Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.
Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
Бұрынғының кісісі —
Бүгінгінің кішісі.
Ағаш көркі — жапырақ,
Адам көркі — шүберек.
Кісі аты тершіл,
Кісі киімі кіршіл.
Кісідегінің
Кілті аспанда.
Кісі қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.
Адам құлақтан азады,
Қаңқудан тозады.
Әлсіз адам — сүріншек,
Ақылсыз адам — еріншек.
Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.
Жақсы адам — елдің көркі,
Жауқазын гүл — жердің көркі.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Көкірегі жел адам — өр кеуде,
Көкірегі көр адам — жай пенде.
Адамның сырты — алдамшы.
Адам қайғысы — заман қайғысы.
Бір адам — самал,
Екі адам — амал,
Үш адам — жамал,
Төрт адам — қамал.
Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің құлпы түзелмейді.
Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.
Асауды бас білдіретін жігіт бар.
Адамды аздырмайтын үміт бар.
Адамға адам жат емес.
Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас.
Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер - соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.
Адам қайғысы - заман қайғысы.
Адам бір - біріне қонақ.
Адам туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 14 қыркүйек 2018
- 3246
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Адам туралы мақал мәтелдер, кісі туралы мақалдар
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың он төртінші қара сөзі
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле...Киім туралы мақал-мәтелдер
Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде. Көне киім жаңаны сақтайды, Кәрі кемпір баланы сақтайды....Еріншек туралы мақал-мәтелдер
Кер кеткен еріншек Кеусен сұрауға да ерінеді. Еріншекке шегіншек тап болар....Ағаш туралы мақал-мәтелдер
Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай. Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай....Мінез туралы мақал-мәтелдер
Адам жылқы мінезді. Көңілім келсе – көлдеймін, Көңілім келмесе – шөлдеймін....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.