Салт - дәстүр сөйлейді
Құмырсқаға тиіспе
Қазақ халқы құмырсқаға құрметпен қарайтын болғандықтан, оны жөнсіз өлтіруге болмайды деп санайды. Себебі құмырсқа діни аңыздарда Нұх пайғамбардың кемесіне азық тасуға жәрдемдескен екен.
Нұх пайғамбар кеме жасап болған соң, Тәңірден:
Уа, Тәңірім, мынадай алып кемеге мұншалықты көп азықты қалай жинаймын? – деп сұрайды. Жаппар Хақ:
Құлым, қам жеме. Мен – шебер Алламын! Кемең ертең азыққа толады, - дейді. Ертесіне қисапсыз құмырсқалар аузына бір - бір дәннен тістеп, кемеге астық тасиды. Нұх оларға риза болғандықтан, құмырсқа кемеге бірінші болып кіреді.
Жүсіп пайғамбар сегіз жыл зынданда жатқанда аштан өлу қаупі туады. Сонда Алланың әмірімен құмырсқалар азық тасып, Жүсіпті асырайды. Жүсіп пайғамбар оларға риза болып:
Илеуің бұзылмасын, ешкім саған жәбір көрсетпесін, - деп бата беріпті. Содан бастап қазақ арасында «құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды» деген ырым қалыпты деседі.
Тағы бір аңызда құмырсқа Сүлеймен пайғамбарға ақыл - кеңес беріпті. Бірде Сүлеймен құмырсқаға қонақ болады. Үйіне қайтқалы жатқанда Мәзере құмырсқа:
Сүлеймен, бір қолқам бар, - дейді.
Құлағым сенде, - дейді.
Біз кішкентай болғандықтан, адамның аяғының астында қалып, өліп қалып жатамыз. Бұдан былай әскерің қызыл жалау ұстап жүрсін. Қызыл түсті көргенде тапталмас үшін біз жол беріп қашайық, - депті.
Дегенің болсын, - деп құмырсқамен қоштасады. Содан бері Сүлейменнің әскері қызыл жалау ұстап жүретін болыпты. Құмырсқалар да әліге дейін қызыл жалау көрсе, індеріне қашады екен. Сондықтан да бағбандар бау - бақшаға құмырсқа қаптап кетсе, қызыл шүберек байлап қояды. Оны көрген құрт - құмырсқа дереу індеріне тығылып, бақшаға жоламайды екен. Кейбір кісілер үйлерін құмырсқа басып кеткенде дәрі шашып қырмайды. Бөлмеге қызыл матадан жасалған майда жалауларды қадап шығады. Туларды көрген жәндіктер аз уақытта көзден ғайып болады екен.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Құмырсқаға тиіспе
- ramuk_b
- 28 қыркүйек 2020
- 6595
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ халқы құмырсқаға құрметпен қарайды, Құмырсқа туралы аңыз
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз көже жайында аңыз
Қазығұртқа Нұх Пайғамбар кемесі күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл наурыз айының 21 - нен 22 - не қараған түні екен. Пайғамбар топан су...Құмырсқа туралы ертегі
Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты....Құмырсқалар туралы мәлімет
Құмырсқа – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді....Аяз би
Аяз би Жаманұлы – қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз...Сол желтоқсан неткен суық еді (өлең)
Сол желтоқсан неткен суық еді, Айда сол кезде шалқасынан туып еді, Құмырсқа екеш құмырсқа ие елеуіне, Иелікке қаңғыған біреу келіп еді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.