(Жас жұбайларға жақындарының тілегі)
Өмірдің сыры махаббатпенен астасып,
Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып.
Осынау күнге куә боп отыр ағайын,
Мінеки, бүгін бақытын тапты қос ғашық!
Үйлену тойы, өмірде әлі сының бар,
Осынау жолда біріңді-бірің ұғыңдар.
Қиындық сәттен сендерді алып шығатын
Жарыңды жар боп түсіну деген ұғым бар.
Тағдырларыңда болмасыншы енді сағым күн,
Қуандың бүгін, шаттықтың гүлін тағындың.
Бақытым ұзақ болсыншы десең, жұбайлар,
Жүрегін ұқ та, көңіліне қара жарыңның.
Куәміз бүгін, махаббат таңы атыпты,
Ағайын, дос боп күткенбіз осы уақытты.
Сезім көгінде жүрегі бірге қос ғашық
Осынау жолда болсыншы енді бақытты!
Жас жұбайларға жақындарының тілегі
- ramuk_b
- 18 қазан 2018
- 7427
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Жас жұбайларға жақындарының тілегі, тойға арналған тілек, өлең
Ұқсас жаңалықтар:
Бақыт қонып ақ отау түндігіне
Жалғастырып кеше мен бүгінгіні, Еске сап ата дәстүр - бұрынғыны. Міне, тағы бас қосты ортамызда Екі жас ұнатқан соң бірін-бірі....Қарындастың ағаға тілегі
Сенде бүгін қуаныш, сенде бүгін той бары Көңілімнің алабын шаттық болып жайлады. Сендегі бар қуаныш нөсер болып төгерін Қарындас боп сезінді сырға...Қырық деп соқты ағаның асыл жүрегі
Ұл менен қызы құдірет, күшке балаған Адамның бәрі туады асыл анадан. Анаңыз бір кез сізге де тірлік сыйлатып, Қырыққа кепсіз, мінеки, сіз де, ағажан....Достар тілегі
Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді, Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді. Сол үшін де барлығымыз қуанып, Достығымыз жаңарған бір түрге енді....Әпкенің сіңліге тілегі
Өмірге сыйлағандай көктем гүлін, Той болып қуаныш күн жеткен бүгін. Көтерген құтты болсын шаңырағың, Тілектес шаттығыңа әпкең бүгін....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.