Киіктің айласы
Алматы «Атамұра». Әдебиеттік оқу 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспар)
Тақырыбы: Киіктің айласы
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен танысып, мазмұнын ашу; тілдік талдау жасай отырып, сөздік қорын молайту
Бұрыннан бар білімдер:
«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Мұнда мұғалім допты лақтырып кез келген балаға береді. Бала жауабын айтып, допты қайтарады. Сұраққа жауап болмаса келесі балаға сол сұрақ қойылады. Іс - әрекет осылай жалғасып, үй тапсырмасы сұралады.
1.«Қайырымдылық» тақырыбындағы мәтінде қандай адами қасиет туралы айтылған?
2. Мәтіндегі баланың аты кім еді?
3. Мұғалім Мұхтарды не үшін мақтады?
4. Мектептен келе жатып Мұхтар қандай оқиғаға тап болды?
5. Ол нені құтқарды?
6. Мұхтар не үшін қуанды?
7. Анасы оған неге ұрыспады?
8. Егер сен Мұхтардың орнында болсаң, не істер едің?
9. Қайырымдылыққа не жатады?
10. Өмірде тағы қандай тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға болады деп ойлайсыңдар?
Құстарға, ағаштарға, жануарларға.
Балалар біз табиғаттағы барлық жануарларға көмектесе алмаймыз. Олар өз жауларынан қорғанады.
Бүгінгі сабағымызда қандай жануар туралы әңгіме болатынын мына видиоролик арқылы табамыз.
Жоспарланған уақыттар
Үй тапсырмасы - 7 мин., Мәнмәтінмен жұмыс - 6 мин., жаңа тақырыпты бекіту кезеңі – 7 мин., сөздікпен жұмыс – 5 мин., «Бинго» ойыны – 10 мин, үй тапсырмасы – 2 мин.
1 - этап Кіріспе
Сыныпта жағымды ахуал туғызу мақсатында «Шаттық шеңбері» әдісін пайдалану.
Топқа суреттер таңдау арқылы бөлінеді. Ол суреттер: киік, қасқыр, өзен.
2 - этап Жүзеге асыру Жаңа сабақ. (Күннің ретін жазу)
Видио ролик көрсету.
«Жез киік» әнін тыңдау.
- Ән не туралы?
- Киік туралы не білеміз? ( Әр топтан бір - бір оқушыдан сұрау.)
Ә) Автор туралы мәлімет беру.
Әуелбек Қоңыратбаев ( 1905 - 1986)
Туған жері: Қызыл орда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту колхозы.
Ол қазақ совет әдебиет зерттеушісі, сыншы, филология ғылымының
докторы.
Еңбектері: “Сұр көжек”, “Ғ. Мұратбаев туралы естеліктер, “Қозы Көрпеш”
жыры, және “Қорқыт ата кітабын” қазақ тіліне аударды.
Мәнмәтінмен жұмыс. Мәтінді абзац бойынша үш топқа бөліп беремін.
І топқа бірінші, екінші абзац.
ІІ топқа үшінші абзац.
ІІІ топқа төртінші, бесінші азат жолдарын оқып топта талқылаймыз.
Топтар 3 минут мәтінмен танысып шығады. Мәтіннің мазмұнын меңгеру деңгейлерін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
Жаңа тақырыпты бекіту. «Солай ма?..» әдісі арқылы топтарға бөлініп берілген абзацтардан бұрмаланған сөйлемдер беріледі. Сөйлемдер конвертке жазылған. Топ мүшелері талқылау барысында «солай ма, солай емес пе?» дәлелдейді.
І топ. Жаз айында бір топ лағын ертіп қасқыр суатқа келді. Алдынан олардың достары кездесті. Солай ма?...
ІІ топ. Қасқырлар киіктерге тап берісті. Киіктер қасқырларға қарсы шайқасқа шықты. Солай ма?....
ІІІ топ. Теке ақсақ болғандықтан, қасқырларға жем болды. Ақбөкендер қасқырлар секілді етпен қоректенеді. Киіктің жаңа туған лағын қозы деп атайды. Солай ма?...
Бұл тапсырма критерий арқылы бағаланады.
Оқулықтан олай еместігін көрсетуі - 3 ұпай;
Өз ойын дәлелдеп сөйлеуі - 3 ұпай.
Сергіту сәті: «Ақсақ киік» күйін тыңдату. Шығу тарихы жөнінде мәлімет беру.
Сөздікпен жұмыс (дәптерге жеке жұмыс). Сөздер, сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
Бұйрат -
«Таяқ сілтем жер», «Діңкесі құрыған» сөздерінің мағынасын ашу. Әр топтан бір оқушыдан тапсырманы оқиды.
Жаңа сабақты бекіту кезеңі. Бинго ойыны.
1. Мәтін не жайлы?
2. Текенің аяғы неге ақсақ?
3. Ақбөкендер немен қоректенеді?
4. Киіктер жауларынан қалай қорғанады екен?
5. Киіктің жаңа туған лағын не деп атайды?
Бағалануы:
Дифференциациялау - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуге қалай жоспарлайсыз? «Серпілген сауал» әдісі бойынша бағалау – мадақтау сөздер, дұрыс, толық жауап берген оқушыға жұлдыз беру арқылы жүргізіледі.
Мәнмәтінмен жұмыс – «Бағдаршам» арқылы өз - өздерін бағалау;
«Солай ма?...» әдісі – критерий арқылы топтарда өзара бағалау;
Сөздікпен жұмыс – мадақтау сөздер арқылы:
Бинго ойыны – критерий арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма Мәтінді оқып, қасқыр мен киік жайлы іздену. Келер сабағымыз «Көкшенің көрінісі» мәтінімен танысып келу.
Қорытынды баға
Топ басшыларының бағалау парағына сүйене отырып оқушыларды бағалау.
Рефлексия
Бүгінгі сабақ несімен ұнады?
Ойыңды толық жеткізіп, сабаққа қатыса алдың ба?
Кімнің сабаққа қатысуы қатты ұнады?
Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Майжан Толқын Кажданбекқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Киіктің айласы
- aiboll
- 15 қаңтар 2017
- 14692
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Киіктің айласы, қысқа мерзімді жоспар, Кембридж бағдарламасы бойынша
Ұқсас жаңалықтар:
С.Сейфуллин. Ақсақ киік
Сабақтың мақсаты: Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор...Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: С. Сейфуллин жайлы қысқаша мәлімет беру, ақынның «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру. Дамытушылық:...«Ақсақ киік» С. Сейфуллин
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамшабаева Айсалтан...Ә. Қоңыратбаев «Киіктің айласы»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Сабақтың тақырыбы:...Сәкен Сейфулллин «Ақсақ киік»
Астана қаласы, №49 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жандыбаева Гүлнар Жолдыбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.