Ақмола облысы,
«Атбасар ауданы, Садовая негізгі мектебі» КММ
Қаратаева Н. Ж.
Сабақтың тақырыбы: "Қандай көркем туған өлкем!" /Сабақтас құрмалас сөйлем/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа тақырып жайлы оқушылардың білімдерін толық тереңдету;
сабақтас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада оны салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: сөз қорын молайту, тіл дамыту, туған жер туралы және «Бурабай» туралы әңгімелеуді баулу.
Тәрбиелік: туған жерін сүюге, табиғатын құрметтеп сақтауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі мен әдісі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Бурабай» көрмесі, суреттер, сызбалар, мәтін, карточкалар, тест, бағалау парақтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал. Сыныптың ортасына тұрамыз. Шеңбер құраймыз.
– Балалар, айналамызда көңіл - күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір - бірімізге жақсы көңіл - күй мен саулық тілейік.
/әр оқушы бірін - біріне жақсы тілектер айтады/
Мен оқушыларға бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.
/Топқа бөліп отырғызамын./ /бағалау парақтарды таратамын/
1. 1. Үй тапсырманы тексеру.: 71 бет, 6 тапсырма, артық сөзді септеу және тәуелдеу. -«Отырар» сөзіне - синквейн жазу.
1. 2. Сұрақ - жауап. Ережелер.
• Зат есім деген не?
• Етістік деген не?
• Сын есім деген не?
• Үстеу деген не?
• Сан есім деген не?
• Құрмалас сөйлем деген не?
• Неше және қандай түрлері бар?
• Салалас құрмалас сөйлем деген не?
• Оның неше және қандай түрлері бар?
• Салалас құрмалас сөйлем түрлерінің жалғаулықтарын атаңдар.
• Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
• Оның неше және қандай түрлері бар?
/топпен жұмыс, карточкалар/
Қазір сендерге тапсырма беремін.
Тапсырма:
Салалас құрмалас сөйлемдердің түрін анықтап, жалғаулықтарын белгілеңдер.
1 топ.
Қазақ еш уақытта өз бетімен біреумен соғыспаған және батырлар елдің бірлігін сақтаған. /ыңғайлас сқс/
Қазақстанымыз аз уақыт ішінде құлпырып өзгерді, бірақ та тәуелсіздік үшін қаншама күш берілді. /қарсылықты сқс/
Біздің жерімізде көптеген өзен, көл мен су қоймалары бар, кейде қалың орман, тоғай кездеседі. /кезектес сқс/
2 топ.
Нышандар халқымыздың бірлігін көрсетеді, сондықтан оларды мақтан ету керек. /себеп салдар сқс/
Халықаралық жарыстарға Қазақстанның өкілдері барады немесе Өзбекстан өкілдері қатысады. /талғаулы сқс/
Оқушының бүгінгі сабаққа дайындалмаған себебі мынау: күнделік пен дәптеріне үй жұмысын жазбады. /түсіндірмелі сқс/
Сөздік жұмысын орындау /бір оқушы тақтада орындайды/
Тұратын жері - мекені, қоршаған орта - табиғат, өмір бойы, үнемі - мәңгі, шетсіз - шексіз, байтақ - кең, астам, көп - артық, шың, алуан - әртүрлі, орман - тоғай. /қосымша тапсырма: мекен – сөзін тәуелдеу, басқа оқушы сұрақ қояды, және өзі осы сөзді септейді - ауызша/
ІІ. Жаңа сабақ.
... Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі -
Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?
Сәкен Сейфуллиннің сөзімен бүгінгі жаңа сабақпен танысайық.
- Бүгінгі жаңа сабақтың лексикалық тақырыбы: Қандай көркем туған өлкем.
Грамматикалық тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем. /мақсаттарын айту/
2. 1. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру. /Бурабай туралы/
Чингиза: Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320, 6 м биіктікте.
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне - бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.
Кирилл: Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл. Оның суы тұщы, мөлдір. Көлдің айналасы – қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза. Табиғаты ерекше. Бурабайдың табиғаты туралы көп өлеңдер, әңгімелер жазылған. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр” т. б. тарихи орындар бар. Сол себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары орналасқан.
«БУРАБАЙ» — мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ. 2000 ж. 12 тамызында ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша құрылған. Жалпы аумағы 83511 гектарды құрайды. Ұлттық саябақ табиғаты қорғауға алынған мемлекеттік мекеме. Саябақ Шучье - Бурабай курортты аймағында орналасқан.
Енді, ой шақыру: «Бурабай» дегенде қандай сөздер мен ұғымдар ойларына түседі? /кезекпен бір сөзден жау.
Ғажап, көркем ғажап табиғат
ормандар шипажайлар
2. 2. Кітаппен жұмыс. 1 тапсырма, сөздерді кезекпен оқып, аударыңдар/
• Синонимдес сөздермен жұмыс.
