Сайтқа кіру Тіркелу

Ақсақ киік

Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жұмабаева Венера Жәнібекқызы

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік
Өлең - көркемөнер туындысы. Көркем бейнелер: киік, Бетпақ дала, ақынның оз тұлғасы, ақын көтерген проблемалар. Табиғат әсерін, ақын қатынасын күшейту үшін қолданылған соз айшықтары. Бетпақдала, киік туралы танымдық мәліметтер. Жаңа ұғымдар, атаулар: шөп атаулары, Бетпақдаладағы тіршілік, ақын өмірінің оған байланысты өлеңнің идеялық мәні: экологиялық, географиялық, биологиялық, эстетикалық, поэзиялық таным.
ә) Тәрбиелік. Отан сүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
б) Дамытушылық - шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, баяндау, топтық және жекелей оқыту түрлері.
Сабақтың жабдығы: С. Сейфуллин суреті, шығармалары, Қазақстан картасы, киіктің суреті, жаралы киіктің суреті, слайд, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: география, жаратылыстану, музыка.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Кәне, балалар, өткен сабағымызда қай ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстық?
- Жүз жасаған алып ақын Жамбылдың өмірі мен «Өтеген батыр» дастанымен таныстық.

Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз
жылдар өнерімен шеберлігі түйіскен.
М. Әуезов

Қазір жыр алыбы Жамбыл төңірегінде оқып білгенімізді қорыту үшін сұраққа жауап беріп көрейік.

Пысықтау сұрақтары:
Өтеген кім?
Осы жырда Өтегеннің қандай іс - әрекеті көрінеді?
Өтегеннің іс - әрекеті Асанқайғымен ұқсастық бар ма?
Батырдың арманы не?
Батырдың ренжіп, қапалануы неліктен?
«Өтеген батыр» дастанының тақырыбы, идеясы не?
Міне, балалар, бүгін біз Жамбыл ақынның «Өтеген батыр» дастанында жырланған Өтегеннің халық үшін істеген игі істерімен таныстық.

III. Жаңа сабақ.
- Оқушылар, мен сендерге 4 - сыныпта өткен бір өлеңді оқимын. Сендер мұқият тыңдап, өлеңнің авторын еске түсіріңдер.
Үйден шығып балалар
«жаз болды, міне! десіп тұр
Сағындырған жаз желі
Оңтүстіктен есіп тұр.
Жылы ескектің лебімен
Дүние балқып көп тұр,
Сағындырған жаз әсері
Құшақтап беттен сүйіп тұр.
- С. Сейфуллиннің«Наурыз»өлеңі
- өте дұрыс.

- Балалар, біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С. Сейфуллин өмірімен «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз. (Сәкен, Ілияс, Бейімбет) «Абайдың інілері, қазақтың ірілері - Сәкен, Ілияс, Бейімбет»- деп ақын жырлағандай, бүгінгі сабағымызда Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып танысамыз.
(Сәкеннің өмірімен шығармашылығынан мәлімет беру)
- Мұғалім киіктің суретін көрсетіп:- оқушылар мына суреттегі қандай аң?
- Киік.
- Бүгін біз С. Сейфуллиннің осы бір сұлу аң туралы«Ақсақ киік»деген өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңді ақын өмірімен байланыстырған. Бұл өлеңін 1924 жылы жазыпты. Өлеңнің әнін кассетамен тыңдатамыз. Оқытушы өлеңнің мәтінін тұтастай мәнерлеп оқу.

Жоспары:
1. Бетпақдала туралы.
2. Киіктің өмір сүрген ортасы
3. Бетпақдала табиғаты
4. Киік - сұлу аң
5. Жаралы ақсақ киік
6. Киіктің аянышты хәлі

7. Табиғатты аялауға шақырған ақын үні
Сөздікпен жұмыс.
Бетпақдала - елсіз, құла түз, сусыз дала
Киік, бөкен - далалы жерді мекен ететін аша тұяқты жүйрік аң
Таңы - жануардың әсем, сұлу мүсіні
Баялыш, бетеге - шөп атаулары
Сегізкөштік - ұзындық өлшемі
Қос - шатыр, күрке
Ел - жайлау - ауыл, ел, жұрт
- Тақтадағы сөздерді сөздік дәптерімізге түсіріп алайық.

Өлеңде Бетпақдала туралы көп айтылады. Бірде киік, бірде бөкен деп суреттейді. Екеуінің қандай айырмашылығы бар? Бетпақдала туралы және сұрағымызға жауапты, өлеңге географиялық тұрғыдан мағлұматты айтып өтейін.

- Оқушылар, Бетпақдала - Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Арқа, яғни Сарыарқа. Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына дейін 1200км өңірді алып жатыр.

Бетпақдала осы Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты кұмды, шөлді жер. Табиғат зоналары шөлейт және шөл зоналарымен көзге түседі. Қуаңшылық жерлер көп болғандықтан сор, сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрі кездеседі. Себебі олар шөлді қоңыр топырақта өседі. Шөлейт өрісті мал жайылымына өте қолайлы.

