Шебердің қолы көпке ортақ.
Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.
Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
Қас шебердің
Шанышқан инесі тонына кіреді.
Хас шебердің
Шанышқан инесі қолына кіреді.
Кілең шебер жиналса,
Істері тез қызады,
Кілең олақ жиналса
Біткен істі бұзады.
Шеберді саусағы асырайды.
Шеберді шеге қағысынан таны.
Шешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.
Шебердің бізі — ортақ,
Шешенің сөзі — ортақ.
Қожамен көрші болсаң:
«Бер - бер» дейді
Шебермен көрші болсаң:
«Көр - көр» дейді.
Ағасы ақылдының
Ауылы азбайды.
Жеңгесі шебердің
Жеңі тозбайды.
Шеберді шебер қолынан таниды,
Батырды батыр жонынан таниды.
Шешенің сөзі — мерген,
Шебердің көзі - мерген.
Шеберден олжа,
Шешеннен сауға.
Шеберді үйрету – күйрету.
Нардтың тастары сәтті түсе берсе,
Бәрі де шебер ойыншы болар еді.
Сөзге шебер,
Іске олақ.
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Шешеннің сөзі — ортақ
Шебердің бөзі — ортақ.
Шебер туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 6 қараша 2018
- 14131
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шебер туралы мақал мәтелдер, мақалдар, мәтелдер шебер жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін
Балалардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру....Ана тіл туралы мақал-мәтелдер
Алажағым кетсе де, Айташағым кетпесін. Ат жүйрігі айырады, Тіл жүйрігі қайырады. Мақтаған жеткізер, Шаққан өлтірер....Кәсіп, еңбек туралы мақал, мәтелдер
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін. Алтын менен күмісті, зергер үшін жаратқан. Арқар менен құлжаны, мерген үшін жаратқан....1001 мақал, 101 жұмбақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...«Шебердің қолы ортақ» 7 сынып
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №38 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Тышқанбаева Айнұр Қыздарбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.