Сайтқа кіру Тіркелу

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Қазақ тілі, 8 - сынып
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта:
а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;
в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары
Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі?
Ж: Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.
2. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бір - бірімен мағыналық қарым - қатынасына байланысты неше мағыналық түрі бар?
Ж: Сабақтас құрмалас сөйлемнің 6 мағыналық түрі бар.
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас
2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
4. Себеп бағыныңқылы сабақтас
5. Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас
3. Сурет арқылы ой салу.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1 - қадам: теория бойынша «Білу»
Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1. Басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дейміз.
2. Қарсылықты бағыныңқылының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.
А) Шартты райлы етістікке да, де шылауы жалғас келуі арқылы;
Ә) Шартты райдың болымсыз түрі ( - ма+са) арқылы;
Б) Есімшеге көмектес септік (- мен) жалғауы қосылуы арқылы;
В) Есімшеге - ша,- ше жұрнағы жалғануы арқылы;
Г) – а, - е, - й жұрнақты көсемше түрі арқылы;
Ғ) Келер шақ есімшенің болымсыз түріне (- тан, - тен) шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы.

2 - қадам: теорияны «Түсіну»
Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Төменде берілген сөйлемдерді неліктен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз?
1. Май құйған шам сөнсе де,
Үмітің сөнбес дүниеде.
2. Жастар білім жағынан артық болғанына қарамастан, тәжірибелі
жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.
3. Жетпіс жыл өмір сүре тұра, аз секілді білгенім.
Ж: Себебі, біріншіден, бағыныңқы сөйлемнің баядауышы тиянақсыз, екіншіден, бір сөйлемдегі ой екінші сөйлемдегі ойға қарама - қарсы, үшіншіден, жасалу жолдары қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге сәйкес келеді.

3 - қадам: теорияны «Талдау»
1 - 3) Берілген сөйлемдерді салыстыр, айырмашылығын тап.
▪ Қарсылықты салалас құрмалас
М: Өлеңімен жүрегіңді жылытқан ақынның бәрін де жақсы көресің, бірақ соның ішінде өзгелерден ыстық боп танылатыны болады.
1. Құрмаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы тиянақты және салаласа байланысқан.
2. Қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалған.

▪Ортақ белгілері
1. Күрделі ойдың көрсеткіші
2. Екеуінде де қарама - қарсылық мағына бар.
▪ Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
М: Көп балалы үйдің шаң - шұңы көп болғанымен, іші бауырмалдық пен қарапайымдылыққа толы.

1. Құрмаластың бірінші
жай сөйлемінің
баяндауышы тиянақсыз.
2. Екі жай сөйлем бірі екіншісіне бағына, сабақтаса байланысқан.

4) Тақырыптың басты идеясы неде?
а) Екеуі де құрмалас, екеуінде де қарама - қарсылық мағына бар.
б) Бірінші сөйлемнің ерекшелігі: оның баяндауышы тиянақты, салаласа байланысады.
в) Екінші сөйлемнің ерекшелігі: баяндауышы тиянақсыз, сабақтаса байланысады.

4 - қадам: теорияны «Жинақтау»
1. Тақырыптың басты идеясы негізінде құрылған тірек - сызбаны толтыр
(Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы білгеніңді жинақта)
Жасалу жолы

Шартты райлы етістікке (- са, - се) да, де
Шартты райдың болымсыз түрінен (- ма+са)
Есімшеге көмектес септік (- мен) кейде да, де шылауы
Есімшеге - ша,- ше жұрнағы (- ған+ша) жалғануы
– а, - е, - й жұрнақты көсемшенің жалғануынан
Келер шақ есімшенің болымсыз түріне (- ма+с) (- тан, - тен) шығыс септігінің жалғануынан
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.

5 - қадам: практика жүзінде «Қолдану»
Оқулықпен жұмыс. Берілген сөйлемнен қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлем жаса.
1. Жас болсам да, көп ізденуді мұрат еткем.
2. Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
3. Талабы күшті бола тұра, жемісті еңбек етуге еңбекқорлық жетелейді.
4. Әлгі түсімді қайта - қайта көргім келгендей көзімді жұмғаныммен, ұйқым келмеді.

6 - қадам:: практика жүзінде «Баға беру»
Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Сен қалай ойлайсың, қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты сабақтастың басқа мағыналық түрлерінен қалай ажыратуға болады?
Ж: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты сабақтастың басқа мағыналық түрлерінен құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналарының бір - біріне қарама - қарсы болып келетіндігінен анықтауға болады және жасалу жолы арқылы да ажырата аламыз.

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Шартты және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша білімдерін пысықтау. 2. Дамытушылық: Оқушының...
Абайдың мұражай-үйі

Абайдың мұражай-үйі

Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас...
Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Қарсылық мәнді салалас және қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемде ...

Қарсылық мәнді салалас және қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемде ...

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Берден Қайрат Құндақбайұлы...
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі. Шартты және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×