Әліппе
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. І дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру, сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, сөз ішінде І әрпінің орнын анықтау.
2. Сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту. Озық ойлы оқушы болуға баулу
3. Ұйымшыл болуға, ұқыптылыққа, зеректілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі, кеспе әріптер «Сиқырлы әріптер» электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Сабаққа психологиялық дайындық
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
а) – Ж дыбысы қандай дыбыс?
- Сөздің қай жерінде жазылады?
Сөздерді тізбектей оқыту.
Ж әрпі бар сөздерге сөйлемдер құрату
ІІІ. Мақсат қою:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:
- Балалар сендер саяхатшы Дара мультфильмін білесіңдер ме?
Сол Дара қызбен бірге бүгін сабақта саяхатқа барамыз. Ол бізді орманды аралауға шақырады.
Ол үшін жолымызда кездескен бірнеше кедергілерден өтуіміз керек
1 - кедергі көлден өту. Көпір үстінде қабаған ит бар тапсырманы дұрыс орындасақ
ол бізді көпірден өткізеді ол үшін мына тапсырмаларды орындайық
- Сен сырт киімдеріңді қайда қоясың?
- Ілгішке іліп қоямын.
Ендеше ілгіш деген сөздің басында қандай дыбыс естіп отырмыз?
- І дыбысы. Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз І дыбысы мен әрпі
Электронды оқулықпен жұмыс
І дыбысы - дауысты дыбыс. Сөздер айту, сұрау, буынға бөлу.
Ілгіш сөзіне дыбыстық талдау жасату.
І - дауысты, жіңішке
Л - дауыссыз, үнді
Г - дауыссыз, ұяң
І - дауысты, жіңішке
Ш - дауыссыз, қатаң
ә) Сурет бойынша әңгімелету.
Ірімшік сүттен алынады. Ілгішке киімімді ілдім. Ілебай үздік оқушы.
Балалар Дараның ормандағы достарын біреулер торға қамап тастапты. Оларды босату үшін аюдың табанының астындағы кілтті алуымыз керек. Аю өте
қорқынышты жыртқыш аң. Оның тапсырмасын қатесіз орындайық
Мәтінді оқып беру, мазмұнына түсінік беру.
І дыбысы мен әрпі
- nurjan81
- 5 наурыз 2016
- 4162
- 0
- 0
Ілмек сөздер: І дыбысы мен әрпі, сабақ жоспар Әліппе
Ұқсас жаңалықтар:
Ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп...Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...Ө дыбысы мен әріпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты...О дыбысы және әрпі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Керимкулова Меруерт Бахытжановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.