.
Тұлпар — биеден.
Нар ізін нарша басар.
Иті иесіне тартады,
Түйекеш түйесіне тартады.
Ботасы бар түйелер,
Боздамай от жемейді.
Құнажын деп кемітпе,
Ертең - ақ түйе болады.
Тай, байтал деп кемітпе,
Ертең - ақ бие болады.
Түйе сүті түгел май,
Қымыранын кертіп іш!
Бие сүті «пай - пай!»
Сары қымызын шертіп іш!
Түйе қоң алмай — оңалмайды.
Наубайдың көңілі нанында,
Керуеншінің көңілі нарында.
Төрт түлік мал туралы мақал мәтелдер
- ramuk_b
- 14 қараша 2018
- 16128
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Төрт түлік мал туралы мақал мәтелдер, мақалдар, мәтелдер
Ұқсас жаңалықтар:
Ақымақ есек
Баяғы заманда боз түйе, сұр ат, ала сиыр, қоңыр қой, сары ешкі, қара есек болыпты. Долы қара есек дөрекі дауысымен жануарларға орынсыз ақыра береді...Сахараның шұбырған түйелері
Түнде менің түсіме жиі енеді Сахараның шұбырған түйелері. Түйенің өркешінде жыр боталап, Түйенің боздауынан күй өледі....Түйе туралы мақал-мәтелдер
Түйе — шудасын, Жылқы жалын, Сиыр мүйізін төсейді. Түйе байлық, жылқы мырзалық....Төрт түлікті түгендесек
▪ Қамбар ата – жылқының пірі, иесі әрі киесі. ▪ Құлын, құлыншақ – жылқы төлі. ▪ Жабағы – бір жылға дейінгі төл....Түйе - шөлге бейім жануар
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, “№ 21 жалпы орта білім беретін мектебі“ КММ 2 «б» сынып оқушысы Нұрланова Томирис Жетекшісі: Ермаханова Т. Е....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.