Сайтқа кіру Тіркелу

Бедеулікке шипа болар үш тәсіл

Ешқандай оқу орнында үйретпесе де, барлық адам бала «жасауды» біледі. Алайда отбасы құрғанның бәрі балалы емес. Неге? Бала «жасаудың» бір - ақ әдісі болғанымен, балалы болуға көмектесетін медициналық клиника да, білікті маман да көп. Бұл орайда еркек пен әйел ағзасына жәрдемдесетін дәрі - дәрмекте де сан жоқ. Бірақ, неге үйленіп жатқанның бәріне бірдей ата - ана атану бақыты бұйырмайды? Мен себеп - салдары туралы емес, бұл мәселеден шығудың көп адам ескере бермейтін үш әдісі жөнінде жазбақпын. Білем, сіз бармаған клиника мен есігін қақпаған дәрігер қалмаған шығар?! Жүкті болуға және бедеулікке шипа болар дәрінің түр - түрін қабылдаған боларсыз. Ал, ертеден келе жатқан қазақ емшілігінің қоржынын ақтарып, апа - әжелерімізден қалған ырым, сенімге және қасиетті сүре - аяттарға жүгініп көрдіңіз бе?

1 - ТӘСІЛ: Үш құдықтың суы Бақсылық жолын ұстанған әжем Бекзада көп отбасының балалы болуына себепші болған. Марқұм әжем бедеу әйелдердi құдық суымен емдейтін еді. Иә, әйелдердегі бедеулiктi емдеуге үш құдықтың суы қажет. Ем айдың толған кезеңiнде әрi бейсенбi күнi жүргiзiледi. Бейсенбi күнi таңертең Күн ұясынан әлi көтерiлмеген уақытта бiрiншi құдықтан 1 литр су алыңыз. Түсте, түскi уақытта екiншi құдықтан да осындай мөлшерде су алыңыз. Ал, үшiншi құдықтан кешке, Күн ұясына батқан соң алу керек. Меніңше, құдық суын табу қиын емес. Әлі де көп ауылда құдық бар. Үш құдықтың әрқайсысынан алынған суды қосып, үш литрлiк банкаға құйыңыз. Сосын ол суға аметист деп аталатын асыл тасты салыңыз.

Аметист тас суда бір түн тұруы керек. Ертеңіне, яғни жұма күнi таңертең ашқарынға жүктi бола алмай жүрген әйелге осы шипалы суды iшкiзу керек. Емді бала көтергенше ай сайын ай толған кезде жасаған жөн. Емге қолданатын аметист тасты табиғи асыл тастар сататын дүкендерден таба аласыз. Оны зергерлік бұйым жасайтын орындардан да сұрастырып көріңіз, бағасы қымбат емес. Емдік қасиеті немен байланысты? Байқасаңыз, еліміздегі қасиетті орындар саналатын – кесенелер мен әулие - әмбие күмбезінің көбісінде құдық бар. Неге? Бұны сіз білмесеңіз, мен де білмейді екенмін. Білетінім, құдығы бар қасиетті орындарда жатқанның бәрі де (Укаша сахаба, Қ. А. Ясауи, Арыстан баб, Гаухар ана, Ақбура әулие т. б.) ілімді, білімді, дін жолын ұстанғандар. Ал, асыл тастармен емдеу әдiсi мыңдаған жыл бұрын пайда болғаны тарихтан белгілі. Аметист тасының адам мүшелерiнiң рухани - қуаттық өрiсiн ретке келтiрiп, сырттан керi әсер ететiн терiс қуаттарға қалқан болатын қасиетiн Гиппократ та, Ибн Сина мен Әл - Бурини де және Әл - Фараби мен Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлы да дәлелдеген. Олардың жазбаларында «аметист – жүйке жүйесiнiң бұзылыстарын реттейдi» деп жазылған.

2 - ТӘСІЛ: Түйенiң бақайшық майы «Қазақ емшiлiгi» (Алматы, «Қайнар» баспасы, 1995 ж.) деп аталатын кiтапта қазақ емшiлiгiнде ертеден қолданылып, ауруды сауықтыруда жақсы нәтиже берiп келе жатқан емнiң 300 - ден астам түрi келтiрiлген. Бұл кітапта бала көтере алмай жүрген әйелдерге арналған ем де бар. Онда «Балалы бола алмай жүрген әйел түйенiң бақайшық майын алып, оған түйенің түбiт жүнiн шылап, етеккiрi арылғанда қынап мойнына қойса, бала көтеруге себепшi болады» деп жазылған. Емдік қасиеті немен байланысты? Топыраққа түскен дән қыста емес, жер бусанып жылығанда – көктемде өніп шығатыны секілді, әйел бойы суықтан арылмайынша онда бала да пайда болмайды. Ал, түйе бақайшық майы мен түбіті әйел ағзасындағы бүкіл суықты және суықтан болған кінәраттарды өзіне «сорып» алады екен. «Денеден тер шықпай дерт те шықпайды».

3 - ТӘСІЛ: Мәриям сүресінің үш аяты Құрандағы 19 - сүре – Мәриям сүресі деп аталады. Мәриямның ешқандай еркекке жақындамай - ақ жүкті болғанын меніңше, көпшілік білсе керек. Ендеше, жүкті бола алмай жүрген әйелдер неге осы қасиетті сүрені оқып, Алладан бала тілемеске?! Бұл қасиетті сүре 98 аяттан тұрады. Егер, оны оқу қиындық тудырып жатса, мынандай үш аятын (1 - ші, 5 - ші және 9 - шы аяттарын) күнде оқып, сәбилі болуды Жаратушыдан сұраңыз. Бисмиллахир рахманир рахим. (Қазақша мағынасы: Аса қамқоршы, мейірімді Алланың атымен бастаймын). Кәф Һә Иә Ғайн Сад. (1 аят) (Бұл әріптердің мағынасы Аллаға ғана аян). Уа Инни Хифтуль - Мауалийа Мин Вараъи Уа Канатимраъати ъакираан Фахаб Ли Мин Лядунка Уалийаа (5 аят) (Қазақша мағынасы: Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын.
Сондай - ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр!) Каля Казалика Каля Раббука Хуа ъаляййа Хаййинун Уа Кад Халяктука Мин Каблю Уа Лям Таку Шайъаа (9 аят) (Қазақша мағынасы: «Міне солайша» деді. Бірақ Раббың: «Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің» деді). Бұл үш тәсілдің қайсысын қолдансаңыз да баланы құдіреті шексіз Алладан сұраңыз. Өйткені, Құранның Шура сүресінің (42 - ші сүре) 49 - 50 - ші аяттарында: «Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа қыздар, кімге қаласа ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп - жұбымен береді. Сондай - ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол толық білуші әрі аса құдіретті» делінген.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×