Сайтқа кіру Тіркелу

Улы газ - өте қауіпті

Улы газ - өте қауіпті

Улы газдың ең қорқынышты қасиеті оның ешқандай иісі жоқтығында. Демек ауада оның бар - жоқтығы арнайы жабдықсыз анықтау қиынға соғады. Жалпы улы газбен улану күтпеген жерде болады. Себебі зардап шегуші біраз уақыт оның буымен тыныс алғанын мүлдем сезбейді.
Улы газбен уланудың белгілері: бастың айналуы және бастың ауруы, сананың бұлдырауы, тұншығу, бұлшық еттердің әлсіреуі, құлаққа шудың естілуі, лоқсу, құсу, ұйқышылдық болып табылады. Кейде керісінше, аз уақытқа қозғалыстың белсендеуі, артынан қозғалыс үйлесінің бұзылуы, сандырақтау, галлюцинация, естен тану, тырысу, ессіз күй кешу. Егер зардап шегушінің тыныс алуын дер кезінде таза ауамен қамтамасыз етпесе, оның қайтыс болуы әбден мүмкін.
Улы газдың ең кең таралған көздері - пайдаланылған газды шығаратын газ және май пештері, қатты отынмен жанатын пештер, газ құралдары, су жылытқыштары мен қозғалтқыштар. Пештердегі сызаттар, бітелген түтіндік, шығырланған құбырлар улы газдың тұрғын бөлмелерге таралуына әкеліп соғуы мүмкін. Пешке таза ауаның жеткіліксіз кірмеуі де үйдің ішінде улы газдың жиналуына әсер етеді. Үйлердің тар құрылыстары да улы газбен улану қаупін жоғарылатады. Өйткені еркін желдетуді қамтамасыз етпейді.
Улы газбен уланудың алдын алу үшін келесі шараларды сақтау қажет:
- жылыту маусымы қарсаңында үйдегі пештерді тексеру және жөндеу;
- барлық түтіндік құбырлары мен олар өтетін қабырғаларды әктеу;
- тұрақты түрде, кем дегенде екі айда бір рет түтіндіктер мен пештерді ішінде жиналған күйеден тазарту;
- пешті пайдаланған кезде көмір толық жанбағанша жапқышты жаппау;
- көмірді үй ішіндегі алау ошаққа жақпау;
- үйді жылыту үшін газ плитасын, пештерін пайдаланбау;
- газ құралдары пайдаланатын бөлмелерде ұйықтамау;
- газ құралдарын қолданған кезде ауа сорғышты орнатып, қосу.
- газ құралдары орнатылған бөлмелерді әрқашан желдету.
Қылышын сүйретіп қыс келеді. Жоғарыда аталған ұсынымдарды қатаң сақтай білсек, улы газбен улану оқиғаларына жол берілмейтін болады
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Электр тоғынан зардап шегушіге алғашқы көмек

Электр тоғынан зардап шегушіге алғашқы көмек

Электр тоғының немесе найзағайдың - атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе...
Өндірістерде өрт қызметін ұйымдастыру. Өндірісте өрттің болу себептері

Өндірістерде өрт қызметін ұйымдастыру. Өндірісте өрттің болу себептері

Өндірістік кәсіпорында, көлікте, және тұрмыстағы өрттер адамдар үшін қауіпті және үлкен материалдық шығын алып келеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз...
Бас ауруының себептері

Бас ауруының себептері

Мигрень (бас сақинасы): Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу...
Қорылдаудың себептері және одан құтылудың жолдары

Қорылдаудың себептері және одан құтылудың жолдары

Ауа мұрын жұтқыншағы мен ауыз жұтқыншағының артқы бөлігі арқылы қиындықпен өткен жағдайда қорыл пайда болады....
Термодинамиканың бірінші заңын изороцестерге қолдану

Термодинамиканың бірінші заңын изороцестерге қолдану

Сабақ мақсаты: • Изопроцестер туралы түсінік қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру, термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану, заттың жылу...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×