Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сусындардың түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, жалғау түрлерін қайталап, деңгейлік тапсырмалар орындату.
2. Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: оқушыларға адам ағзасына пайдалы сусындарды пайдаланып, денсаулықты сақтап, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, сұхбат, әңгімелеу, ассоциация, Венн диаграммасы, тұсаукесер.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, мәтіндер, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
- Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Кезекшінің міндеті
- Психологиялық ахуал.
III. Жаңа сабақты өту. Бүгінгі сабақтың мақсаты:
- Пайдалы сусындар туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, жалғау түрлерін қайталап, деңгейлік тапсырмаларды орындату.
- Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен танысайық.
Жаңа сөздермен жұмыс
Шұбат – верблюжье молоко
қымыз – кобылье молоко
шипалы – лечебный
сіңімді – питательный
өкпе – легкий
зәмзәм – святая вода
- Жаңа сөздерді мұғалім дауыстап оқиды, оқушылар қайталайды.
- Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мұғалім оқиды. Мәтін+слайд +аудирование
Шұбат – түйе сүтінен ашытып жасалған өте шипалы сусын. Шұбаттың құрамында адам ағзасына сіңімді, пайдалы заттар мол болады. Шұбат қан толықтырады, өкпе, асқазан ауруларына емдік дәрі ретінде пайдаланылады.
Қымыз – жылқы сүтінен алынатын қышқыл сүт өнімі. Қымызды өкпе, бүйрек, сүйек ауруларын емдегенде пайдаланады.
Балалар, осы мәтіндерден не түсіндіңдер?
Мәтінді кезекпен оқып, аудару.
Сергіту сәті “Мереке күніңмен” ән айту
IV. Жаңа сабақты бекіту.
I деңгей
1 - топ «Қымыз» - қымыз сөзін тәуелдеу.
2 - топ «Шұбат» - шұбат сөзін септеу.
II деңгей
Тақтамен жұмыс
1 - топ «Қымыз» мәтіні бойынша мына сөйлемдерді аяқтаңдар:
1) Қымыз – жылқы сүтінен....
2) Қымыз...,... емдегенде пайдаланылады.
3) Қымыз - өте... сусын
2 - топ «Шұбат» «Шұбат» мәтіні бойынша мына сөйлемдерді аяқтаңдар:
1) Шұбат – түйе сүтінен....
2) Шұбатта сіңімді, пайдалы заттар....
3) Шұбат...,... ауруларын емдегенде пайдаланылады
III деңгей
Венн диаграммасы.
Қымыз бен шұбаттың айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін салыстырып жазу.
V. Жаңа сабақты қорыту.
- Оқушылар, бүгін біз сабақта «Адамға пайдалы сусындар» тақырыбымен таныстық. Сол сусындар туралы не білдіңдер? Енді осы тақырыпқа және өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар ұяшықтарда жасырынған. Әр топ 4 ұяшықтан таңдап, сұрақтарға жауап беріп, өздеріне ұпай жинайды.
Қорыту сұрақтары:
1/ Шұбат неден жасалады?
2/ Қымыз неден жасалады?
3/ Қазақ тілінде неше жалғау бар?
4/ Көптік жалғауларды ата?
5/ Қандай дәрумендерді білесіңдер?
6/ Кешке қандай ас ішеміз?
7/ Қант тәтті ме, тұз тәтті ме?
8/ Ілік септігінің жалғауы қандай?
9/ Таңертең біз не ішеміз?
VI. Рефлексия
VII. Үй тапсырмасы: «Қымыз» және «Шұбат» тақырыбына мәліметтер жинап келу
VIII. Бағалау.
Адамға пайдалы сусындар
- Жадра
- 26 ақпан 2017
- 1849
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Адамға пайдалы сусындар, жалғау түрлерін қайталап, деңгейлік тапсырмалар орындату
Ұқсас жаңалықтар:
Қымыздың емдік қасиеттері
Қымыз асқазанның және басқа ас қорыту органдарының секреторлық қызметін қалыпқа келтіреді....Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз мүшеге ажырата білуге үйрету. Білім,...Қазақтың ұлттық дастарқаны
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың...Сүт өнімдері
Жезқазған қаласы, «№ 21 жалпы білім беретін» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы 1 «Б» сынып оқушысы Джакетаева Фатима Ғылыми – зерттеу...Қазақтың ұлттық тағамдары
Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.