Жиен туралы
Қазақ қыздарынан туған баланы " жиен" деп, оларды ерекше еркелетеді. Қанша еркелесе де, əуре - сарсаңға салса да "Иттің күшігі "деп күле қабылдайды. Жиендер ұнатқан нəрселерін сұрамай əкетсе, "Əлгі күшік тістеп кетті"деп риза болады.
Бұл тартудың "Жиенқұйрық " аталу себебі: Ертеден Қайқы атты бидің жақсы көретін ақылды Смет деген жиені болыпты.
Смет нағашысына барып:- Ата, маған келесі жылғы төліңізден он қозы беріңіз десе, атасы: Қой құйрығында түймесі бар қозы туса саған берем - депті. Келесі жылы барлық қой түймесі қозы туыпты. Көрген ел: Бұл қалай болғаны?- десе, нағашысы: Бұл түгелімен Жиенқұйрық - депті.
Келесі жылы жиені келіп атасына: "Осы ешкілердің алған төлді маған беріңізші - депті, жайылып жүрген 20 ешкіні көріп, нағашысы: Жиенжан еркек болса лақтары сенікі, үстіне тағы бір лақ қосып берем - депті. Келесі жылы 20 ешкі 40 еркек лақ туыпты.
Нағашысы сөзінде тұрып, лақтарың беріпті.
Лақтарды айдап кетіп бара жатқан жиеніне қарап атасы: Жиен келгенше ауылға, жеті бөрі келсін - депті. Қазақта жиенге 40 серкеш атау осыдан қалған.
Самат бір жылда тағы келіп нағашысына: Келесі жылы бие шұбар құлын туса, маған беріңіз - депті.
Құлындаған биеден 40 шұбар құлын туыпты.
Қайқы би 40 құлынды жасырып, жиеніне: Ойбай Жиен, биелер шұбар құлын таппады - деп алдап, жиеніне тана - торпақ беріпті. Жиені, атасының алдағаның біліп. ренжіп кетеді.
Көп кешікпей Қайқы бидің малы қырылады.
Сол кезде: Жиеннің назасы жаман - депті Қайқы би. Сондықтан қазақ жиені не сұраса соны беретін болыпты.
Ал "Жиенқұрық"- деп атауының шығу себебі нағашысы ауылына келген жиеніне қолына құрық беріп: Өзіне ұнаған малға құрық сал - дейді.
Демек ұстаған құрық тиген мал жиені еншісі болған. Көбіне қазақтар "Жиенқұрық"- деп, үйіне алғаш келген жиенге қазіргі заманда қозы - лақ немесе мал атайды.
Қазақтар негізінен "Жиенқұрық" тартуы көп қолданады.
Этнограф Райхан Матаева
Жиен туралы
- ramuk_b
- 7 мам 2019
- 8260
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Жиен туралы, жиенқұйрық, жиенқұрық, жиен мен нағашы
Ұқсас жаңалықтар:

Үш аю
Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және...
Дос іздеген Бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды...
Нағашы жұрт жайлы
Нағашы жұрт - туған ананың әке-шешелерінен бастап, барлық аталас ағайын-туыстары мен үрім-бұтақтары. Нағашы (ер, әйел) - ананың төркін жұрты. Нағашы...
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын, Кім білсін, қандай екен ішкі сырын. Әдепсіз, молда алдында тасыраят, Біле алмай отыруды әнтек қырын....
Cowдың бастан кешкендері
Ерте, ерте, ертеде аспандағы орманда animals ерекше өмір сүріпті. Ну орманға саяхаттап шыққан сow талдан - талға секіріп жүрген horsesті, жайылып шөп...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.