Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
Әдептің не екенін
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.
Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.
Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.
Әдеп пен адамгершілік ана тіліңнен нәр алады.
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.
Жаман адам кетсе,
Дүние кеңіп қалғандай.
Жақсы адам кетсе,
Дүние кеміп қалғандай.
Жақсы сыйлағанның құлы,
Жаман қорыққанның құлы.
Жақсының соңынан көп ереді,
Жаманның соңынан шөп ереді.
Адам деген ардақты ат.
Адамгершілікке арналған үш сауал бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Біреу, біреуге сүйеу.
Талабы жоқ жас –
Қанаты жоқ құс.
Ормансыз жер - жалаңаш,
Армансыз ер - жалаңаш.
Адамның күні адаммен.
Бітер істің басына,
Жақсы келер қасыңа.
Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
Ақ сауыттың жағасы бар,
Жеңі жоқ.
Шын жақсының ашуы бар.
Кегі жоқ.
Ақылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.
Барлық мақал-мәтелдер
Денсаулық, спорт жайлы мақал мәтелдер
Табиғат туралы мақал мәтелдер
Оқу, білім туралы мақал мәтелдер
Қазақша мақал мәтел (Ата-ана, әке-шеше, ұл бала мен қыз бала)
Еңбек туралы мақалдар мен мәтелдер
Ана тіл туралы мақал-мәтелдер
Қазақ халқының мақал-мәтелдері
Тіл туралы мақал-мәтелдер
Кәсіп, еңбек туралы мақал, мәтелдер
Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер
Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Әдептілік, адамгершілік туралы мақал және мәтелдер
- ramuk_b
- 8 қаңтар 2018
- 154397
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мақал-мәтелдер әдептілік туралы, әдептілік, адамгершілік туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Әдеп туралы мақал-мәтелдер
Әдепсіз бала Ауыздықсыз атпен тең Ақылды кәрия Жазып қойған хатпен тең....Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар. Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол....Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жақсыбаева Шолпан...Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...Әдептілік әдемілік
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №36 орта мектеп МАД тобының тәрбиешісі Сулейменова Ақмарал Маукенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.