Демейміз күн күңгірт боп, таң адасты,
Сонда да, әпке, шаттық, мұң араласты.
Біздің үйден басталған бір соқпақ жол
Сені бізден бақытқа ала қашты.
Ала қашты, қайтейік, шаттығыңа,
Ұзатып салды өзіңді бақ қырына.
Қарамайды екен-ау қыз бақыты
Босағаның бөгделік, жаттығына.
Бұйыртқан содан қыздың несібесін,
Елемесең, өмірден кешігесің.
Ілестің сен де, әпке, бүгін, міне,
Сол бақыттың мәңгілік көшіне шын.
Ілес, әпке, соңыңа қарамағын,
Сонда ырғақты, бақытты болады әнің.
Түтіні түзу ұшқан өз үйіңде
Желбіреп жүреді енді орамалың.
Қалдырып қимас сәтін қыз күніңнің,
Толқытып, артқа тастап бізді бүгін.
Барасың, әпке, асығып бақытыңа,
Жар болу дегендей-ақ ізгі ұғым.
Барасың іштегі бір қозғап үнді,
Тойыңда тілекшіден сөз де ағылды.
Сағынып жүресің-ау енді, әпке,
Куәсі қыз күніңнің - өз бағыңды.
Белгілі босағаңды бағаларың,
Жарыңмен тату болсын араларың.
Сол бағың - сүйген жардың шаңырағы,
Таққан соң келіндіктің орамалын.
Жұбайлық жолдың солай ізгі өрнегі,
Ойлаттың бақыт жайлы бізге әрнені.
Сол баққа соқпақ салар әрбір қыздың
Тұтамдай екен, әпке, қыз-дәурені.
Білемін, әпке, өзің де бағаландың,
Бақ жолын жүрегіңмен қалап алдың.
Аттайсың енді өзге босағаны,
Сезесің қасиетін орамалдың.
Бағыңа өмір дейтін қосады ағын,
Мінсіз боп тұрсын әрбір жасағаның.
Сенемін, әпке, саған, өзің аттар
Ұғасың қасиетін босағаның.
Тілекші саған, әпке, бәрі бүгін,
Қарсы алар бақытпенен таңы гүлін.
Шақырды сол таңыңа қыз соқпағың,
Ендігі түсінер деп жар ұғымын.
Сің, әпке, сол жұртыңа бағалан да,
Өмірдің жаман жағын қалап алма.
Сыйлай біл келіндіктің қасиетін,
Қастерлеп түйген бақыт-орамалға.
Десе де жылды - сынақ, уақытты - сын,
Шын сезім өз бақытын татыпты шын.
Өмірде қол ұстасқан сүйген жармен
Әпке, сен, шынында да, бақыттысың!
Қарамай пенде-ғұмыр күйбеңіне,
Барасың өзің қалап сүйгеніңе.
Бақ қонсын, бақыт қонсын әрдайым да
Сендердің шаттық толы үйлеріңе.
Бойжеттің, ақыл - серік, адаспадың,
Ұнайды сүйгеніңмен жарасқаның.
Сіңлің тілейді енді өздеріңе
Осынау соқпақ-жолдың бақ ашқанын.
Сендер жақ болсын бақыт, бақ алаңы,
Жұлдызың жоғарылап барады әлі.
Құт болсын өмір бойы, әпке, саған
Сен таққан бақытыңның орамалы!
Әпкеге тілек
- ramuk_b
- 17 маусым 2019
- 10712
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әпкеге тілек, сіңлі тілегі, тойға тілек, тойға арналған тілек
Ұқсас жаңалықтар:
Екі тышқан
Бірде шайдай ашық күні үй тышқаны еденнің астынан жүгіре шығып, орманның шетінде бұлақтың арғы жағындағы інде тұратын туысы дала тышқанына қыдырып...Гүлі едің аялаған ата-ананың
Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....Қазақтың туыстық атаулары
Қазақ халқының туыстық атауларын біліп жүрейік. Көптеген жастар жиен мен жиеншарды ажырата алмай жатады. Сондықтан жастар туыстарыңызды қалай...Назым - чемпион
Алматы облысы. Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің 8 сынып оқушысы Даркенбаева Мадина 2014 жылы Қазақстан тарихында 1 - рет бокстан әлем...Д.Исабековтың «Әпке» драмасы тақырыбына өтілген сабаққа рефлексия
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Абай атындағы № 3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сырлыбаева Қызыл-гүл Алимовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.