Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстанның белгілі спортшылары

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
№6 орта мкетебі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Байымбетова Нургул Мылтыкбаевна

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Реттік сан есім тақырыбы бойынша оқушының білімін қолдану; Қазақтың белгілі спортшылары туралы мағлұмат беру; Спорт тақырыбы туралы мәліметтерді жалғастыру, спорт тақырыбына байланысты сөйлесу, жаттығу, анықтау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық: балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық жұмыстар жасауға жетелеу, танымдарын кеңейтіп, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Көрнекі құралдар: бейнебаян, слайд, бағалау плакаты, үлестірмелер, жұмыс дәптері.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жеке жұптық жұмыс, мәтінмен жұмыс, деңгейлеп, оқыта - үйрету ойындары.
Оқыту технологиясы: деңгейлеп - саралап оқыту

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 5 - тапсырма. Сөздіктің көмегімен таныс емес спорт терминдерінің мағынасын біліп келу. Слайдта спорт түрлерінің суретін көрсету барысында оқушылар біліп келген мәліметтерін айтып отырады.

Биатлон – бірнеше ату шебінде кіші калибрлі винтовкадан жатып және тұрып ататын шаңғы жарыстары.
• Тау шаңғысы спорты – арнайы жолдармен таудан төмен құлдилау.
• Конькимен жүгіру спорты – конькимен жылдамдыққа жүгіру.
• Мәнерлеп сырғанау – бұл спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл - қозғалысы.
• Фристайл – бұл тау шаңғысы спортының бір түрі. Ол өз ішінен үшке бөлінеді: могул – кедір - бұдыр жолдың бойымен тау шаңғысымен жылдам құлдилау; шаңғы балеті – әртүрлі би қимылдарын орындай отырып, таудан құлдилау; әуе (шаңғы) акробатикасы – акроботикалық қимыл - қозғалыстарды орындай отырып, екі метрлік трамплиннен секіру.
• Хоккей – мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын. Хоккейді шайбамен де, доппен де ойнайды.
• Шорт - трек – хоккей алаңында белгіленген қысқа мұз жолында конькимен жүгіру.
- Азиада еліміздің атын әлемде асқақтатты, осындай төк туымызды көкте желбіретіп жүрген белгілі спортшыларымыз да бар. Бүгінгі сабағымыз Олимпиада чемпиондарына арналмақ.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау Тыңдалым "Чемпиондар әні" (бейнебаян)
2. Жаңа материал.
Тақырыбы: «Қазақстан белгілі спортшылары» (1 - қосымша, таныстырылым слайдта спортшыларымыздың суреттері мен жетістіктерін көрсету)

3. Мәтінмен жұмыс «Баяндама» оқыта үйрету ойыны
Мұғалім оқушыларға 1 - мәтінді оқуды (Гонг), соңынан оның мазмұнын сурет, белгі,
сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.(Гонг).
Әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды.(Гонг) «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушылар жеңімпаз болады.

ІV. Бекіту
4. Деңгейлік тапсырмалар орындау
І деңгей
1. Сөздердің аудармасын табыңдар

тренер - жаттықтырушы
выносливость - ұстамдылық
здоровый образ жизни - салауатты өмір
организован - ұйымдастырылды
сборная Казахстана - Қазақстан құрамасы
крепкий - мықты
легкий - жеңіл
тяжелый - ауыр
борьба - күрес
терпеливый - шыдамды
победитель - жеңімпаз
чемпион мира - дүниежүзі чемпионы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қысқы спорт түрлері. Шаңғы спорты

Қысқы спорт түрлері. Шаңғы спорты

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың қысқы спорт түрлері туралы алған білімдерін пайдалана отырып, шаңғы тебуге дайындық жөнінде теориялық мәліметтермен...
Бас әріппен жазылатын сөздер

Бас әріппен жазылатын сөздер

Мақсаты: Жер - су, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту; қойылған сұрақтарға толық, түсінікті, дәлелді жауап беруге машықтандыру;...
Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары

Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары

Есімдік, Есімдік түрлерін пысықтау. Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын...
Нәтиже сабақ (Еріндік және езулік дауыстылар)

Нәтиже сабақ (Еріндік және езулік дауыстылар)

Грамматикалық тақырып еріндік дауыстылар бойынша оқушының білімін жүйелеу; жаттығу, анықтау, талдау жұмыстарын жүргізу; дауысты дыбыс түрлерін...
Менің сүйікті спортшым

Менің сүйікті спортшым

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Б. Ә. Омарова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×