– Сандықта жатқан ақ мата үнемі Құдайдан «Иә, Алла, мына шаңыраққа береке бер, үй иелерінің өмір жасын ұзақ қыл. Мені қара жердің астында көміліп қалудан сақта», – деп, дұға етіп тұрады. Соның себебінен үй иелеріне мезгілсіз қаза жетпейді. Ақ шытты сақтайтын сырым сол, – депті.
Қазақта жыл басы, күн мен түн теңелетін күн – Наурыздың 22 - сінен басталатыны белгілі. Ал бір жылда 12 айдың болатындығы, әр айда орта есеппен 30 күннен болып, жыл аяғында, айлардан тыс, 5 күн қосылып, ол күндерді «бес қонақ» деп атайтынымызды бұған дейін де айтқанбыз.
«Махаббат философиясы» - араб - парсы, Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің жетілуіне зор ықпалын жасаған дүниетаным. Себебі махаббатты жырлау әдебиет пен өнерде демократияның, еркін ойдың өрісі болды.
Өміртай жасы ұлғайған сайын ой омбысына түсіп, қиял шылбырын шумақтай алмайтын әдетті тапқан. Ұзақ ғұмырында басынан кешкен ыстық - суықты безбенге салып сараптап, көп отыратын.
«Ағыбай батыр» - тарихи жыр. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802-1885) ерлік істерін баяндайды.
Толық аты - жөні Махмұд ибн Әл - Құсайын ибн Мұхаммед. Қарахандардың ақсүйектерінен шыққан. Қазіргі Қазақстан жерінде болған Барысқан қаласында туып, Қашқарда қызмет еткен.
Байлаулы тұрған жүйрік жұлдызға қарап, киіз үйдің белдеуінен басын жоғары ұстап, басы уық пен керегенің қосылатын жерінен асып тұрады. Мамағашқа, болмаса киіз үйдің белдеуіе байлағанда келе жатқан адамға доғаша иіліп тұрады.
Бұрынғы заманда бір үлкен өзеннің бойында шөп күркені мекен етіп, балық қақтап, су сақтаған кедей кемпір болыпты. Оның бар медеуі, көз қуанышы әкесінен жастай айырылып, жетім қалған жалғыз ұлы екен.