Атырау қаласындағы химия - биология
бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Текеева Жанша Тажибаевна
Сабақтың тақырыбы: Поэзиядағы махаббат пен абырой
Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
Т/Ж1 Әдеби кейіпкердің мінезін анықтап, диалог және монолог түрінде идеялармен бөліседі, оқиға желісі мен кейіпкердің іс - әрекетіне баға береді.
АИ2 Кең көлемді шығармалардағы автор көзқарасын және оқиға желісіне байланысты кейіпкердің көңіл күй дамуын талдайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
• шығарманың мазмұнын түсінеді, әдеби кейіпкерлердің мінезін анықтай алады, кейіпкерлердің іс - әрекетіне баға бере алады.
Кейбір оқушылар:
• оқиға желісіндегі кейіпкерлердің көңіл күй дамуын талдай алады.
Жетістік критерийлері:
оқушылар сұрақ - жауап арқылы кейіпкерлердің мінез - құлқына баға бере алады;
мәнерлеп оқып, таңдалған үзіндінің мағынасын бір - бірімен байланыстыра алады.
оқу мақсатына жеткен оқушылар автордың көзқарасына талдау жасай алады.
автордың өмірбаянымен байланыстырып, тиісті үзінділер келтіріп өз жауаптарын негіздей біледі.
Тілдік мақсаттар:
Махаббат жолындағы күрес, ғаділет пен таза жүрек, абырой, намыс, жастардың бас бостандығы
Осыған дейін меңгерілген білім:
Бұл бөлім 7 - сыныптың мазмұны, дағдылары мен біліміне сәйкес келетін қызықты мәтіндермен жұмыс жасай отырып, сыни ойлау мен болжау дағдыларын одан әрі дамыту.
Сабақта жоспар бойынша орындалуы тиіс іс - әрекеттер:
Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту
Тамара Асардың «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін тыңдату.
«Ой қозғау» сұрақтары:
Бұл ән сіздерге таныс па?
Ән мазмұнынан нені түсіндіңіздер?
Орындаушысы кім?
Ән авторын білесіздер ме?
( оқушы жауаптары тыңдалады)
Бұл тамаша әннің авторын білу үшін тақтаға мән берейік.
«Сөздер сөйлейді» (1 - слайд)
Оқушылар керек мәліметтерді дәптеріне түсіреді. Болжау арқылы жаңа тақырыпты ашады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты (2 - слайд)
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларды поэманы қызығып оқу арқылы мазмұнын толық меңгерту;
Кейіпкерлер іс - әрекетіне талдау жасау.
Сыныпты 4 топқа бөлу.
Жастар, махаббат, абырой, намыс
Мағынаны тану
ТЖ. Оқушыларға поэманың мазмұн бөліктері ұсынылады. Әр топ таңдауын жасайды. Неге таңдағанын түсіндіреді.
Топ алдына сыни ойлау сұрақтары тасталады. Сұрақтарға өз жауаптарын тарих пәнімен байланыстыра отырып қорғайды.
Романтикалық па, шынайы ма?
Рухтандыра ма, құлазыта ма?
Ашық па, әлде жұмбақ па?
Тыныш күйде ме, әлде мазасыз күй бере ме?
Оқушылар бір бірінің жауаптарын «Бас бармақпен» бағалайды.
Тапсырма ТЖ
1. Әр топ өздері оқыған бөлімнің оқиғалар тізбегін құру.
2. Таңдалған үзіндідегі кейіпкердің мінез - құлқын мәнерлеп оқу арқылы көрсету
3. Кейіпкерлердің іс - әрекетіне монолог түрінде баға беру.
Бағалау.
Сергіту сәті. «Мен кіммін?»
Ойынға шыққан оқушы маңдайына жапсырылған қағаздан басқалардың суреттеуі бойынша жұмбақ кейіпкердің кім екенін табады.
СЖ. «Ойлан. Тап. Ізден.»
Поэма желісінен автор көзқарасын анықтау, талдау
Өз пікірін білдіру
Бағалау. «Өзіңді - өзің бағала» әдісі арқылы оқушылар өз - өзін бағалайды.
Рефлексия:
Бүгінгі сабақтағы 3 маңызды ақпаратты белгілеңіз
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Поэзиядағы махаббат пен абырой. Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
- bibka
- 25 желтоқсан 2015
- 3174
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Поэзиядағы махаббат пен абырой, Шәкәрім, Қалқаман Мамыр поэмасы
Ұқсас жаңалықтар:
«Алып Ер Тоңға» жыры
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6 Б/С1 Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және...Нұрдәулет Ақыш “Нағыз әже қайда?” әңгімесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5 Т/А1 Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау...Жұбан Молдағалиев "Мен қазақпын"
11 қазақ сыныбында қорытынды аттестаттауға дайындық барысында өткізілген сабақ әзірлемесі...Қалқаман - Мамыр поэмасы
Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, поэманың мазмұнын ұғындыру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманы композициялық құрылымына талдау....Шегіртке мен құмырсқа (Мысал)
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №5 Ақарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекасилова Молдир Амантаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.