Сайтқа кіру Тіркелу

Ахмет Иасауи

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы
Еңбекші орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі:
Нұрсәуле Шәкірт

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иасауи
Сабақтың мақсаты: Ахмет Йасауи еңбегі арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін артыруға, өз ойларын жеткізе білуге жағдай жасау.
Сабақтың міндеттері: а) оқушыларды Ахмет Йасауи шығармашылығымен таныстыру;
ә) Ахмет Йасауи еңбектерімен таныса келе шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) Топтағы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың нәтижесі: 1Ахмет Йасауи туралы өз ойларын жеткізе алады
2. Ахмет Йасауидің өмірі мен шығармашылығының тақырыбтарын ашып, түйінді ойын айтады.
3. Ахмет Йасауидің хикметтеріне пікір айтады.
Сабақтың табыс критерийлері: 1. «Ахмет Йасауи» мазмұн желісін көркем фильм арқылы ұғынады;
2. «Ахмет Йасауи» кесенесі көркем фильм арқылы көрінеді;
3. «Ахмет Йасауи» туралы қосымша мәлімет іздеу және оқу арқылы жүзеге асады;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: «Мінсіз адам келбеті» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Серпілген сауал» стратегиясы, «Бір, екіге бөліну» стратегиясы, диалогты оқыту әдісі, Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері, талдау, жинақтау, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер флипчарт, маркер,
Сабақта қолданылған құралдар: интербелсенді тақта, компьютер.
Пән аралық байланыс: тарих, музыка,
Сілтеме:
1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 9 - сыныбына арналған оқулық. Т. Ақшолақов, Т. Жұмажанов, С. Қалиев, С. Дүйсебаев. – Өңд., толықт. 3 - бас.-«Алматы»Мектеп, 2013.- 408 б., сур.
2. Қазақ әдебиеті. Оқыту қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептің 5 - 9 сыныптарына арналған Оқу бағдарламасы. Астана 2014. 114 бет.

Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
1. Сәлемдесу.
Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу. Тренинг өткізу. Шаттық шеңбері. «Жылы лебіз» тілектер айту.
2. Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға «Мінсіз адам келбеті» әдісін қолданып, геометриялық фигураларды ( тік төртбұрыш, үшбұрыш) алдарына тастаймын, олар бұл фигуралардың ұнағандарын алып, ұқсас фигуралары барлар топтарға бөлінеді. Солай оқушылар «тіктөртбұрыш», «үшбұрыш» болып үшке бөлінеді.

І. Білу.
«Инсерт» әдісі мен «Серпілген сауал» стратегияларын қолданамын, яғни сабақтың басында, ортасында және аяғында (ауызша түрде сұраймын):
Білетінім
Ахмет Йасауи туралы мәлімет алады.
Ахмет Йасауидің кесенесі туралы және хикметтерін біледі.

Нені білгім келеді?
- хикметтері туралы толық білгім келеді;
- киелі жерлер туралы білгім келеді;

Бейне көрсету. Ахмет Йасауи туралы слайд. Ахмет Йасауи кесенесі бейнекөрсетілімі («Қасиетті мекен Түркістан» фильмінен үзінді) арқылы «Миға шабуыл» әдісін ұйымдастырамын.

2. Зерттеушілік диалог әдісі. Жоғары деңгейдегі сұрақтар (оқушылардың зерттеушілік диалогы бойынша сабаққа қызығушылығын аңғару).
1. Бейнефильм басты кейіпкері кім?
2. Бейнефильмінде көтерілетін басты мәселелер қандай?
3. Бейнефильмнің сіздер үшін қандай тәрбиелік мәні бар? Қалай ойлайсыздар?
3. Ахмет Йасауи туралы слайд көрсетіледі.

ІІ. Түсіну.
1 - тапсырма. Мозайка (ЖИГСО) әдісін қолданып Ахмет Йасауи тақырыбын оқып, түсініп, топ ішінде талқылап, басқа топқа өз бөлігін түсіндіріп әңгімелеп береді де, өз тобына қайтіп келеді және «Түртіп алу» кестесіне айтыс туралы тақырыпты түсіреді (үйде оқуға берілген тақырыпты ескере отырып, кестені толтырады).

1 - топ – Ахмет Йасауи
2 - топ – «Диуани хикмет»
Оқушылар интербелсенді тақтадан слайдты көреді.
Слайдтағы материалдар:
- Ахмет Йасауи туралы;
- Ахмет Йасауи кесенесі туралы;
- Ахмет Йасауи шығармаларымен танысады.

ІІІ. Қолдану
Тапсырмалар:
1 - тапсырма.
Сұрақ - жауап әдісі. Оқушылар осы сұрақтарды пайдаланып, диалог дайындайды.
І топ: «Ахмет Йасауи» тобы.
1. Хикметтердің өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?
2. Ақынға тән қасиеттер
3. Ахмет Йасауи қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
4. Әкесінің аты кім?
5. Ахмет Йасауи қай жылы қайтыс болды?
ІІ топ: « Диуани хикмет» тобы.
1. Ахмет Йасауидің өмірлік мақсат - мұраты қандай?
2. Ахмет Йасауи нені жырлады?
3. Ахмет Йасауидің имандылық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме?
4. Анасының аты кім?
5. Ахмет Йасауи кесенесі қай жерде?

2 - тапсырма.
Ахмет Йасауи кесенесі туралы бейнефилим көру. Кесене туралы өз ойларын ортаға салады.

ІҮ. Талдау (анализ).
Ү. Жинақтау (синтез).
ҮІ. Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кәсіп туралы ұлағатты сөздер

Кәсіп туралы ұлағатты сөздер

Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. Ахмет Байтұрсынұлы...
Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Қожа Ахмет Йасауи ХІ - ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы...
Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталауға есептер шығару

Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталауға есептер шығару

Сабақтың міндеті: 1. Рационал сандарды қосуды және азайтуды үйрету. 2. Рационал сандарды көбейте білуге және бөлуге үйрету....
Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Баласағұн "Құтты білік"

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақын өмірінен мәлімет беру. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ...
Ғылым мен білімнің дамуы

Ғылым мен білімнің дамуы

Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×