Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, бүгін туған күн мерекесі. Мүмкін сіздікі, әлде досыңыздың, немесе туған-туыстың т.б Міне сіз әдемі гүл шоғын алып, қымбат сыйлығыңызды сайлап, туылған күнге барасыз. Ол жерде әрине шын жүректен шыққан құттықтау тілектер айтылады. Кей кезде сол құттықтау, тілектер ойға түспей қиналатын кездер болады. Міне осындайда осы тілектерді жаттап алсаңыз, сіз міндетті түрде туған күн иесіне керемет тілегіңізді жеткізесіз деген ойдамыз. Сәттілік тілейміз!
Таудай талап, мызғымас сабырлық, қайтпас жігер, таусылмас талант, тамаша табыс, керемет кішіпейілділік, жайдары көңіл, ұзақ өмір тілеймін! Жадырап, жайнап күл, ойна, бақыттың сәтін күнде тойла!
Туған күнге арналған құттықтау тілектер:
Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!
Біздің өміріміз үлкен өзен іспетті. Сіздің қайығыңыздың қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!
Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар - тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!
Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!
Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!
Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса! Өмірің ой - шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!
Туған күніңізбен! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!
Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!
Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!
Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін.
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлең менен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлең менен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп,
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.
————
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
—————
Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!
Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!
—————
Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл - көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
—————
Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап,
сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.
*****
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы - мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос - жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
*****
Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ - дәулет қызығымен қатар берсін,
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм - тұзыңды тата берсін.
Осындай ойын - сауық бол берсін,
Үй - іші той - думанға тола берсін,
Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай
Баршаңа бақыт құсы қона берсін.
Осы үйге көп - көп қылып бала берсін,
Балаға таудай талап, сана берсін,
Бәрі де балалардың өнерлі боп,
Бақыты барған сайын жана берсін!
Осы үйге сұлу мінез келін берсін,
Келінге адал ниет, пейіл берсін,
Ақ көңіл, ата - анаға мейірімді боп,
Қызығын бала - шаға түгел көрсін!
Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.
(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),
Ағайын, туған - туыс, жекжаттарың –
Баршасы сау - саламат, өсіп - өнсін!
*****
Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе – үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!
*****
Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Отбасыңа тілейміз біз амандық,
Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.
*****
…. туған күнің құтты болсын!
Ағайын - туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
*****
Той - думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой - арман тілегіңіз.
*****
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық - қуанышыңыз мол болсын.
*****
Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.
******
Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.
*****
Жүрер жолыңыз ұзақ, шығар тауыңыз биік,
көрер қызығыңыз мол болғай!
*****
Шаңырағыңызға береке - бірлік, шадыман шаттық - қуаныш тілейміз
Тағы да құттықтау, тілектер:
Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек
1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау - тілектер
Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған құттықтау, тілектер
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау
Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар
Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек
Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)
Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)
Досқа арналған өлең шумақтары
Туған күнге арналған тілектер
Туған күнге тілектер, құттықтаулар
- ramuk_b
- 9 қазан 2022
- 1052692
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Туған күнге тілектер, құттықтаулар, тақпақтар, өлеңдер
Ұқсас жаңалықтар:
40 жас туған күнге арналған тілектер
Қырық жасқа толғаның – Қырдан асып қалғаның. Арманыңды жалға мың, Бақ сыйласын алды күн....25 жасқа арналған құттықтау
Құрметті досым 25 жасың құтты болсын. Сені шын жүректен туған күніңмен құттықтай отырып саған зор денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін....Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек
Қанша жұлдыз әлемде? Қанша теңіз әлемде? Сонша бақыт тілеймін Бақыты бол өмірде...Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)
Ағатайым, арқа сүйер ақылшым, … астан асып бара жатырсың. Ортаймасын күлкі күнің ешқашан, Бақыт тілеп өмір таңын атырсын....Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)
Тілеймін бұл өмірде бақыт саған, Тілеймін асқақ ойлы, нұрлы арман. Тілеймін шын махаббат, адал достық, Тілеймін бұл өмірде сәтті қадам!!!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.