Адам жылқы мінезді.
Көңілім келсе – көлдеймін,
Көңілім келмесе – шөлдеймін.
Әдептілік ар - ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.
Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.
Қауызында дәні жоқ,
Сабан мінезді адам болады.
Қорсылдаса көңілі тоқ
Қабан мінезді адам болады.
Адам жылқы мінезді:
Бір күнде түлейді,
Бір күнде жүдейді.
Жақсымен жанассаң
Атаққа ілінерсің.
Жаманмен жанассаң
Шатаққа ілігерсің.
Шатынаған көзге шайтан ғана шалынар.
Сүтпен кірген мінез
Сүйекпен кетеді.
Ер еруде бала мінезді,
Ер сайыста шала мінезді.
Жолбарыс жұлқынса,
Жонынан от шығады.
Бөрі арығын білдірмес,
Итке сыртын қампайтар.
Қасқыр мен ұры мінездес:
Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл мінездес:
Екеуі де күнді аңдиды.
Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін.
Ауру кетеді, мінез кетпейді.
Жат мінезді адамнан
Жаныңдағы ит артық.
Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің қалпы түзелмейді.
Дене дерті өзіңді, мінез дерті басқаны қинайды.
Қисық ағашқа тез, қисық мінезге сын бар.
Қызы мінезід келсін,
Ұлы өнерлі келсін.
Бірі – от та,
Бірі – су,
Қиын болар ұғысу.
Жақсы мінез – сүйінтер,
Жаман мінез – күйінтер.
Мінез туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 13 қыркүйек 2018
- 27466
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мінез туралы мақал мәтелдер, жақсы, жаман, мінез
Ұқсас жаңалықтар:
Қисық туралы мақал-мәтелдер
Қисық ағаш үй болмас, Қыңыр жігіт би болмас....Рухани жаңғыру
Халықпыз ежелден-ақ өр мінезді, Жаңғырудың енді міне келді кезі. Шын қолдап Елбасының саясатын, Күн санап жаңғыруда елдің өзі....Жауқашарға
Бұрала біткен емендей, Қисық туған адамсың. Бұл мінез, бұл қылықпе Қайдан абырой табарсың?!...Біз әдепті боламыз
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, № 2 К. Э. Циолковский атындағы мектеп мұғалімі Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы...Мінез-көңіл күйдің айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 Циалковский атындағы мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна Тақырыбы: Мінез – көңіл айнасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.