Екібастұз қаласы, №26 мектеп - гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі Сахан Мешимхан
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу кестесі
Оқытудың негізгі мақсаттары:
Білімділік: 4 - ті қосу кестесін құру, санның құрамы жайлы білімдерін бекіту;
Дамытушылық: топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;
Білімділік: бірлесіп жұмыс жасауға баулу;
Белсенді оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер: Сын тұрғысынан ойлау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Ақпараттық технология. Формативті бағалау.
Оқу нәтижелері: 4 - ті қосу, азайту кестесін құрып есептей алады, топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысы қалыптасады, бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді.
Бағалау: Өзін – өзі бағалау “Бағдаршам”
Жұмыс формасы: Жеке, жұптық, топтық, күрделі тапсырма.
Негізгі дереккөздер: АКТ, маркерлер, қарындаш, өшіргіш, кестелер.
Пән аралық байланысы: Ана тілі, дүниетану, жолда жүру ережесі, өнер, дене шынықтыру, т. б.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
Оқушылар шаттық шеңберін құрады.
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Жұма күнгі сабақ,
Сәттілікке толсын.
Бүгін сенің алар бағаң,
Тек қана бестік болсын.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылулықпен сабағымызды бастаймыз.
Оқушыларды алдын ала 4 топқа бөліп отырғызамын. Өткен тақырыпты пысықтау үшін әр топқа өрнек шығару тапсырылады.
Мозайка құрастыру.
Артында цирктің суреті жасырылған. «Цирк» суреті арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
Мотивация:
- Балалар, «Циркке» барасыңдар ма?
-«Циркке» кіру үшін бізге билет керек. Ал біздің билетіміз - ол біліміміз. Ендеше мына тапсырмаларды орындайық:
а) Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау.
– Бұл сөзде неше дыбыс? Неше әріп бар?
ә) 4 санының құрамын қайталау.
Тақырыпқа шығу. «4 санын қосу кестесі»
- Бүгінгі сабақта не туралы үйренеміз деп ойлайсыңдар?
Функцационалдық - орындаушылық кезең
Білу» Негізгі кезең:
- Сонымен біз цирктеміз.
Цирк аренасына алдымен «Зебра» шығады.
– Бұл жануардың үстіндегі жолақшаларды тағы қайдан көрдіңдер? (жолда)
- Ол нені білдіреді? Балаларға жолдан өту ережесін айта кету.
Жол тәртібін білейік,
Аман есен жүрейік.
Орындап жол тәртібін,
Жолы болсын әркімнің!
- Циркте жануарлар жонглерлердің тапсырмаларын орындайды. Зебраға мынадай тапсырма беріпті, бірге орындайық.
Дәптермен жұмыс:
№1 тапсырма.
- Қосылғыштарының бірі 4 болатын және азайтқышы 4 болатын өрнектер жаз.
Мәнін тап.
0+4
1+4
2+4
3+4
4+4
5+4
6+4:
10 - 4
9 - 4
8 - 4
7 - 4
6 - 4
5 - 4
4 - 4
Толық нұсқасын жүктеу
4 санын қосу кестесі
- aiboll
- 29 қаңтар 2016
- 2767
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 4 санын қосу кестесі, ашық сабақ 1 сынып математика, 4 санының құрамы
Ұқсас жаңалықтар:
Қосу және азайту. 23+7, 30 - 7
Қосу мен азайтуды басқа тақырыптардың ерекшеліктері арқылы ажыратып, қасиеттерін меңгереді оны есептер шығаруда білімдерін практикада көрсетеді....4 санын қосу және азайту
Бастауыш сынып мұғалімі Усмантаева Мутабар...Бастауыш сынып сабақ жоспарлары (математика)
4 санын кестесін құру. Қосылғыштардың бәрі 4 болғандағы санның құрамы жайындағы оқушылардың білімі тиянақталады есептеулер жүргізу дағдысын және есеп...Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту
Қызылорда қаласы, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Айдаболова Қаракөз Батырханқызы...4 санын қосу кестесі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және саннан 4 - ті азайту тәсілдерімен таныстыру. Қосылғыштардың біреуі 4 болып...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.