Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев жайлы
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым. Қазақстан ҒА академигі (1952), техникалық ғылымдардың докторы (1969), үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982). 1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
Отбасы
Димаш Ахметұлы, өзі айтпақшы, тұп - тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан жұбайы Зуһра Шәріпқызына деген махаббатын өмір бойы жанына жалау ғып өткен, өле - өлгенше сыйласқан. Кішіпейіл де жайдары Зуһра Шәріпқызы «ұлықтың әйелімін» деп кергуді білмеген. Көпшілдігімен, қонақжайлығымен ағайын - туыс пен дос - жаранның көңілін таба білген. Қайын атасы Меңдіахметтің дәрет алар суына дейін жылытып беретін әдетінен бірде - бір рет жаңылмаған ол ибалы мінезімен ата - енесіне, еліне жаққан сыйлы келін болған. Сондай - ақ Зуһра Шәріпқызы қолынан өнер тамған ісмерлігімен, еңбекқорлығымен де дараланған.
Өз перзентінің болмағанына қарамастан, Димекең бала көрсе еркелеткісі келіп тұратын өте бауырмал адам болыпты. Содан да інісінің балаларын әкелік мейіріммен бауырына басқан, олардың және басқа да іні - қарындастарының оқып білім алуына, дұрыс тәрбиеленуіне себепші болып отырған.
Еңбек жолы
Еңбек жолын тау - кен инженері болып бастап, Балқаш мыс қорыту комбинаты мен Лениногор қорғасын - мырыш комбинаты сынды еліміздегі ең алып өндіріс орындарында қызмет істеген Димаш Ахметұлы бірте - бірте Ғылым академиясының президенттігіне жоғарылаған. Одан кейінгі өмірінің бәрі де партия - кеңес органдарында, Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінде қызметте өтеді. 10 жылдай Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде төрағаның орынбасары, төраға, 27 жыл Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы, 21 жыл СОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болады.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірінің хронологиялық тізбесі:
1912 – 12 қаңтарда қазіргі Алматы қаласында (ол кезде Верный) дүниеге келген.
1930 – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіреді.
1931 - 1936 – Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтында оқиды.
1936 – институтты бітіріп, тау - кен инженері мамандығын алып, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне жұмысқа жіберіледі.
1937 - 1939 – Қоңырат кенішінде бұрғылау цехының бастығы болады.
1939 – «Алтайполиметалл» комбинатының Риддер кеніші басқармасына директор болып тағайындалады.
1939 – жары Зуһра Шәріпқызымен некелеседі.
1939 – КОКП мүшелігіне қабылданады.
1942 - 1952 – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
1949 – «Қоңырат мыс кенішін қазу» атты ғылыми еңбегі жарыққа шығады.
1952 – Қазақ Ғылым Академиясының академигі және Президенті болып сайланады.
1955 - 1960 – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет атқарады.
1960 - 1962 – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарады.
1962 - 1964 – Өзбекстанға мақталы аудандарды қосуға қарсы болғаны үшін билік тізгін И. Юсуповқа беріп, қайтадан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалады.
Қазақстан өнеркәсіптік өндірісте – 8, 9 есе, ауыл шаруашылығында – 6, 2 есе, құрылыс саласында – 68 есе, халық саны жөнінен – 2, 5 есе өсті. Қонаев небәрі 22 жасында елді осындай жетістікке жеткізді.
1964 – Хрущевтің орнына Брежнев келген соң Қонаев қайтадан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы болып тағайындалады.
1966 - 1970 – Социалистік Еңбек Ері атағы, Ленин ордені, «Орақ пен Балға» алтын белгісі тапсырылады. Алматыда көзі тірісінде ескерткіш - бюст орнатылды.
1978 – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» еңбектері жарыққа шығады.
1982 – үшінші рет Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі.
1986 – 16 желтоқсан күні Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбинды тағайындады. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 – 26 маусымдағы пленумда Қонаев «Қазақстан Компартиясы ОК - нің І хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП ОК - нің мүшелігінен босатылады.
1992 – Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылады.
1992 – «О моем времени» атты кітабы жарыққа шығады. Осы жылы кітап қазақшаға аударылып, «Өтті дәурен осылай» деген атпен жарияланады.
1993 – 22 тамызда Дінмұхамед Ахметұлы Алакөл ауданының Ақши ауылында жүрегінен екінші рет инфаркт алып дүниеден озды.
1994 – Алматы қаласында Д. А. Қонаевтың мұражай - үйі ашылып, ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты тарихи мұраларын сақтауға байланысты бағдарламалы жұмыстар қолға алынды.
Халқы адалдығына сенетін кемеңгер тұлға 1993 жылы тамыздың 22 - де, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Дінмұхамед Ахметұлы соңғы демі таусылғанша елмен емен - жарқын араласып өтті. Естелік кітаптар жазды, кездесулерге барды. Ең ақырында Мұхамеджан Тынышбаевтың 125 жылдық мерейтойына қатысу мақсатымен Сарқантқа сапар шекті. Сөйтіп, соңғы демі өзі идеал тұтқан бірегей тұлға туған топырақта үзілді.
Естелік…
Дінмұхамед Ахметұлын білетіндер өте қарапайым адам болғанын, тіпті жұмысқа жаяу барғанын айтады. Оның 50 жыл ел басқара тұрып, жұмыстан кеткенінде төрт бөлмелі пәтерінен басқа бір артық дүниесі болмағанын халық әлі күнге дейін таңданыспен айтады. Дінмұхаммед Қонаев – текті әулеттің ұрпағы. Оның отбасынан үш академик шыққан. Ал әулеттен 15 - ке жуық ғылым кандидаттары тағы бар. Халық ұлына айналған Дінмұхамедтің есімін қажылыққа екі рет жаяу барып қайтқан атасы Жұмабай қойған.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
- ramuk_b
- 13 қаңтар 2018
- 3111
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, 106 жыл Қонаев
Ұқсас жаңалықтар:
Д.А.Қонаев ғасырдың дара перзенті
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметімен таныстыра отырып, Д. А. Қонаевтың мемлекет...1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Сабақтың мақсаты: - Қазақстандағы 1986 жылы желтоқсан оқиғаларының себептері, салалары туралы түсінік беру; - Желтоқсан құрбандарының ерлігіне баға...Қонаев - ғасыр адамы
Сабақтың білімділігі: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және...1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні
Мақсаты: оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
Қысқаша өмірбаяны Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы. Ташкенттегі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.