Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды кәрия
Жазып қойған хатпен тең.
Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.
Әдепті елдің қыздары —
Қырмызы - қызыл жібектей.
Әдептілікті данадан үйрен.
Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.
Әдеп басы – тіл.
Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.
Жаман қатын терісін жимайды да,
Жегізіп алып итті қинайды.
Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.
Әдеп пен адамгершілік ана тіліңнен нәр алады.
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.
Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,
Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.
Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
Өзек қуа ағады,
Өзен судың саласы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Әдеп туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 8 қараша 2018
- 41456
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Әдеп, тәрбие, өнеге, туралы мақал мәтелдер, мақалдар, мәтелдер
Ұқсас жаңалықтар:

Абырой туралы мақал-мәтелдер
Қызыл тіл жанның мияты, Абырой ердің қуаты. Абырой қонар жігітке Ажалды қоян тап келер....
Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....
Әдептілік, адамгершілік туралы мақал және мәтелдер
Аға әдепті болса,- іні әдепті Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті. Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені....
Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.