Сабақтың аты: §6 Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.
Сілтеме: Жоспар, информатика оқулығы, 6 - сынып
Жалпы мақсаты:
1. «Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны» тақырыбының мазмұнын ашуда бірлескен оқу әрекеттерін орындай отырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
• Топтық жұмыстар орындай отырып, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
• Есептеу техникасының даму тарихын және компьютердің буындарын танып түсінетін болады.
• Оқушылардың тапсырмаларды тиімді орындауы жүзеге асыралатын болады
• Оқушылардың топқа және өз – өзіне шынайы пікірі қалыптасып, баға бере алатын болады.
Негізгі идеялар: Тақырыптың мазмұнымен танысу, ынтымақтастықта топпен, жұппен, жеке жұмыс жүргізуге, бірін бірі бағалауға үйрету.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылар «Скелет» биін билеп ортаға шеңбер жасап тұрады, «Достық шеңберінде» бір - біріне тілек айтады.(1 минут)
2. Бағдаршамның түстерін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді, «Қызыл», «Жасыл», «Сары» топтары өз көшбасшыларын, уақыт сақшысын атап және түске сәйкес пікірлерін білдіреді.(1 минут)
3. «Құмырсқаның тіршілігі», «Шаяндар бірлігі» бейнетүсірілімдерін көрсету арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (1 минут)
ІІ. Ой қозғау. Үй тапсырмасын сұрау.
1)«Сиқырлы қоңыз» сұрақтары қойылады( 1 минут )
1. Мұрағаттау деген не? т. б бірнеше сұрақтар өзара қойылып жауап беріледі
ІІІ. Мағынаны тану.
а) Жаңа сабақ презентациялар арқылы көрсетіліп баяндалады.(5 минут)
б) «Болашақтағы компьютерлер»бейнероликтері корсетіледі (2 минут)
в) Топтық жұмыс. Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар беріледі. Жаңа тақырып әр топқа бөліп беріледі, және бір біріне түсіндіре отырып постер жасау. (7 минут).
Әр топ постерлерін ортада қорғайды және сұрақтарға жауап береді (6 минут)
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағаланады.(4 минут)
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Топтық әрі жұптық жұмыс. «Пилот - Штурман»а) Компьютердегі тәжірибелік жұмыс (5 минут) Ғаламтордан ақпарат іздеп тауып, таблицаны толтыруға арналған деңгейлік тапсырмалар орындалады. (Бағалау. Смайликпен немесе бағдаршаммен бағаланады.)
б) Жеке жұмыс. Интерактивті тақтада кесте толтыру тапсырылады.(5 минут) (Бармақпен бағаланады)
Қызылорда қаласы,
№1 Қ. Мұхамеджанов атындағы
мектеп - гимназиясы математика пәнінің мұғалімі
Табынбаева Перизат Сейдалықызы
Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны жүктеу
Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны
- aiboll
- 28 қыркүйек 2017
- 3064
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қысқа мерзімді жоспар, алгебра 7 сынып, есептеу техникасының даму тарихы
Ұқсас жаңалықтар:
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Сабақтың мақсаты 1. Eсeптеуiш техникaсының дaму тaрихын бiлу. 2. Перспективасы жөнiнде әңгiмелеу....Кәдімгі амебаның құрылысы мен тіршілік әрекеттері
Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі туралы білім...Компютерлік техникасының даму үдерісі.
Компьютерлік техниканың даму тарихы жайлы оқушыларға толық мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер аққылы ақпарат...Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым
Жалпы мақсаты Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы мағлұмат беру Табиғат және адам. Физика – табиғат...Информатика пәні бойынша 6 - сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Улыкпанова Жаркин Есенгалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.