Адамның жүрегі қандай болса тілінен сондай сөз шығады.
Ақкөңіл, сабырлы, даналығымен аты шыққан бір адам өмір сүреді. Оның кіріскен әрбір жұмыс сәтті аяқталатын. Барлығы құрметтеп, кеңес алу үшін оған жиі келетін. Бірде үйіне үнемі қызғанатын көршісі келеді. Көршісі тәкәппарланып айтады: - Өмірімде барлық нәрсе бар! - Тоқшылықта өмір сүремін. Бірақ маған қарағанда қаламызда сені көп құрметтейді. Қалай ойлайсың мен кімге ұқсаймын? Дана адам жымиып айтады: - Құдайға ұқсайсың. Қызғаншақ көршісі мәз болып күледі. Бірақ досына бір жамандық жасағысы келіп айқайлайды: Ал сен қоқысқа ұқсайсың! Маған қаладағы барлық адамның саған келетіні түсініксіз! Дана адам ештеңе жауап бермейді, жәй жымияды. Көршісі одан сайын ашуланып: - Мені Құдай деп атадың, мен болсам сені қоқыс дедім, менің сөздеріме неге ренжімейсің? Дана адам: Мұның несіне ренжимін, - деп жауап береді. - Кім өзінде Алланы таныса сол адам басқа адамдардан да Алланы көреді. Ал кімнің іші қоқысқа толы болса ол адам айналасынан қоқыстан басқа ештеңе көрмейді.
Бір ғұламадан біреу: – Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулері көре алмас, күншіл келеді?, – деп сұрапты. – Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иіс сезбейді. Адамдардың екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез келген жерден гүл іздейді. Мысалы: мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез келген ортада Алланың хикметін көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек - аяңға үйір болып, кісілердің ұсақ - түйек кемшіліктерін жиып - теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды, – деп жауап беріпті ғұлама.
Адамның жүрегі қандай болса тілінен сондай сөз шығады
- ramuk_b
- 18 қазан 2019
- 2452
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дана адам, даналық, адамның жүрегі, адалдық туралы ғибратты әңгіме
Ұқсас жаңалықтар:
Ашуды қалай жеңуге болады?
Мақсаты: - Агрессиядан арылу - Ашуды жеңу техникаларымен таныстыру...Поэзия
Поэзия! менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім....Туған жер
Шықшы тауға, қарашы кең далаға Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?...Жағымпаздың соңғы қатесі
Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл әрі өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды...Жақсылық жасай білейік
Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет, сүйіспеншілік құндылықтарының мәнін ашу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.