Ана тілі 4 - сынып
Сабақ тақырыптары:
1. Иван Крылов Ат пен есек
2. Қысқа дайындық. Қ. М. Әли
Сабақтың аты Иван Крылов Ат пен есек
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Мысалды оқу. Ат пен есек өлеңі туралы мағлұмат беру;
Өлеңдегі негізгі ойды түсіне білуге үйрету;
Өзін - өзі бағалауға, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже • Ат пен есек мысалының мән - мағынасын білетін болады;
• Топтық, жұптық жұмыстар барысында өлеңдегі негізгі ойды ұғынады; Бірлесіп жұмыс жасай алатын болады
Негізгі идеялар Иван Крылов – орыстың ұлы жазушысы. Ол көптеген өлеңдер мен мысалдар жазған.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Рольдік ойын»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Адасқан әріптер»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2. Психологиялық дайындық:
– Балалар, көңіл күйлерің қалай?
- Бүгінгі сабақты бастауға дайынсыңдар ма?
(Оқушылар бас бармақ арқылы көңіл күйлерін білдіріп, сабаққа дайын екендігін айтып жатады)
4. Топқа бөлу (Стиктердің түстеріне қарай 2 топқа бөлінеді, 2 минут)
ІІ. Миға шабуыл (5 минут)
1. Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
2. Өздерің білетін, үйде асырайтын жануарлардың аттарын атаңыздар
3. Үй жануарлары жайлы қандай әңгіме немесе ертегі оқыдың?
ІІІ. Суретпен жұмыс (ассосация) (3 минут)
ІҮ. Топтық жұмыс «Рольдік ойын» «(15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
№221 Аққұм негізгі мектебі
Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылы
Төлекова Гүлзира Аятбекқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
- bibka
- 12 қаңтар 2015
- 11245
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Иван Крылов ат пен есек өлеңі туралы, ана тілі 4 сынып сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны
«Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны» тақырыбының мазмұнын ашуда бірлескен оқу әрекеттерін орындай отырып, ынтымақтастық...Отынның энергиясы
Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану...Менделеев - Клапейрон теңдеуі. Газ заңдары
Менделеев - Клапейрон теңдеуі жайлы мағлұмат беру Менделеев - Клапейрон теңдеуінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету...Сорғыш құрттар
Сабақ негізделген оқу мақсаты Сорғыш құрттар туралы білу. Сорғыш құрттардың дене бөліктерімен, асқорыту, жүйке жүйелерімен танысу....Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым
Жалпы мақсаты Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы мағлұмат беру Табиғат және адам. Физика – табиғат...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.