Поэзия сағаты
Тақырыбы: Абай – өлең патшасы
Мақсаты: 1. Халқымыздың ғұлама ойшылы ұлы Абай өмірі мен шығармаларына терең бойлату;
2. Абай шығармалары арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, туған жерді, табиғатты бағалауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар.
Мұғалім сөзі:
- Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазақ жерінің шығысындағы құтты қоныс Семей облысы аталады. Соның төрінде әйгілі Шыңғыс тауы жатыр. Осы өңірде 1845 жылы тамыз айында дүниеге нәресте келді. Ел молдасы арнайы азан айтып, баланың құлағына үш рет айғайлап, атын қойды. Оның атын қазақша Ыбырайым демей, арабшасына жақындата Ибраһим деп атады.
Болашақ ақынның балалық шағы қос ананың – әже мен шешенің – тәрбиесінде өтті. Сүйікті немересінің Ибраһим деген атына тілі келмей, оны «ойлы болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын» деген тілекпен Абай атандырған да аяулы Зере әжесі еді.
Өзара өте тату ене Зере мен келін Ұлжан – екі ана байсалды, мейірбан, әділ адамдар болды. Олар Абайды бауырмал қайырымды да әділ етіп өсіруге тырысты.
Негізгі бөлім: поэзия сағаты басталады.
Мұғалім: Ұлы данышпан ақын Абай атамыздың 170 жылдығына арналған жыр сағатын бастаймыз
Оқушылар кезекпен шығып өлеңдерін оқиды.
1. Мақсат:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
2/1. Ақбота:
Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.
Кейде ыстық қан басып кетеді оны,
Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген,
Еркелік пен достықты ауру көрген.
Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты
Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген.
Тірілтіп өткен күнді, тағы шөлдеп,
Осы күнді күн демес қарғап, міндеп.
Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық,
Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп.
3/1. Жаннұр:
Кейде ойлайды жылауға қайғы зарын,
Тынышсыз күнде ойлаған дерттің бәрін.
Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап,
Кетірер деп мазақтап беттің арын.
Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай.
Кейде ыстық тағы да қан басады,
Кейде бір сәт тыншығар үн шығармай
4/2 Айсұлу:
Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы - ол,
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр - қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар - жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
5/2Бекарыс:
Бала туса, күзетер шылдақана,
Олар да өлең айтар шулап жаңа.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең - селең.
6/2Әлқайыр:
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,
Айтсаң да үддасынан шыға алмайсың.
Сен білмейді екен деп айтпасын ба,
Неге мұнша сіресіп құп алмайсың?
Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?
7/2Ділназ:
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді.
Қадірін жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа аған да айтар кезді.
Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?
Сүйенерлік адамды құрмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.
8/2Темірлан:
Көп топта сөз танырлық кісі де аз - ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі - жамау, бірі - құрау.
Әттең дүние - ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде - ақ көрініп тұр - ау.
Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңлін қойып, көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан - саулық ойда жоқ әуел баста – ақ
9. Джамиля:
Тоты құс түсті көбелек...
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
10/3Алия:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
11/3Айдын:
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
12/3Айым:
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
13/3Азамат:
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
14/4Диас:
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап - ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге, ерме.
15/4 Ақнұр:
Сізге айтамын, хаупім – бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма - жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі – тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
16/4 Назерке:
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл – гүл.
17/5Нұрзат:
Күз Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
18/5Дилара:
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі - ойын көрінбейді, сейіл - серуен.
Кемпір - шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
19. Әлихан:
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп - ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.
20. Ислам:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың
21/6 Дариға:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
22/6 Ділназ:
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?
Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір,
Желігін жерге тықпас кісің бар ма?!
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
23/6 Аяулым:
Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға?
Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін,
Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін.
Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма,
Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.
24. Расул:
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?
Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір,
Желігін жерге тықпас кісің бар ма?!
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға?
Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін,
Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін.
Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма,
Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.
25. Аружан:
Сағаттың шықылдағы емес ермек
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Балжан:
Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп,
Ойлама отсыз, ойсыз, суық жан деп.
Жүректегі жалынды көзден жас қып,
Ағызғаным болады ол неге сеп?
Антұрған ел көзіне тік қараймын,
Сонымды сен сөгеді - ау деп ойлаймын.
Жүрегімді кескілеп сатып жүрген
Арсыздарды досым деп неге аяймын?
Ішімде қайғым қалың, көз жасым кем,
Адам жоқ, кімді дос деп мен шағушы ем?
Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек,
Көзінен жасы шықса, бойына ем.
Көңіліңе дайын тұр ғой жайым менің,
Дұшпандығың қатайған шығар сенің.
Егер менің ішімді жарып көрсең,
Жылауыңды ұмытып, шошыр едің.
Қорытынды:
Абай - мәңгілік есім! Абайдың өлеңдерін тауысып айту мүмкін емес. Бүгінгі Ұлы Абай атамыздың 170 жылдығына арнайы жасаған поэзия сағатымыз аяқталды. Әр қайсымыздың жүрегіміздің төрінен орнын ойып алған сырға, мұңға, Отанға деген жанашырлық пен махаббатқа толы кербез ақын жырлары еш уақытта өлмейді.
Сау болыңыздар!
№85 ЖББОМ
Пән: қазақ әдебиеті
Мұғалім: Конысбаева А. Ж
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
"Бар" демес сендей бір,
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
"Бар" демес сендей бір,
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
"Бар" демес сендей бір,
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
"Бар" демес сендей бір,
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
"Бар" демес сендей бір,
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
"Бар" демес сендей бір,
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Поэзия сағаты "Абай"
- Алтынайдидар
- 29 қаңтар 2017
- 2346
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Поэзия сағаты Абай, Ұлы данышпан ақын Абай Құнанбайұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Көзімнің қарасы
Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы, Бітпейді ішімде, Ғашықтың жарасы....Абайға арнау
Абай деген — қазағымның данасы Абай деген — ақылдылар ағасы Абай атам ең керемет ақын ғой Қазаққа ғана бұйырған бір дарасы....Бес асыл, бес дұшпан
Бес асыл, бес дұшпан Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз... Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ, Бес...Абай салған сырлы әндер
Сабақтың мақсаты: А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орын, әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық...Жүрегімнің түбіне терең бойла
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Прназарова Альфия Асқарқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.