Қазақ тілі. 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Білімділік мақсаты: Етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың білім мен білік дағдыларын қалыптастыру, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: рухани адамгершілікке, елін сүюге, адалдыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, шығармашылық.
Сабақтың көрнекілігі: сөйлемдер, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. 273 - жаттығу. Берілген тіркестерге сөйлем құрау, көсемшелерді табу.
2. Көсемше дегеніміз не?
3. Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Тұйық етістік. Тұйық етістік туралы түсінік беру.
а) Мектепте және үйде тәртіпті болу керек.
Тұйық етістік етістіктің ерекше түрі. Тұйық етістік етістіктің өзге түрлері сияқты емес. Тұйық етістік шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктің атауы ретінде ғана қолданылады.
Мысалы: жүру, тұру етістіктері бару, жүру, тұру қимылдарының атын білдіріп тұр.
ә) Тұйық етістік бір ғана – у жұрнағы арқылы жасалады. Тұйық етістік негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жалғанады.
Мыс: келу, барғызу, сөйлесу, бармау
Қимыл, іс - әрекеттердің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр.
б) Тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен.
Мысалы: Егеу (темірді егейтін құрал).
Ұсталар егеумен жұмыс істейді. (заттың мағынасы).
Пышақты егеу керек (қимылдық мағынасы).
Тұсау (малдың алдыңғы екі аяғын бекітетін жіп).
Тұсаумен малдың екі аяғын байлайды (заттық мағынасы).
Малдың аяғын тұсау керек (қимылдық мағынасы).
Мұнда тұйық етістік әрі заттық, әрі қимылдық мағынада қолданылады.
в) Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.
Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады.
г) Қайталау – оқу анасы.
Жастар техника тілін үйренуде.
Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті.
Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қызметін атқарады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
«Кітап – ақылға қуат беретін құрал»
274 - жаттығу. Тұйық етістіктерді теріп жазып, түбірі мен қосымшасын ажырату, табу.
Ү. Деңгейлік тапсырмаларымен жұмыс.
І - деңгей. (5 ұпай)
Төмендегі сөздерді тұйық етістікке айналдыр.
Жүр, көр, оқы, тап, жап, ақ, жақ, тақ, төк.
ІІ - деңгей. (4 ұпай)
Өлеңдегі тұйық етістікті тап.
Пайда ойлама, ар ойла.
Пайда қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қалай сабыр қыласың.
Жазықсыз күнде сөнуге?
Абай
ІІІ - деңгей. (3 ұпай)
Тест тапсырмасымен жұмыс
1. Тұйық етістікті тап
а) келген в) келу
с) келді д) келмек е) келіпті
2. Етістіктің тұйық етістік тұлғасымен тіркескен тіркесті тап.
а) отыра кетті в) барса игі еді
с) отырғысы келді д) тез келу е) тексерді
3. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғану арқылы заттық мағынаға ие болып тұрған сөздің қай сөйлемде тұрғанын көрсет.
а) көрмегенге көсеу тақ в) ол бүгін келу керек
с) оған сенуге болмайды д) мына ағаш қисықтау өсіпті
е) демалысқа келді.
4. Тұйық етістікті тап
а) қуу в) құрар
с) құрып д) қуды е) қуған
5. Тұйық етістік жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбыс өзгеріске ұшырайтын сөзді тап
а) кел в) бар
с) тап д) айт е) жүр
ІҮ - деңгей.
«Ұлық болсаң – кішік бол» тақырыбында эссе жазу
ҮІ. Шығармашылық жұмыс.
«Мәтін жаза білу де өнер»
Берілген тақырыптар төңірегінде тұйық етістікті байланыстыра отырып сөйлемдер құрау.
1 қатар Оқушының міндеті
2 қатар Адамға сөзіңізбен ұнау үшін не істеу керек?
3 қатар Өтірік сөз өрге баспас
ҮІІ. «Кім көп біледі?»
Берілген әріптерге тұйық етістікті сөздер жазу.
Б, к, қ.
ҮІІІ. «Ойлан, тап»
Бір әріптен басталатын сөйлемдер ішінен тұйық етістікті табу.
Көшеде кемтар кісіні көріп күлу – көргенсіздік.
Айтыста ақиық атану – ақындардың арманы.
Араласпау – ағайынның арасын алыстатады.
ІХ. «Кім тез табады?»
Жұмбақты шешіп, ішінен тұйық етістікті табу.
Жүзуде бар,
Қалуда жоқ,
Күлуде бар,
Жылауда жоқ. (.....)
Бірі – ағаш кесу құралы,
Бірі – шырынды бал бұлағы (....)
Х. «Сөз мәйегі – мақалда»
Мақал - мәтелдер ішінен тұйық етістіктерді табу.
Жуас түйе жүндеуге жақсы.
Қысқа жіп күрмеуге келмейді.
Оқу түбі – тоқу.
Білім қымбат, білу қиын
Көрмегенге көсеу таң.
ХІ. Сабақты қорытындылау.
а) Тұйық етістік дегеніміз не?
ә) Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?
ХІІ. Үйге тапсырма.
Тұйық етістік, оқу, ереже жаттау, 276 - жаттығу.
ХІІІ. Оқушылар білімін бағалау.
Қызылорда қаласы,
№112 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Мирамбекқызы Жадыра
Толық нұқсасын жүктеу
Тұйық етістік
- ramuk_b
- 6 ақпан 2017
- 14130
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұйық етістік, тұйық етістіктің түрлері
Ұқсас жаңалықтар:
Етістік
Іс - әрекеттің жүзеге асу, аспауына байланысты болымды, болымсыз деп аталады....Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...Тұйық етістік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...Тұйық етістік, емлесі
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.