Кеше ғана мектеп бітірген жас түлектеріміздің оқу орнын іздеп, мамандық таңдайтын кез де келді. Қайда барам, қандай мамандық болашақта керекті және табысты болады? Осы сұрақтарға жауап беріп көрейік. Сонымен алдағы болашақта керекті мамандықтар рейтінгісі мыналар.
Бұл рейтингте бағдарламашылар, web - жасаушылар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамандар, мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша мамандар және бірнеше мамандықтар басты орыннан көрінді.
Web сайт- жасаушылар
Ең көп сұранысқа ие болатын мамандық – web сайт - жасаушылар (Web developer). Ол ІТ - индустрияға қатысты басқа мамандықтар ішінен бірінші орын алды. Еңбек ақысы сәл аздау болғанымен web сайт - жасаушылар қазірдің өзінде ІТ - еңбек нарығында көп сұранысқа ие.
Есептеу техникасы саласының сарапшысы (Computer Systems Analyst)
Екінші орынға есептеу техникасы саласының сарапшы мамандары лайық болды. Олардың қызметіне деген сұраныс 21%- ға артады. Өйткені, миллиондаған адамдар компьютерді пайдаланып, бағдарламалар жасап жатқан кезде туындаған қиындықтарды түзететін мамандар ауадай қажет болады.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы (Information Security Analyst)
Әрбір компьютерде көптеген мәліметтер сақталған. Оның ішінде жеке мәліметтер де, коммерциялық мәліметтер де бар. Кез - келген ақпараттың жоғалып кетуі – компания үшін, оның басшылығы мен қызметкерлері үшін үлкен қиындық. Компания коммерциялық құпияларынан, ішкі құжатнамалары мен клиенттер базасынан айырылады. Бұл жағдай олар үшін үлкен қаржылық қиындық тудырып, беделдеріне сызат түсіреді. Сондықтан, осы ақпараттардың барлығын сақтап, оны қауіпсіз қорғай алатын мамандар күн өткен сайын керек бола береді. Болжам бойынша бұған сұраныс 18%- ға артады.
Бағдарламалық қамтамасыз етуші, бағдарламашылар (Software Engineer)
Бос орын 17%- ға артады, ал бағдарламашыларға барлық жерде, барлық компанияда, барлық қызмет саласында сұраныс жоғарлайды. Тек жоғары технологиялық және ІТ - компанияларда ғана емес, қызметкерлері тапсырыс берушілермен және клиенттермен жұмыс істеуде арнайы софттарды қажет ететін қарапайым компанияларда да бұл мамандыққа сұраныс азаймайды.
Мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша маман (Data Scientist)
Big Data - ның дамуы мен әйгілі болуына байланысты, құрылымдалмаған мәліметтердің үлкен көлемі, осылармен жұмыс істеу қабілеті еңбек нарығында өте көп сұранысқа ие болады. Бұл мамандықтар бойынша бос орындар саны арта береді. Болжанған өсу – 16%.
Жүйелік әкімші (Network and computer systems administrator)
Бұлтты есептеулердің кең тарауы компаниялардың аз компьютер сатып алуына әкеп соғады. Компьютерлік жүйелерді, байланыстарды орната алатын мамандарға деген сұраныс кемімейді, керісінше, 8%- ға артады.
Дерек көзі: bilim-all.kz
2018 - 2019 жылдары қандай мамандық таңдау қажет?
- ramuk_b
- 20 шілде 2017
- 4156
- 0
- 100
Ілмек сөздер: жоғары сұранысқа ие мамандықтар тізімі, 2018-2019 жылғы мамандықтар
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандықтың сыры неде?
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қызылтам бекеті, №79 негізгі мектептің информатика және математика пәнінің мұғалімі Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы...Кәсіптануды оқыту
Сабақтың мақсаты: Бұл сабақтың негізгі мақсаты «Кәсіптану» пәнін оқудағы мақсат пен міндетті түсіндіру. Кәсіптанудың практикалық пайдасы, кәсіп,...Мәліметтер базасы
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тұрар Рысқұлов орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абезова Алия Өмірбекқызы...Мен мамандық әлеміндемін
«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру мақсатында "Мен мамандық...Мамандығым мақтанышым
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Рсалина Жанаргуль Хайроллаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.