Сайтқа кіру Тіркелу

Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы

№11 Ы. Алтынсарин атындағы
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қайрошева Гүлжихан

Қазақ әдебиеті 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: І. Жансүгіров шығармашылығы бойынша оқушылардың ой - өрісіне лайық мағлұмат беру, оқулық бойынша поэмадан үзіндіні мазмұндай отырып шығармаға сюжеттік жеңіл болып тартылған күй аңызының маңызын меңгерту, портрет, өлең құрлысы, көркемдегіш құралдар туралы теориялық мәліметтерін кеңейту.
ә) тәрбиелігі: Өнерге сүйіспеншілік, өнер адамына құрмет сезімдерін ояту арқылы, ұлттық рухымыздың күре тамыры күй құдіретін таныту арқылы ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге, туған өлкеміздің дара дарындарына деген құрмет сезімін ояту арқылы туған жерді қастерлеуге, сүюге тәрбиелеу.
б) дамытушылығы: көркем мәтінмен жұмыс жасай білуге, ізденіс жұмыстарына баулу арқылы өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу мәдениетін жетілдіру, оқушылардың белсенділігін арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: музыка сабағымен кіріккен интеграциялық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, мазмұндау, мәнерлеп оқу, талдау, гармошка әдісі,
сатылай кешенді талдау, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Ақынның өміріне байланысты суреттер, хроникалық таблица, семантикалық карта сызба, кеспе қағаздар, Атырау өңірі күйшілерінің суреттері, бағдаршам интербелсенді тақта
Техникалық құрал: күй үнтаспалары, компьютер, интербелсенді тақта.
Алдымен үй тапсырмасын бекіту үшін гармошка әдісі бойынша ашық - жабық сұрақтар беремін.

I. Кіріспе.
(сабақ басталғанда қобызбен тартылған күй сарыны естіліп тұрады.)
І. Жансүгіров шығармашылығы бойынша шағын шолу(суреттері, хроникалық таблица көрсетіледі.)
Әдебиет әлемінде өз халқының ұлттық қазынасына құнды мұралар қалдырған ұлылардың бірі І. Жансүгіров. Ұрпақ үшін оның парасат әлемі, білгір суреткерлігі, зор адамгершілік үлгісі - өшпейтін өнеге мектебі. Ұлылар бойындағы ортақ қасиет көп қырлылық болса, бұл ерекшелік Ілияс талантына тән. Ол әрі лирик, әрі эпик, әрі драматург, әрі сатирик. Яғни, ол өз шығармашылығында әдебиеттің барлық жанрын да қамтиды, әдебиеттің барлық жанрын да бірдей жемісті еңбек етті.
Дегенмен біз Ілиясты ең алдымен ақын деп қабылдаймыз. Ол - ақын болып туылған адам.

- Ілияс шығармаларындағы өнер тақырыбы
Жасынан ән - күйді терең сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән - күйдің құдіретті күшін жырлай шықты (сызба көрсетіледі).
Мына сызбаға назар салыңдар, Ілиястың өнер тақырыбына жазылған шығармаларын көреміз.

«Әншіге», «Бұлбұлға» атты алғашқы өлеңдерінде ақын әннің өзіне, басқа тыңдаушыларға әсерін сырттай суреттеу арқылы әнді, өлеңді өзінің терең сүйетінін білдіреді.
Өзінің кең құлашты поэмаларымен қазақ әдебиетінің алтын қорын молайтқан Ілиястың 15 - ке жуық поэмасы бар. Сызбада ән - күйдің алуан сырын, сансыз күйін жеткізе білген ақын поэмалары берілген.

- Күй өнері туралы
Қай халықтың болсын ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын өзіне тән белгі - бедерлері бар. Соның ішінде «құлақтан кіріп бойды алған», көңілді билеп ойды алған сұлу саз өнерінің төресі - күйдің құндылығы бір бөлек. Күй қай заманда болсын ұлттық рухымыздың күре тамырына айналды. Сонау көне дәуірде тілмен жеткізе алмағанды күймен жеткізген талай саңлақ күйшілер болған. Ол туралы аңыздарда жеткілікті.
- Бір сәт ойланып еске түсірейікші. Күйге байланысты қандай аңыз оқып едік?
-«Ақсақ құлан, Жошы хан» және «Кет - Бұғаның естіртуі»
- Бұл екеуі екі түрлі аңыз ба?
- Бұлар бір аңыздың екі түрлі нұсқасы.
- Айырмашылығы неде?
- Оның біреуі фольклорлық нұсқа, ал екіншісі М. Мағауин ұсынған әдеби нұсқасы.
- Тағы қандай өзгешелік байқадыңдар?
- Фольклорлық нұсқада баланың өлімін домбырамен, әдеби нұсқада Жошы ханның өлімін қобызбен естіртеді.

II. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда «Бозінген» күй аңызы сюжеттік желі болып тартылған І. Жансүгіровтің «Күй» поэмасына тоқталамыз. Егер біз бұдан бұрын өткен күй аңыздың әдеби нұсқасында Кет - Бұғаның портретімен таныс болсақ,«Күй» поэмасының басталуында қобызшы Молықбайдың портреті көрінеді.(Портрет дегеніміз не?)
Молықбай туралы оқушыларға түсінік беріп кету.
а) поэманың басталуы
- Қобызшы Молықбайдыі портреті
- Ол тартқан күйлер
- Күй тыңдауға құмарланған балалар
- Күй құдіреті
ә) «Бозінген» күй шерткен сыр
- Бағылан байдың байлығы
- Үкілеп боз тайлақ
- Жетім тазшаның болжамы
- Інгеннің боталауы
- Ботасынан айырылған бозінген зары
б) «Күй күшті, тауды - тасты бұзатұғын»
Ескерту: «Бозінген» оқиғасының тарихын тереңірек білу үшін үнтаспадан тыңдатылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
aiboll
  • aiboll
  • 23 қаңтар 2016 22:24
Гүлжихан, сіздің сабақ жоспарыңыз өте сауатты жазылған. Осындай сапалы жұмыстармен сайттың дәрежесін көтере бересіздер деген ойдамын.
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×