Сайтқа кіру Тіркелу

Үйлену тойына керемет тілектер

Құрметті....... мен.......!
Сіздерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңізбен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздерге тілерім жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын!
Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін.
Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір - біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір - біріңе деген сезімдерің пәк болсын.
Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарыңыз биік босағаларың берік болсын
................. Айжанға адал жар бол, Айжан осы шаңыраққа қонған бақ құсы бол. Ата - ана, туған - туыс пен бауырларыңызға сыйлы және үлгілі отбасы болыңыздар. Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа және сәбидің үніне толсын.

Қадірлі қонақтар!
Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!
Сіздерге осы қуанышты күнде босағаларыңның берік, керегелеріңнің кең, абыройлы, көңілдеріңнің тоқ, адал еңбектің арқасында табыстарыңның мол, алақандарыңның ашық, өмірге машық, жаңалыққа ғашық, ұрпақтарыңның ер болуын тілей отырып, мына өлең жолдарын өздеріңізге арнаймын;
Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену,
Үйлену – бір көктем мәңгі күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз босағаның беріктігін.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілеймін құдалардың татулығын.
Өмірлерің бақытты әнді болсын,
Өңірлерің осындай сәнді болсын.
Достық пен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәңгі болсын!

Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір - біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

Құрметті, отау құрып отырған қос ғашықтарға тілерім:
Махаббат деген биік тас,
Оған ешкім жете алмас,
Жетеді оған тек қана
Қол ұстасқан екі жас...
Бұл өмірде мәңгі қол ұстасып жүріңдер, жұптарын ажырамасын, қосақтарын қос ағарсын. Бақытты болыңдар!!!

Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.

Ақ тілегін ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.

Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!
***
Құрметті тойшы қауым!
Бүгін міне Сырымның ауылында,
Алатаудың бауырында
жадырасып жарасатын,
жамырасып тарасатын,
балдай тәтті тілектер тыңдалатын,
ән тербеген жүректер нұрланатын,
қызығы күннен күнге жырланатын,
келмегендер қызықтан құр қалатын
бір тамаша той болып жатыр.
Ол - бүгінгі Айбол мен Назеркенің шаттыққа толы шаңырақ көтеру екені баршаға мәлім. Сол той тойларға ұласып жалғасын таба берсін!

Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!

"Махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болсын, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін!

Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын! Тату да тәтті өмір сүріңдер!

Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген бар,
Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.
Қос өзен сынды қос тағдыр бүгін қосылса,
Жарасым тауып жасалсын ізгі қадамдар.

Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,
Шамшырақ сынды жетелей берсін тәтті үміт.
Беу, қарақтарым, алтын тойды да тойлаңдар,
Отауларыңнан қуаныш кетпей, бақ күліп.

Көңілде көктем, махаббат гүлі, нұр гүлі,
Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.
Өрісі кеңіп, бабадан қалған әулеттің
Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.

Адами ғұмыр болары айқын бір нүкте,
Жақсылық келер, ынтымақ бар да, бірлікте.
Бас қосқан жастар сендерге үлкен тілегім –
Біріңе-біріңе сүйеніш болыңдар тірлікте.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бақыт қонып ақ отау түндігіне

Бақыт қонып ақ отау түндігіне

Жалғастырып кеше мен бүгінгіні, Еске сап ата дәстүр - бұрынғыны. Міне, тағы бас қосты ортамызда Екі жас ұнатқан соң бірін-бірі....
Жаңа жылға арналған құттықтаулар 2025 жыл

Жаңа жылға арналған құттықтаулар 2025 жыл

Сізді Жаңа 2024 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2025 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2025 жыл Сіздің...
Әпкенің сіңліге тілегі

Әпкенің сіңліге тілегі

Өмірге сыйлағандай көктем гүлін, Той болып қуаныш күн жеткен бүгін. Көтерген құтты болсын шаңырағың, Тілектес шаттығыңа әпкең бүгін....
25 жасқа арналған құттықтау

25 жасқа арналған құттықтау

Құрметті досым 25 жасың құтты болсын. Сені шын жүректен туған күніңмен құттықтай отырып саған зор денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін....
8 наурызға арналған тақпақтар

8 наурызға арналған тақпақтар

Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы, Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы. Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін, Отбасының жайын ойлап қамдаушы....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×