Сайтқа кіру Тіркелу

Асыл сөзді іздесең...

Жамбыл облысы Жуалы ауданы
№3 Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дуржанова Бибисара Қалиасқарқызы

Қазақ әдебиетінен 6 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең...»
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып білу. Сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.
Оқып - үйренудің негізгі нәтижесі: 1\Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет алады.
2\Өлеңнің басты тақырыбы мен идеясын талдай алады.
3\Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай біледі, өз ойын еркін жеткізе алады, шығармашылық қабілетін дамытады;
Түйінді идеясы: Өлеңге мазмұндық талдау жүргізу арқылы оқушы бойында адамершілік қасиеттерді қалыптастыру, деңгейлік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға, салыстыруға, өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс сабағы

Сабақ берудегі әдіс - тәсілдер: «Топтастыру» стратегиясы, «Ассоциациялық аймақ» кестесі, «Сандар сыр шертеді» кестесі, хронологиялық кесте, «Еркін жауап» стратегиясы, «Автор орындығы» стратегиясы, сұрақ – жауап, ой бөлісу, мәнерлеп оқу.
СТО стратегиялары: кубизм, эссе, еркін жазу стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс,

Оқыту түрі бірлескен ұжымдық іс – әрекет

Көрнекіліктер Интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі, буклеттер, ақын жайлы жазылған құнды пікірлер

Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, саз өнері, орыс әдебиеті, тарих

Тапсырмалар: 1. Оқулықпен жұмыс жасау, әдеби теориялық ұғымдардың мәнін ашу;
2. Шығармашылық жұмыстар

Дереккөздер: Қазақ әдебиеті оқулығы 6 - сынып, Абай шығармалары.

1. Ұйымдастыру
1. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырып, сәлемдесемін.
Шаттық шеңберін құрып, бір - біріне тілек айтқызу.
Мақал - мәтелдер арқылы топқа бөлу.
Топқа ат қойғызу.

Түсінік
2. Үй тапсырмасын сұрайды\Абай «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі ( Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» тәсілімен)
Ақ қалпақ. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің тақырыбы мен идеясы.
Қара қалпақ. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі жағымсыз қасиеттер.
Сары қалпақ. Өлеңдегі жағымды қасиеттер. Жасыл қалпақ. Бұған дейін осы тақырыптас қандай өлеңдерімен таныстық.
Қызыл қалпақ. Сезім. Эмоция. Шығарманың өзіңе ерекше әсер еткен тұсы.
Көк қалпақ. Қорытынды сөз айтады.

Қолдану
Жаңа сабақты бастамас бұрын қызығушылығын ояту үшін ой тастайтын сауал береді.
“Кім жылдам?” ойыны
1. Абай кім?
2. Қашан. Қай жерде, дүниеге келген?
3. Абайдың шын есімі кім?
4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
5. Қандай әндерін білесіңдер? 6.
Қанша қара сөзі бар?
7. Ұлы ақын туралы жазылған роман - эпопея қалай аталады?
8. Оның авторы кім?
9. Ән туралы жазылған қандай өлеңдері бар? 10. 31 қара сөзі не туралы?

Талдау
4. Мағынаны тану кезеңінде слайд арқылы ақын өмірі мен шығармашылығына, өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігіне тоқталып өтеді.

Жинақтау
Шығармашылық жұмыс:
Ой қозғау мақсатында проблемалық сипаттағы сұрақтар береді, шығармашылық жұмысқа бағыттайды
«Автор орындығы»
1. Абай атаға хат
2. Абай атаға арнау өлеңдері

Бағалау
Мұғалім оқушының жұмысын топта бір - бірінің ой - пікірін ескере отырып, «Автор орындығы» арқылы жеткізеді, жұмысына баға бергізеді, мадақтайды.
«Соңғы сөзді мен айтайын...»
Оқушылардың бірін - бірі бағалауы ескеріліп, жиынтық баға қойылады.

Үйге тапсырма
Абай шығармаларын қайталау.
Реферат, мәтін - сұрақ әзірлеу;
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×