Сайтқа кіру Тіркелу

Әрқашан күн сөнбесін!

Қысқа мерзімдік жоспары
Тренинг 4 сынып

Сабақ тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Жалпы мақсат: Оқушыларды өзін - өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір - біріне деген достық қарым - қатынасын нығайтып көмек көрсетуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.
Елін - жерін сүюге құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сілтеме: Ана тілі
тапсырмалар І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық сәт.
Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін.
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық, көңілді күй кешейік.
Бәріміз тату дос боп өсейік.
2. Топқа бөлу. Стол үстінде жатқан әр түсті қағаздарды оқушылар таңдап алады. Сол түс бойынша орындарына отырады. Бүкіл әлемге, жер бетіне бар жылуын, шуағын, шапағатын, мейірімін төгіп тұратын, «Күн». Олай болса тренингтің тақырыбы «Әрқашан күн сөнбесін!»
ІІ. Тренинг ережесі:
- бір - бірін тыңдау
- уақыт үнемдеу
- белсенділік таныту
- достық қарым - қатынас
- жағымды эмоция тудыру
ІІІ. Бес жолды өлең
ІҮ. Постер қорғау. (музыка әуенімен) 10 - минут уақыт беріледі.
Әр топ өзінің тобының тақырыптарын қорғайды. І - топ «Күн», ІІ - топ «Ауа», ІІІ топ «Су».
1. КҮН.
Нұр сәуле – шуақты,
Беретін қуатты.
Ұлы емші анамыз,
Күннен күш аламыз.
Жылытып, қыздырып
Нұрына жүздіріп,
Күн ана шуағы
Сырқатты қуады.
2. АУА.
Жер шары -«дәу» әлем,
Қоршаған ауамен.
Ауадан тыныс ап,
Өсті өмір, ырыс, бақ.
Денсаулық - дауа да,
Дәмге күш - ауада
3. СУ.
Сусын да әрі дем,
Су - емші бәрінен.
Сусынан берді жер,
Ү. Күлкі жаттығулары.
1. Таңертең үйде, мектепте достарыңызды кездестіргенде демді ішке тартып, демді шығарда и - и - и дыбысын шығару (2 - 3 рет)
2. Терең демалу, демді шығарда «ха - ха - ха» деп 7 - рет қайталау, бұл өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.
3. Одағай сөздер арқылы жымию а, о, ух.
Сурет бойынша эмоция түрлерін жасату
ҮІ. Тапсырма мен сұрақтар
1. Татулық, бірлік туралы мақал - мәтелдер айт.
2. Қазақстанда “Ынтымақ” күні қашан мерекеленеді?
3. Егер сен Президент болсаң, еліңе қандай қызмет көрсетер едің?
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? Елімізде «Президент күні» қашан мерекеленеді?
5. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы туралы не білесіңдер?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мерекеге барамыз

Мерекеге барамыз

Мерекелік алаңда: жалаушалар арқылы дамыту жаттығуларын орындауға. Гимнастикалық скамейкамен тепе – теңдікті сақтап, кедергілер арасымен өту...
Мейірімділік - асыл қасиет

Мейірімділік - асыл қасиет

Мақсаты: 1. Оқушылар арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу....
Уақыт есебімен 4х100м жүгіру (эстафета)

Уақыт есебімен 4х100м жүгіру (эстафета)

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пән мұғалімі Рахымжанов Мейир...
Президент күні

Президент күні

Презентация Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам....
Бірінші байлық –денсаулық

Бірінші байлық –денсаулық

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×