Сайтқа кіру Тіркелу

Үздік ашық сабақ сайысы, үздік ұстаз 2016-2017

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесі өтеді.

20 қазаннан 25 желтоқсанға дейін жұмыс қабылданады.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
Сабақ тек тәуелсіздікке ғана қатысты емес, кез келген тақырыпта ашық сабақтың жоспары болса болады. Сабақтың барысы тәуелсіздік күнімен байланыстырыла отырып жүруі қажет. Жұмыс қатесіз терілуі қажет, шрифт өлшемі 12 - 14, көлемі екі беттен асатын жұмыс болуы керек. Сабақтың тақырыбы ашылуымен қатар, сабақтың барысында қолданылған жаттығу тапсырмалары түгел көрсетілуі шарт. Слайдтың да сапалы құрылуына назар аударылуы керек.
Ашық сабақ қызықты әрі сапалы болуы керек.
Ең үздік ашық сабақ, слайдымен (слайд сабаққа қатысты болуы шарт).
- Бастауыш сынып
- Балабақша
- Жоғары сыныптар: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, математика және геометрия, информатика, физика, химия т. б.
Жұмыс басқа сайт беттерінен көшіріліп алынбағаны жөн!
Үздік ашық сабаққа берілетін орын саны ұстаздардың белсенділігіне байланысты.
Барлық қатысушыларға – сертификат пен алғыс хат беріледі.
Үздіктерге – диплом мен алғыс хат беріледі.
Сайысқа қатысу құны 2000 тг.
Бәйге қорытындысы 15 қаңтарда белгілі болады.

****************


22 наурыз мерекесіне арнап «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесі өткіземіз

Жұмыстар 20 қазаннан бастап 25 наурызға дейін қабылданады.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
Сабақ тек наурыз мерекесіне қатысты емес, кез келген тақырыпта ашық сабақтың жоспары болса болады. Сабақтың барысы наурыз мерекесімен байланыстырыла отырып жүруі қажет. Жұмыс қатесіз терілуі қажет, шрифт өлшемі 12 - 14 көлемі екі беттен асатын жұмыс болуы керек. Сабақтың тақырыбына түсінік берілуі қажет, тақырыбы ашылуымен қатар, сабақтың барысында қолданылған жаттығу тапсырмалары түгел көрсетілуі шарт. Слайдтың да сапалы құрылуына назар аударылуы керек.
- Бастауыш сынып
- Балабақша
- Жоғары сыныптар: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, математика және геометрия, физика, химия т.б.
Жұмыс басқа сайт беттерінен көшіріліп алынбағаны жөн.
Үздік ашық сабаққа берілетін орын саны ұстаздардың белсенділігіне байланысты.
Барлық қатысушыларға – сертификат пен алғыс хат беріледі.
Үздіктерге – диплом мен алғыс хат беріледі.
Сайысқа қатысу құны 2000 тг.
Бәйге қорытындысы 5 сәуірде белгілі болады.

****************



Білімділер порталы 2016 - 2017 оқу жылын қорытындылау үшін «Үздік ұстаз» бәйгесін ұйымдастырады.

Мақсаты: Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтау және бағалау.
Бәйгеге тек ашық сабақтың жоспары қатыстырылады. Егер, бұрын енгізген ашық сабағыңыз болса, жұмыс үлгіге сай құрылған болса, қатыстыруға болады. Жаңадан жұмыс жіберуге де болады.

Бәйгенің шарты: Ұстаз өз пәні бойынша ашық сабақ енгізуі тиіс. Тек бір ғана сабақ жіберуге құқылы.
Бәйгеге қатысу құны 2000 теңге.

Бәйгенің ережесі:
Материал көлемі 2 - 3 беттен асуы шарт, Word - та сауатты теріліп, 12 шрифтте болуы керек Сабақтың тақырыбы толық ашылуы керек, ойын элементтері, сөзжұмбақ, мақал – мәтелдермен болса құба - құп. Слайды болуы міндетті емес.
Сабақ үлгіге сай болуын қадағалаңыз!

Сабақ жоспарын bilimdiler@yandex. ru почтасына жіберу қажет (ворд нұсқасын прикрепить етіп).
Бәйгеге қатысу үшін төмендегі үлгідегідей аты - жөніңізді, сабағыңыздың тақырыбын толық жазып бізге жіберіңіз! Сабақ сайтқа жарияланған соң реквизиттер жіберіледі.

Ақмола облысы, Шортанды ауданы,
Төле би кенті, №70 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы
Қатысатын категория: бастауыш сынып
1. Жазбаша қосу және азайту

Бәйгенің бағалануы: Әр сабаққа бағалау комиссиясы өз балын қояды және оған дауыс беру балы қосылып нәтиже шығады. Бағалау комиссиясын сайт ұжымы өзі анықтап, жасақтайды. Біз, портал тарапынан бәйгенің мейлінше ашық және әділ өтуіне атсалысамыз. Сонымен іске сәт ұстаздар!

Барлық қатысушыларға – сертификат пен алғыс хат беріледі.
Үздіктерге – диплом мен алғыс хат беріледі және сыйақы тағайындалатын болады.
Бәйге сабақ қабылдау 20 қазаннан 10 сәуірге дейін жалғасады.
Бәйге қорытындысы және үздіктерді анықтау 15 сәуірден 1 мамырға дейін белгілі болады.

Берілетін орындар әр категорияда 12 орыннан (әр номинация бойынша)
Үздік: 3 орын
Бірінші орын: 3 орын
Екінші орын: 3 орын
Үшінші орын: 3 орын
Орын алу мұғалімдердің қатысу белсендігіне тікелей байланысты болады және орын саны қысқаруы немесе көбейтілуі мүмкін.

Бәйге төмендегі пәндер бойынша үздіктерді анықтайды:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
3. Ағылшын тілі пәнінің үздік ұстазы
4. Математика (алгебра, геометрия) пәнінің үздік ұстазы
5. Физика пәнінің үздік ұстазы
6. Информатика пәнінің үздік ұстазы
7. Химия пәнінің үздік ұстазы
8. Биология пәнінің үздік ұстазы
9. Тарих пәнінің үздік ұстазы
10. География пәнінің үздік ұстазы
11. Технология пәнінің үздік ұстазы
12. Музыка пәнінің үздік ұстазы
13. Сурет және сызу пәнінің үздік ұстазы
14. Бастауыш сынып пәнінің үздік ұстазы
15. Балабақша үздік тәрбиешісі
16. Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×