Сайтқа кіру Тіркелу

Фонетика. Дауысты дыбыстар

№134 орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Алиева Динара Ақұзаққызы

Қазақ тілі 5 - сынып
Фонетика. Дауысты дыбыстар (презентация)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы дауысты дыбыстарды ажырату.
Тәрбиелік: Сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеуге шақыру, басқаның пікірін сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын дамыту, қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың технологиясы: МОТ
Сабақтың көрнекілі: интерактивті тақта, оқулық
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, ойын.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін
сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау
Сөзжұмбақ

Жаңа сабақ.
Дауысты дыбыстар
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫС ТІЛДІҢ ҚАТЫСЫНА ҚАРАЙ
ЖУАН
А, О, Ұ, Ы, У
(5 әріп)
Тілдің кейін шегініп, үсті дөңестеу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауысты дыбыстар деп атаймыз.

ЖІҢІШКЕ
Ә, Ө, Ү, І, Е, И, Э, У (7 әріп)
Тілдің ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауысты дыбыстар деп атаймыз.

Желтоқсанның жиырма екісі
Д а у ы с т ы д ы б ы с т а р.
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
ІІ. Мағынаны тану.
Дәптермен жұмыс

237 - жаттығу.
Ауызша орында. Метаграммаларды шешіңдер.

Егер т - дан бастасаң -
Биіктердің биігі. (тау)
Егер д - дан бастасаң -
Қиындардың қиыны. (дау)
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы. (ау)
Г - ден баста, мен кілең,
Ажарымын өмірдің. (гүл)
К - ден баста, енді мен
Қалдығымын көмірдің. (күл)

Егер б - дан бастасаң -
Түтіндей боп көшемін. (бу)
Егер н - дан бастасаң -
Жап - жасыл боп өсемін. (ну)
Жеке өзімді тастасаң -
Ішкен жанға кеселмін. (у)
К - ден егер бастассаң -
Шомыласың суына. (көл)
Ш - дан егер бастасаң -
Жазда аунайсың құмына. (шөл)

240 - жаттығу.
Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.
Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (жұмыртқа)

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең - қанат, сүті дәрі,
Еті тамақ. (жылқы)

241 - жаттығу.
Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке у дыбысы бар сөздерді екінші бағанаға теріп жазыңдар.
Ашу, білу, қазу, сену, жазу, қу, беру, ілу, жолығу, кезу, сызушы, жу, көну, қону.
Жуан дауыстылар
Ашу
Қазу
Жазу
Қу
Жолығу
Сызушы
Жу
Қону

Жіңішке дауыстылар
Білу
Сену
Беру
Ілу
Кезу
Көну

“Жоғалған әріптер” ойыны
242 – жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқу.
... л... пби
Б... г... н мұғал... м үлк... н қ... ғ... з әк... ліп, іл... п қойд.... Қағаз бет... нд... гі... ріптер үлкен - үлкен ет... п жаз... лған. Астын... “... л... пби” деген сөз ж... зылған. М... ғал... м: “Барлық әр... п осы. М... нда тан... майтын әр... птер... ң бар ма?”- деді.
Біз:”Ж... қ!”- дед... к.
“Ендеше,... ріпт... ң б... рін біліп б... лдыңд... р. Енд... Қ... ндай с... з болс... да... қуға жарайсыңдар.
М... нау – әр... птерд... ң бастан - аяқ рет... мен тұрғаны. Бұл “әр... п реті” деп аталад.... Әр... птерд... түг... л айту керек б... лған кезд... де осы ретім... н іздейс... ңд... р,”- деді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×