Сайтқа кіру Тіркелу

Көмектес септік (слайд)

Көмектес септік
Сұрақтары: кіммен? немен? кімдермен? нелермен?
Жалғаулары: - мен; - бен; - пен.

Жетіген сөзінің септелуі.
А. с. жетіген
І. с. жетігеннің
Б. с. жетігенге
Т. с. жетігенді
Ж. с. жетігенде
Ш. с. жетігеннен
К. с жетігенмен

Жұт

Оба, індет (ауру)
Мал қырылуы
Қуаңшылық (аштық)
Топан су (су тасқыны)
Зілзала (жер сілкіну)
Соғыс
Өрт

Мақалдар
1. Жұт - жеті ағайынды.
2. Жұт – жетеу, содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он.

Жоқтау – адам қайтыс болған кезде айтылатын жыр.
Ертеректе қадірлі азаматы өлген қаралы ауыл киіз үйдің түндігіне, кейде жапсарына аза туын іліп қоятын. Егер өлген адам жас болса, қызыл түсті жалау, орта жастағы адам болса, қара түсті жалау, қарт адам болса, ақ түсті жалау іліп қоятын болған.
Қаралы ауыл көшіп - қонып, үй жығып жатқанда, жүк артылып болып, көш жолға шығарда дауыс салып жоқтау айтатын болған. Мұнда үлкен мән бар. Өлген адамның соңғы күндері өткен жерді қимай, сол ата мекені мен өлген адамның арасындағы байланыстың үзілгенін қайғылы түрде паш етуді білдіреді.

1723 - 1727 жыл Ақтабан шұбырынды
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді...

Қазақтың абыз ақыны
Қадыр Мырза Әли.
Септеу өлеңі
Барлығына үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.
(Атау. Марат - кім?)
Жеке басым ең алдымен Мараттың
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.
(Ілік Мараттың - кімнің?)
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай бестік қойылыпты Маратқа.
(Барыс. Маратқа - кімге?)
Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
(Табыс. Маратты - кімді?)
Алғыссыз күн болған емес Маратта,
Жетеді онда ынта, жігер, талап та.
(Жатыс. Маратта - кімде?)
Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
(Шығыс. Мараттан - кімнен?)
Міне, сондай жақсы бала Маратпен
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең.
(Көмектес. Маратпен - кіммен?)

Жайық ақиық ақыны - Жұбанымен, абыз ақыны - Қадырымен, ақ шағаласы – Ақұштабымен арынды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×