Сайтқа кіру Тіркелу

Пәлсапа пернелері

Пәлсапа пернелері
Джина Махавира
(б. д. д. 599 ж. Кундапур, Вайшали қаласының маңы – б. д. д. 527 ж. Павапур)
Джайнизм және джайндік философияның негізін қалаушы.
Будда Гаутаманың замандасы, личчхавтар тайпасының көсемі, Сиддхартраның баласы. Ақсүйектер (раджа - князьдер) отбасынан шыққан, кшатрийлер кастасына жатады. Каноникалық жазбаларға сүйенетін болсақ, махавира жастайынан жақсы білім алған әрі баты, әрі ержүрек, ешкімге ұқсамайтын еді. Ата - анасы дүниеден өткен соң, бәрін тастап 30 жасында аскеттік өмірге бой ұрып, ұзақ сапарға аттанады. Сол кездері әртүрлі рухани практикада джайндық канондар ацтқанындай көп нәрсенің көзін ашқан. Осыдан кейін ол өзінің ілімін қалыптастырды, кейін ілім ішкі қайшылықтарға қарамастан Үндістанда және басқа да елдерде әбден сіңісіп, бұл күндері аталмыш ілімді пір тұтатындардың саны – бірнеше миллионға жетіп отыр. Махавира (оны ізбасарлары «нирваға сапар шекті» деп санайды) күн көтерілуіне бір жарым сағат қалғанда, Пава қаласының маңында (қазіргі Патна деп аталатын жерден қашық емес) қайтыс болды.

Философиялық шығармалары мен көзқарастары:
Джайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары «Сиддханта» деп аталатын кітаптар жинағында келтірілген (б. д. д. ІІІ ғ.). Джайнизм («Джина» - жеңімпаз) – этикалық ілім. Джайнизм сансараға (жанның бір денеден екінші бір денеге көшіп жүруі), кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Джайнизмнің басты мақсаты – қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Джайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға құрбандықшалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансарадан құтылу қажет.
Джайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір - бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (акаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады.
Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әртүрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.
Джайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп, мәңгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екінші өмірдің ұзақтығын, үшіншісі тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты айқындайды. Ол сансарадан азат болу үшін «үш қазынаны» сақтау керек. Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім - тиртханкалар деп аталатын 24 - әулиенің іс - әрекетіне сену болса, дұрыс қылық - тазалықты, шындықты, сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты, т. б. сақтау. Ал шынайы білім - жанның шынайы мүшелері мен ақыл - ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып - білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл - ой болса, мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның үшінші түрі өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында жан алшақтығы және ұсақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында өз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жеккөрушілікті жеңген жан адамдардың қазіргі және өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.
Джайналардың пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатында әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер, келесі қабатта құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта құдайларға ұқсас джиндар орналасқан. Шындап келгенде, джайналардың пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз, қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкаларға (әулиелер) және джиндарға сену керек.
Джайнизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Джайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.

Философиялық афоризмдері:
«Мен сізге және сіздің іліміңізге түпкілікті сену үшін, маған бір ғажайып көрсетіңізші». Ұстаз қапалана күлімсіреп, бір ғажайыпты көрсетеді. Сонда әлгіадам жалынғандағыдай қызулықпен оның аяғына жығылады. «Мен енді сізбен бірге боламын». Бірақ Ұстаз оған есікті көрсетеді: «Ал енді сен маған керек емессің» (Үнді даналығы).
* * *
Үлкен ағаштар басқаларға көлеңке болып, өздері күн астында шыжып қалып қояды (Үнді даналығы).

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Пәлсапа пернелері: Ежелгі Үндінің философиясы

Пәлсапа пернелері: Ежелгі Үндінің философиясы

Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет - ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа...
Заратуштра (шамамен б. д. д. 628 – 551 ж. ж.)

Заратуштра (шамамен б. д. д. 628 – 551 ж. ж.)

Зороастризмнің негізін қалаушы, абыз, осыдан үш мың жыл бұрынғы азиялық Ұлы Даладағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі...
Ежелгі шығыстың философиясы

Ежелгі шығыстың философиясы

Ежелгі Шығыс философиясы б. д. д. Х ғасырынан басталады. Бұл қола дәуірінен темір дәуіріге көшу, рулық - тайпалық құрылымның ыдырауы, тауар - ақша...
Төменгі саты

Төменгі саты

Әлбетте, фәни өмірді дұрыс түсіне білген Абай тәрізді данышпандар оның заңдылықтарын дұрыс ашып, қиындықтарын тура айтады. Бұл адамдардың жүрек...
Жан иелерінің дәрежелері мен жетілу жолдары

Жан иелерінің дәрежелері мен жетілу жолдары

Екінші сатыдағыларды Абай «адам» деп атайды. Бұлар фәни өмірдің қызығына алданып, материалдық әлемнің заңдылығынан шыға алмай жүргендер. Бұларды...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×