Теміреткіні қалай тез кетіруге болады?
Мен көп жылдардан бері денсаулыққа қажетті ем - дом түрлерін жинақтаумен айналысамын. Оны кітап жазу немесе адам емдеу үшін емес, өмірде түрлі жағдайларда керек болып қалар деген ниетпен бастағанмын. Уақыт өте келе сол жазбаларым үлкен бір дүниеге айналды. Қазір бұл емнің шарапатын немерелерім көріп отыр. Оларды кейбір сырқаттардан кемпіріміз екеуміз дәрігерсіз - ақ емдеп жазып алып отырмыз. Сол жазбаларымның ішінен бүгін теміреткіден тез құтқаратын амал жайлы арнайы жазып отырмын.
Теміреткіні ежелде қазақтар тобылғының майымен жазатын. Оны теміреткінің үстіне жақса, қышығанын қойдырады. Күн сайын жағып отырса көмектеседі. Дегенмен бүгінде от жағып, май сығып отыру оңай шаруа емес. Ал мына амалдарды қазіргідей қыс ауасында да жасай беруге болады.
1. Ащы өрік дәнін майдалап жаншып, сірке суына араластырып отқа қыздырады. Дәріні мақтамен теміреткінің үстіне күніне бір рет жағып тұрса санаулы күнде орны да қалмайды.
2. Қара қорғасынның (черный оконит) 10 грамын (кептірілген) талқандап, сірке суына араластырып, теміреткінің үстінен орай байлап тастаңыз. Қара қорғасын өте улы болғандықтан оны үш күннен артық қолдануға болмайды. Оны жас балаға да қолданбаңыз.
3. Қымыздық (щавель) шөбінің кептірілгенін алып, талқандап, күніне 3 рет ас алдында ыстық сумен ішсе де теміреткіні кетіреді.
Міне, осы амалдар көрікке сын болып тұрған теміреткіден тезірек құтылуға сеп болады.
Қайбар ЫБЫРАЙЫМОВ.
Жамбыл облысы.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Теміреткіні қалай тез кетіруге болады?
- ramuk_b
- 6 маусым 2019
- 21600
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Теміреткіні қалай тез кетіруге болады, теміреткіні емдеу, халық емі
Ұқсас жаңалықтар:
Ас содасының емдік қасиеттері
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады....Бел ауруын керосинмен емдеу
Жасы келген адамдардың қыс ауасында сәл суық өтсе белі сырқырап ауыратыны бар. Бұл дерт, егер қателеспесем, қырықтан асқан әрбір төрт азаматтың...Қара қойдың өкпесімен емдеу
Бала кезімде ойнап жүріп ағаштан құлап, шынтағымды шығарып алған болатынмын. Содан бері сол шыққан жер ойнамалы болып қалды....Өттегі тасты қалай түсіруге болады?
Өт қалтасындағы тастардан бір - ақ тәулікте құтылудың мынадай оңай жолдары бар....Бас ауруы, емдеу жолдары
Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.