Рухани - танымдық сүрлеулер
Құлақ болса тыңдар, туған күнде де сыр бар
Он жетісі күнгілер – еті тірі, қызығушылығы мол, ойының жүзеге асуына көп күш салатын, мүмкіндігі шексіз өнертапқыштар. Өзіне өзі сенімді, жеке болуды қалап, мақтанып та қоятыны бар.
Он сегізі күнгі туылғандар – ерекше қабілетті, жан - жақты, кез келген ойын жүзеге асыра алатын, ой - өрісі кең, соңынан кімді болса да ете алатын тіл табысқыш.
Он тоғызында туғандар – өз жұмысын түсінуге тырысып, өзіне, айналасындағыларға лайықты баға беріп, жұмысты жалғастырып кете алатын, нақты ойлауға дағдыланғандар. Үй жұмысына да белсенді. Жақсы көрген адамын көкке көтеріп, жек көргенін «жерлеуге» пейіл.
Жиырмасындағылар – мінезі жұмсақ, түсінігі мол, кең пейілді, ақкөңіл, өзге үшін өзін құрбандыққа шала беретін нәзік жандылар.
Жиырма біріндегілердің тілі шешен, өзгелермен оңай тіл табысатын, ақсүйектік өмірге бейім, назарда болғанды қалайды. Кейде мәселені тез түсініп, өз пайдасына шешер де мінезі бар.
Жиырма екісінде туғандар – өзіне сенімді, көргені мен өз білімінің арқасында тығырықтан шыға білетін, ұсақ - түйекке дейін ойланатын, ешкім ойынан қайтара алмайтын, бей - берекеттік пен қарадүрсіндікке жаны қас, материалдық қиындықтарға мән бере қоймайтын нағыз өмір сәулетшілері.
Жиырма үші күнгі туғандар: адамдарды жылдам еліктіріп әкете алатын, сөз қадірін терең түсінетін, сый - құрметке ие, намысына тигенді қаламай, көңіл күйін тез өзгертер, мінезі құбылмалы жандар.
Айдың жиырма төртінде туғандар – өзінің жақсы көрген ісіне жан - тәнімен кірісіп, тіпті демалуды да ұмытып, табысты аяқтайды. Отбасынан басқа жақыны жоқ. Олар үшін басқаның қол сұғуына жол берместен, қолынан келгеннің бәрін де жасайды. Айналасын әдемілікке бөлеп, одан үлкен ләззат алады.
Жиырма бесіндегілердің мінезі қалыпты, шыдамды, тәртіпті. Олар сылбыр көрінгенімен, барлық істі оймен істеп отырады. Ойға берілетіні сонша – өзге дүниені ұмытып та кетеді. Өзгелер кейде түсінбегенмен, олар өздерінің кім екенін анық біледі. Адамдармен қарым - қатынаста сенім мен адалдық және тазалыққа иек артады. Құпия ілімдерге құмарлықтары ерекше.
Жиырма алтысы күнгілер – ақыл үйретуге шебер, ақылды, мықты, жұмыстарды кең ауқымда жүргізе біледі. Даңқ пен байлыққа ұмтылуы үйлесімді. Отбасына сүйіспеншілігі мол. Қайырымдылық жасауға бейім.
Жиырма жетісіндегілер – өте іскер, ойға берілгіш, қиялын нақты өмірге айналдырып жібере алады. Құпия өмірдің жұмбағын шешуге күш салып, тосын нәрселер іздеумен болады. Ойға шому олар үшін демалыс.
Жиырма сегізінде туғандар – ұйымдастырушылық қабілеттері ерекше, қандай ортаға болсын кіріп кетіп, тізгінді өзгеге беруге пейілді емес. Олардың ойлау жүйесі өзгеше. Ерекшелігі: ойларын өзгелер арқылы жүзеге асыруға бейім тұрады.
Жиырма тоғызындағылар эгоистіктен құр алақан емес. Олар өзіне пайдалы болмаса, жаны ашып ешкімге көмектеспейді. Өздеріне керектіні біледі. Достары көп, қызығушылығының аясы кең.
Отызындағылар – көпшіл, әділ, сөзге шебер, талантты. Олар ойын, сезімін ашық айтады. Ірі істерді басқарып, мақсаттарына қол жеткізе алады. Оларға махаббат билік жүргізеді.
Адың отыз бірінде туғандарға әріптесі, жолдасы, отбасы адамгершіліктің қазынасы іспеттес. Олар көп нәрсені көңіл көзімен көретін туа біткен қабілет иелері. Сонысына орай олар таза, сенімді. Шығармашылығында ойын жүзеге асыруда, ой елегінен өткізе отырып, әбден кесіп - пішеді. Өзгелердің мәселесін шешіп беруді ұнатады. Ұсақ - түйекке назар аудара бермейді.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Құлақ болса тыңдар, туған күнде де сыр бар
- ramuk_b
- 9 қараша 2024
- 1028
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қай күні дүниеге келдіңіз, қызықты ақпараттар
Ұқсас жаңалықтар:
Ағаш біткеннің де сыры бар, оны да оқып, біліп ал
Наурыздың 22 - 31 - і арасы мен 24 қыркүйектен 3 қазан аралығында туғандар кәдімгі жалпиып тез өсетін үйеңкі ағашын өздерінің символы санайды екен....Ағаш біткеннің де сыры бар, оны да оқып, біліп ал
Ғалымдар адамдардың сүйген ағаштарына қарап, мінез - құлқын, қабілет - қарымының қандай екенін, қандай ауруға бейім екендігін білуге болатынын...Жиырма бесінші қазан бұл
Жиырма бесінші қазан бұл Жиырма бесі қазанның оу қазағым, Республика күні біздер тойлайтын. Кұтты болсын мерекең келіп жеткен, Қанмен бірге...Жиырма жылдық кездесу
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем, Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем. Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым, Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен....Жастық шақтар
Туған соң анаңыздан шықсаң бірге, Еңбектеп екі жаста жүрдің төрде. Үш жаста талпындыңыз үй ішінде, Төрт жаста қадам асып жүрдің жерде....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.