•Ұн - 500 гр.,
•Сары май - 100 гр.,
•Жұмыртқа - 1 дана,
•Қант - 1 ас қасық,
•Тұз - 1 шай қасық,
•Ас содасы - 1 шымшым,
•Су.
Жасалу жолы:
1.Үлкен ыдысқа ұнды салып, ортасына ұңғыма жасаймыз. Ортасына сары майды ерітіп құямыз, жұмыртқаны саламыз.
2.2 стақан жылы суға тұз, қантты ерітеміз де, ұнға біртіндеп құйып, қаттырақ қамыр илейміз.
3.Қамырды 30 минутқа иі қанғанша жауып қоямыз.
4.Қамырды 3-4 күлшеге бөліп, әрқайсысын 0,5 см қалыңдықта жаямыз.
5.Енді жайылған қамырды 3-4 сантимерлік сызықша етіп кесіп, әр сызықты 0,5 см-дей таяқшаларға бөлеміз.
6.Бауырсақты майға қуырамыз. Осымен бауырсағымыз дайын.
Ас болсын!