Қазақтың ұлттық киімдері
Күрделі зат есім
Сабақтың мақсаты:
• Тіл үйренушілерге қазақтың ұлттық киімдері мәлімет бере отырып, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың ресурстары: суреттер мен иллюстрациялар, слайд - шоу, ұлттық киім суреттері, аудио - бейне материалдар, қазақтың ұлттық киімдері туралы бейне - ролик.
Сабақтың әдісі: диалог, монолог, түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс, топтық жұмыс.
Грамматикалық минимум: күрделі зат есім
Лексикалық минимум: сырт киім, баскиім, аяқкиім, киіз қалпақ, киіз етік, жабағы күпі, жадағай шапан, жүн қолғап, жүн шұлық; түйе жүн, далбағай, түйе жүн, кеудеше, шекпен, шидем шекпен.
Күтілетін нәтиже:
• Қазақтың ұлттық киімдер туралы ақпарат ала отырып, қазақша мәтіндерді тыңдайды және түсінеді, сөйлеседі (монолог, диалог) ғ оқиды, жазады. Грамматикалық минимумды меңгеріп, сөйлеуде күрделі зат есімдерді дұрыс қолданады.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сабаққа дайындалу.
Жаңа сабақ «Қазақтың ұлттық киімдері».
1. Жаңа сабаққа арналған слайд - шоуды интерактивті тақтада көрсету.
- «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» демекші, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз бүгін қазақтың ұлттық киімдерімен, олардың атауларымен танысамыз. Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың барлығы да адамдардың ақыл - ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы салтанат киімдері болады. Киімдер қымбат матадан тігіледі. Көйлек, желет; сыртқы киімдер: шапан, кеудеше, тон көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі т. б.
Киізден жасалатын киімдер: 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.
Теріден жасалатын киімдер бірнеше түрге бөлінеді.
Сырткиімдер: Ішік; Жарғақ; Тақыр шалбар; Тон.
Баскиімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.
Аяқкиімдер: Кебіс; Мәсі; Саптама етік;
Жүннен жасалатын киімдер: жабағы күпі, жадағай шапан, жүн қолғап, жүн шұлық, мойынша, түйежүн далбағай, кеудеше, шекпен, шидем шекпен.
Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру:
Ежелгі дәстүр - Древняя традиция
Ұлттық киімдер - Национальная одежда
Сәнді - Модный
Ала шапан - Пестрый чапан
Сәукеле - украшенный драгоценными камнями головной убор невесты в виде конуса
Тақия - Тюбетейка
Кимешек - Старинный женский головной убор из белого коленкора, и ногда с вышитым по овалу лица узором
Тымақ - Малахай
Мәсі - Ичиги (женские и мужские сапожки без каблука и твердого задника, с мягкой подошвой)
Мойынорағыш - шарф
Қол орамал - Носовой платок
Белдемше - юбка
Ою - өрнек - узор
Киіз - кошма
Жүн - шерсть
Тері - кожа
Оқылым
Оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою - өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Қазақ халқы киімдерін қалай тіккен?
2. Көйлектері қандай болған?
3. Камзол, шапандарын немен безендірген?
4. Қандай бас киімдері бар?
Суретпен жұмыс. Интерактивті тақтада тақырып бойынша сурет беріледі.
Суретке қарап, танысыңдар. Сурет бойынша жұппен сұхбат құраңыз..
Жазылым
1. Кестеде берілген сөздерді табыңыз.
2. Сәйкестендіріңіз.
Қазақтың ұлттық киімдері - көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле.
Тақия - ерлер де, әйелдер де киген
Бөрік ерлердің бас киімі
Қазақ әйелінің ұлттық киімі ұлттық киімдер тігеді
«Сән» академиясы қандай өнімді өндіреді ою - өрнекті болады
3. Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құраңыз.
Үлгі: Барды, шешем, ұлттық киім, дүкеніне. - Шешем ұлттық киім дүкеніне барды.
• Сатып алды, маған, ол, көйлек, әдемі.
• Сары, түсі, көйлектің
• Концертке, киді, апам, көйлек, ұлттық
• Бар, менің, қызыл, әжемде, қамзол.
Зат есім
Дара зат есім: дала, бас, қалам
Күрделі зат есім: мекенжай, балабақша, баскиім
Тапсырма. Берілген сөздерді баскиім, аяқкиім, сырткиім түрлеріне қарай ажыратып кестеге жазыңдар. Мәсі, кимешек, тақия, тымақ, кебіс, киіз етік, киіз қалпақ, бөрік, құлақшын, малақай, шапан.
Рефлексиялық тапсырма. Мен бүгін не білдім? Нені біле аламын?
Сабақты қорытындылау.
1. Қазақтың ұлттық киімдеріне байланысты мақал - мәтелдер жазу.
2. Жаңа сөздерді жаттау.
Қарағанды облысының тілдерді оқыту
орталығының оқытушысы
Ағымбаева Мунира Шайхсламқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Қазақтың ұлттық киімдері
- aiboll
- 21 наурыз 2017
- 16392
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақтың ұлттық киімдері, лингвомәдени тұрғыдан оқыту, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Рухани жаңғыру. Ұлттық киім-кешектер
Рухани жаңғыру ҰЛТТЫҚ КИІМ - КЕШЕКТЕР...Қазақ халқының ұлттық киім түрлері
Қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана -...Ұлттық киімдер
ШҚО, Семей қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" бастауыш сынып мұғалімі Нугуспанова Шынар Туленовна...Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нугманова Алмагуль Нуртазиевна...Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімдері...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.