Киік дегеніміз не? Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды. Түз тағысы ақбөкен де кең даладан жай тапқан. Киік - аталық, бөкен аналық жануар. Бөкенде мүйіз болмайды. Негізі мекені - Бетпақдала. Елсіз, мекенсіз, шөл дала. Шөлге төзімді киіктер ғана мекендейді. Оның мүйізі медицинада дәрі - дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Еті, мүйізі бағалы. Ақбөкендер өте төзімді. Үйір болып тіршілік етеді.

- Мұғалім: Географиялық тұрғыдан біраз мағлұмат алсақ, өлеңнің көркемдігіне назар аударып, талдау жасайық. Алдымен өлеңнің құрылысына назар аударайық.

Арқаның \\Бетпақдеген\\даласы бар\\а
Бетпақ - шөл\\ойлы - қырлы \\панасыбар\\а
Сол шөлде\\ел жоқ,\\күн жоқ\\өсіп - өнген, б
Жәндіктің\\киік деген\\баласы бар\\а
Сонымен қатар өлеңнен ақынның пайдаланған қандай бейнелі сөздерін байқадық? Көркемдегіш тәсілдің қай түрі кездеседі?
Қап - қара екі көзі мөлдіреген.
Әдемі екі танау желбіреген.
Елбеңдеп жас балаша жалтаңдайды
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
Теңеу дегеніміз не?
Теңеу зат пен құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы бейнелеу. Өлеңде киікті суреттегенде ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу.

Кітаппен жұмыс.
Мына адасқан құралайды анасына жетуіне төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы мына сатыдан өтейік.
1. Ақын Бетпақдаланы қалай суреттеген?
2. Киіктің сұлу бейнесін ақын қандай бейнелі сөздермен жеткізген?
3. Киіктің аянышты халін әңгімеле.
4. Ақынның мергенді айыптаған тұсы.
«Азайды соңғы кезде байғұс бөкен»,
Мүйізін пайда қылып, шетке сатып.
Өлеңде көтерілген экологиялық мәселелерді ақын осыдан жарты ғасыр бұрын айтса да, әліде шешуін таппай келеді деген жолдардағы адамдардың зиянкестік іс - әрекетінен олардың қатары мүлде сиреді. Браконьерлердің тек қара басының қамын ойлайтынын көреміз.
- Сонымен балалар, ақын осы «Ақсақ киік»өлеңінде не туралы айтқысы келді, жалпы тақырыбы не деп ойлайсыңдар?
Неге «Ақсақ киік» деп атаған?
- Жақсы, балалар, ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау, жан - жануарларды аялау екен. ХХ ғасырдың басында киік саны күрт азайып, бұл киелі жануар«Қызыл кітапқа» алынған екен. Киіктер неге азайды, кім кінәлі? «Қызыл кітап» дегеніміз не?
- С. Сейфуллин «Ақсақ киік»өлеңі арқылы жас ұрпаққа не айтқысы келді?
Біз осы өлеңнен қандай тәрбие аламыз?

«Ақсақ киік» өлеңін сатылай кешенді талдау.
1. Авторы - С. Сейфуллин
2. Тақырыбы - табиғатты қорғау, жан - жануарларды аялау
3. Жанр түрі - поэзия
4. Идеясы - табиғатты сақтау, әсемдікті аялау
5. Шумақ саны - 17
6. Тармақ саны - 4, 68 жолды
7. Бунақ саны - 3
8. Ұйқас түрі - қара өлең ұйқас
9. Әдеби - теориялық ұғымдар - теңеу
10. Түсіндірме сөздік -
11. Тәрбиелік мәні - табиғат ананы аялауға, табиғат берген сыйды бағалауға тәрбиелеу.

Қорытынды:
Алла тағала пендесіне «жер бетіндегі барша тіршілік иесін қолыңа беремін: жазық дала, тау - тас, шалқар теңіз, айдын көл, ну орман. Қаптаған жануарларға да өзің иелік ет. Менен кейінгі жауапты – сенсің. Жер бетіндегі өмір жақсы қалыптаса ма, жоқ әлде бүлініп ойраны шыға ма – саған байланысты. Түбі сенен сұраймын.» деп
аса зор міндет артып, шексіз билікті еркіне берсе керек.
Олай болса, табиғатты аялау, оның әрбір бөлшегін қастерлеу біздің еншімізде.
Аяймын мен анасыз, атасызды
Аяймын мен құлынсыз, ботасызды
Хайуанатқа жасаған қиянатың
Бауырыңа жасаған опасыздық
деп бүгінгі сабақты Қ. Мырзалиевтің мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Үйге тапсырма
1.«Ақсақ киік»өлеңін мәнерлеп оқу, үзінді жаттау
2. Оқиға желісіне байланысты сурет салу
3. «Біз - табиғат сақшысымыз» атты ой толғау жазып келу.
Оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×