Сайтқа кіру Тіркелу

Ораза 2022 жыл

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.

Жиынды ашқан ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы басталады. Мұсылман үмбеті үшін Рамазан – ерекше ай. Мейірім мен кешірімге, сауапқа толы айды әдеттегідей өз деңгейінде өткізуді Алла нәсіп етсін! Осы айда мейлінше қайырымдылық іс-шараларды көбірек атқаруға шақырамын» деді.

Төралқа мәжілісінде наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын, Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданғанын атап өтті. Мәжілісте «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин қасиетті айда атқарылатын қайырымдылық іс-шаралар туралы Бас мүфтиге баяндады.

Айта кетсек, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 2 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Бұл түннің “Қадір түні” деп аталуының екі мәні бар: Біріншісі – адамдардың келесі жылғы өмірі мен өлімі, ризық - несібесі, тағдыры белгіленетін түн. Екіншісі – Қадірлі, қасиетті, ұлық түн. Мың айдан артық бұл түн – өзге түндерден қадірі асқақ, олардан ұлық, берекесі мол. Сол себепті де «қадір - қасиеті мол түн» деген атауға ие.

Қадір түні - берекелі түннің сауабынан мақұрым қалмау үшін не істеген дұрыс, қалай өткізген абзал? Бұл түні жасалуы тиіс сауапты істерді былайша тізбектеуге болады:

1. Намаз оқу: тәһәджүд намазын, қаза намаздарын, түрлі нәпіл намаздарды оқыған дұрыс. Ардақты Пайғамбарымыз (с. а. у.): «Кімде - кім қадір түнінің қасиетіне сеніп, ондағы сауабына кенелемін деген мақсатпен намаз оқыса, онда оның өткен күнәлары кешіріледі»[4], – деген

2. Құран оқу.

3. Алладан кешірім тілеп, Одан дүние - ақіретімізге пайдасы тиер нәрселерді сұрау. Айша (р. а.) анамыз Алла елшісінен (с. а. у.): «Егер Қадір түніне дәл түссем, онда қандай дұға айтайын», – деп сұрайды. Оған (р. а.) Пайғамбарымыз (с. а. у.): «Мына дұғаны оқы: «Аллаһуммә иннәкә ғафуун тухиббул ғафуә, фағфу ғанни»,- деп жауап береді. Мағынасы: «Уә, Жаратушым! Шынында сен жарылқауды жақсы көресің. Мені жарылқай гөр».

Атақты әрі Беделді Хадисші Суфуанус Сәури өзінің бір сөзінде: «Бұл түні дұға етіп, Алладан кешірім сұрап, тілек тілеу – мен үшін намаз оқудан қайырлы. Егер Құран оқып, артынша дұға етіп отырса тіптен жақсы» деген. Себебі, бұл түн – көптеп, Аллаға дұға етіп, кешірім тілеу түні.

4. Дұғамыздың арасында: Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, иман тілеуді де ұмытпағанымыз жөн. Сондай - ақ, әлемнің түкпір - түкпірінде жәбір көріп жатқан мұсылман бауырларымызға Алладан жәрдем сұрайық.

5. Пікірлеу. Алланың ұлықтығы, Исламның ұлықтығы, Құранның ұлықтығына ой жүгірту. Айтылған уағыз - насихаттарды көкейге түю.

6. «Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллахил Ғазим», «Астағфирулла», «әлхамдулилла», «Аллаһу әкбәр», «Лә иләһә иллаллаһ» сынды зікірлерді көбірек айту. Міне, осындай сауапты амалдарды орындай отырып, 83 жылдық сауапты бір түнде қоржынымызға жинап алайық, құрметті мұсылман қауым. Алла істеген қайырлы істерімізге еселеп сауаптан жазсын!

Пiтiр садақасы дегеніміз:
Пiтiр садақасы – дененiң зекетi немесе нисап мөлшерiндегi байлыққа ие (85 грамм алтын) мұсылманның беруi тиiс садақасы. Пітір садақасын Рамазан айы басталысымен алғашқы күннен бастап - ақ беруге болады. Бұл садақаның Ораза айт намазына дейін берілгені дұрыс. Айт намазынан кейін берілген садақа пітір садақа емес, жай ғана садақа болып есептеледі. Пітір садақа тек тірілер үшін беріледі, қайтыс болған адам үшін жәй садақа беруге болады. Пітір садақасын берерде ниет ету керек. Бірақ, пітір садақасын берген кісіге оның садақа екенін айту қажет емес.

Ораза ұстағанда сәресінде және ауыз ашарда оқылатын дұғалар
Ораза туралы мәлімет
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бес асыл, бес дұшпан

Бес асыл, бес дұшпан

Бес асыл, бес дұшпан Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз... Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ, Бес...
Ораза ұстағанда сәресінде және ауыз ашарда оқылатын дұғалар

Ораза ұстағанда сәресінде және ауыз ашарда оқылатын дұғалар

Оразаның үш парызы бар: 1) Ниет ету. 2) Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау. 3) Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта...
Ораза және намаз уақыттарының кестесі (2017 жыл)

Ораза және намаз уақыттарының кестесі (2017 жыл)

Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады....
Имандылық – ізгіліктің негізі

Имандылық – ізгіліктің негізі

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...
Дін - тәрбие бастауы

Дін - тәрбие бастауы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Имамадинова Оразгүл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×