Сайтқа кіру Тіркелу

Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары

Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қосымбаева Қатира Жауынқызы

Қазақ тілі 7 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары
Жалпы мақсат: Оқушылар сын есімнің шырайлары туралы түсініктерін кеңейтеді. Салыстырмалы шыраймен танысады, шырай түрлерінен ажыратады.
Сілтеме: «Қазақ тілі» жалпы білім беретін мектептің 7 - сыныбына арналған оқулық С. Исаев, Г. Қосымова «Атамұра»2012

Оқу нәтижесі: Сабақ оқушыларды оқуы үшін жауаптылыққа, қалыпты емес ойлау тәсілдері тақырыпты түсінуге ынталандырады.
Түйінді идеялар: «Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, араласпаңыз. Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды және оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді» «Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау»(1998)
Сабақта қолданылатын материалдар: А4 парақтары, парақшалар, тақырыптық презентациялық жазбалар, үлестірме парақтар
Оқыту әдістері: 1. Топтық жұмыс
2. Жеке жұмыс
Психологиялық ахуал туғызу 2 минут
Парақшадағы сөздерді құрастыра отырып, топқа бөліну ұсынылады.

I тапсырма
«Ой шақыру» 5 минут
Бірнеше үлкенді - кішілі, түрлі түсті суреттер көрсетіледі. Түстерді бір - бірінен айырмашылығы бойынша топтау ұсынылады.
- Не байқадыңыз?
- Бір тектес сындардың әр түрлі дәрежеде болуы туралы не айта аласыздар?
- Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

II тапсырма «ДЖИГСО»
Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтарға бөліне отырып, әр топта ұсынылған ақпараттармен танысады. Оларға қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алу тапсырылады. Жинаған мәліметтерін тірек сөздер арқылы түсіндіреді.
I топ:
- Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрін салыстырмалы шырай деп аталады.
- Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:- рақ,- рек,- ырақ,- ірек,
- лау,- леу - дау, деу,- тау,- теу;
II топ
- Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:- ғыл,- қыл,- ғылт,- қылт,- қылтым,- шыл,- шіл,- шылтым,- шілтім;
III топ
- Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:- ғыш,- ілдір,- аң,- қай,- ша,- ше;
Білімді жинақтау үшін берілетін тірек сөздер: Салыстырмалы шырай, Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар,- рақ,- ғыл,- ғыш,- шыл,- аң

III тапсырма 50 - жаттығу.
Қалыптастырушы бағалау «Айналмалы бекет»
Оқушыларға балалардың потретін жасауға қатысып тұрған сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдыру тапсырмасы ұсынылады. Сағаттың бағытымен айнала жүріп, орындалған жаттығуларды тексеру тапсырмасы жүктеледі.
I топ. Бораш бір ақ құба ғана емес, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей. Мөлдір қара көзінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай.
II топ. Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген тобылғы торы екен. Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел, Кеудесі шалқақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала.
III топ. Келте мұрын, аузы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанымен, маған ол өте сымбатты көрінді. Табаны жалпақ та, тайпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай.
- Өздеріңізге берілген тапсырманы орындай отырып, басқа топты да тексеріңіздер.
- Жұмыс қорытындысы үшін бір - бірлеріңізді жұлдызшамен бағалаңыздар.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының ерлік істері

Қазақ халқының ерлік істері

Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосымбаева Қатира Жауынқызы...
Баяндауыш. Баяндауыш болатын сөз таптары

Баяндауыш. Баяндауыш болатын сөз таптары

Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс - әрекетін, қимылын, жай - күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді....
Күшейтпелі шырай

Күшейтпелі шырай

Сабақтың мақсаты: білімділік Сын есімнің күшейтпелі шырайларын түсіндіріп, сын есімнен алған білімдерін кеңейту. дамытушылық: оқушылардың алған...
Сын есім түрленуі (сайыс сабақ)

Сын есім түрленуі (сайыс сабақ)

Асық-Ата кенті, Ж.Ералиев а/о, «Арай» е/м «Дәуір» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі...
Қызық құс

Қызық құс

Алматы облысы, Ескелді ауданы «Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×