Шешендік сөздер
Бір сөзден тұратын өсиет
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас - жораларын ертіп, өзінің даналық тапқырлық сөзімен мәлім Әнет бабаға сәлем беріп, кәрі құлақты қариядан тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, тағылым алады екен. Бірде сол әдетімен Әнет бабаның үйіне келіп түседі. Қарт бұрынғыдан әжептәуір қартайып қалса да, сыр білдірмейді. Қазыбектің жора - жолдастарын, өзін жақсы қарсы алып, мал сойғызып қазан көтертеді. Сол ауыл маңындағы қариялар, жайсаңдар жиналып әңгіме - дүкен құрады.
Ертеңіне Қазыбек жол жүруге қам жасап, сапар алдында Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып беруін өтініпті. Бірақ Әнет баба: "Қазыбекжан - ай, жасы келіп, қартайған, қасынан жар тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не өсиет сұрайсың?", - деп ештеңе айтқысы келмейді. Бірақ бірбеткей Қазыбек шешен Әнет бабаның бір ауыз өсиетін тыңдамай еш жаққа кетпейтінін білдіреді. Сонда Әнет баба Қазыбектің бұл қылығына күле қарап: "Болмадың ғой, айтайын", - деп сәл ойланып, —"Әкім" деген сөзді жадыңда сақта "депті. Қазыбек шешен Әнет бабаға алғысын білдіріп, жора - жолдастарын қасына ертіп, еліне қайтады. Ол жол - жөнекей өзімен еріп келе жатқан нөкерлерінен: "Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңдар ма?" - дейді. Бірақ бұл сұрағына ешкім үндемейді. Сонда Қаз дауысты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетін былай шешіпті: — "Ә" дегені — әділ бол, — "К" дегені — күншіл болма, көпшіл бол, — "І" дегені — ілтипатты бол, — "М" дегені — менмен болма, мейірбан бол, - дегені. Сонда Қазыбектің жолдастары Әнет баба мен Қазыбек бидің жан - дүниелерінің тереңдіктеріне, бірін - бірі түсінген үндестіктеріне сүйсініп, таң қалысыпты. Сөйтіп Әнет бабаның бір сөзден тұратын өсиеті ел арасында кең тарап, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жетіпті.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Бір сөзден тұратын өсиет
- ramuk_b
- 6 қаңтар 2021
- 2874
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шебер шешім, көркем сөздер, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, тағылым
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №26
Қазір Абай ауылы Қызылқайнар деген жерде қоныстап отыр. Қарабатыр, Әнет, Торғай мен Топайдан талай ауыл көршілес қонған. Үй ішінде Абай мен Әбіш...Композицияда туындының болмысын ашу. «Ертегі кейіпкерлері»
Композициядағы туындының болмысын ашу, яғни ертегілердегі кейіпкерлерді композициялық тұрғыдан қарастырып оқушыларға түсіндіру....Сөз асылы - шешендік
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға шешендік сөздер терең оймен, шебер тілмен айтылатын халық шығармасы екені жайлы түсіндіре отырып, Төле би, Қазыбек...Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Ашық сабақтың тақырыбы: Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы...Қалмақан Әбдіқадыров "Қажымұқан"
Ақтөбе облысы, Алға ауданы № 1 Алға мектеп-бақшаның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тилеуберди Айжан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.