/ оқушылар кезекпен сөздердің мағынасын өз сөздерімен түсіндіріп береді, орыс тіліне аударады/
Көркем - әдемі - сұлу /красивый, прекрасный/
өлке - туған жер - атамекен /Родина, родная земля/
арасында - ортасында /между, в центре/
Атақты - белгілі - әйгілі /известный/
жанға жайлы - пайдалы / для души, полезный/
дауа - ем - шипа /лечение/
Ежелден - бұрыннан - баяғыдан /с давних пор/
дерт - науқас - сырқат - ауру /больной/
сауығып - емделіп - жазылып /лечась/ алғашқы - бірінші - тұңғыш /первый/ сол кезден - сол уақыттан /с того времени/ шипажай - сауықтыру орны /санаторий/ түкпір - түкпірден - әр жерден - алыстан /издалека, со всех сторон/
Емдік - шипалық / благотворный/ ұқсас - жақын /похожий/ таныды - білді /узнал, узнали/ демалу - тынығу /отдыхать/
/ сөздермен сөз тіркестіру, сөйлем жасау - ауызша/
• 2 - тапсырма, мәтінді түсініп оқу, ең маңызын айтып беру.
• 3 - тапсырма, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Сабақтас құрмалас сөйлем.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.
Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқы сөйлем және басыңқы болады.
Бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:
1) Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - са, се
2) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем – са да, ған мен; се де, ген мен.
3) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - ған - да, ған - ша, ған - нан, ген - де, ген - ше, ген - нен.
4) Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - ған - дықтан, - ған соң; ген - діктен, - ген соң.
5) Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - у үшін, мақ; у үшін, - мек; у үшін, - бақ; у үшін,- бек; у үшін, пақ, у үшін – пек.
6) Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем — ып, - іп, - п, - а, - е, - й.
2. 4. Дәптермен жұмыс. 5 - тапсырма, сабақтастың түрлерін анықтап /қосымша бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау/
/кім?/ Сіз /бастауыш/ /қайда? осында - пысықтауыш/ /не істесеңіз? келсеңіз - демалып - баяндауыш/, /не істеп?/емделіп қайтасыз –/баяндауыш/. (хабарлы, құрмалас сөйлем - сабақтас - шартты сқс, толымды, жайылма, жақты - Жіктеу есімдік - 2 жақ, жекеше түрі. )
/нашар оқитын оқушыларға тапсырма - Паша, влад, валера - сөздерді септеп, жалғауларын белгілеу. Ғажайып Бурабай, Әдемі жұмбақтас, туған өлке.
Мақалдарды құрастыру.
1. Отан оттан да ыстық.
2. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
3. Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.
4. Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.
5. Отан отбасынан басталады.
6. Отаның тыныш - сен тыныш.
Синквейн жазу.
Бурабай.
Емделу, тынығу.
Көркем, шипалық, пайдалы.
Бурабай - Қазақстанның ғажайып жері.
Туған өлке.
Тест сұрақтарына жауап беру:
1. Бурабай көлі қай қалалардың арасында жатыр?
А) Астана мен Көкшетау В) Астана мен Қарағанды С) Астана мен Алматы
2. Бурабайға адамдар қандай мақсатпен келеді?
А) жұмыс істеу үшін В) демалып, емделу үшін С) жаңа заттарды сатып алу үшін
3. Бурабайда не көп?
А) дүкендер В) мектептер С) шипажайлар
4. Бурабайдың фотосуретін бүкіл дүниежүзілік көрмегем қойылғаннан кейін қалай атайды?
А) «Қазақстан Швейцариясы» В) «Қазақстан Швециясы»
5) Бурабайдағы алғашқы сауықтыру орны қай жылы ашылды?
А) 1915ж В) 1910ж С) 1920
ІІІ. Сабақты қорытындылау. Жаңа тақырыпты бекіту:
Тақтада ағаштың суреті салынған. Ағашқа алмаларды ілу керек. /стикер/
Алмаға бүгінгі сабақтағы не ұнағанын, не білгендерін жазасыңдар.
- Сабақта не істедік? Не үйрендік?
ІV. Үйге тапсырма. 1 тапсырма - жатқа, 4 тапсырма жазбаша - 72 - 73 бб.
V. Бағалау.
Қандай көркем туған өлкем! (Сабақтас құрмалас сөйлем)
- nazgul1277
- 4 желтоқсан 2015
- 8893
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 9 сынып сабақ жоспары, сабақтас құрмалас сөйлем туралы сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі? Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас...Құрмалас сөйлем (10 – сынып)
Қостанай облысы, Денисов атындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Амантаева Найля Сейткалиқызы...Абайдың мұражай-үйі
Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас...Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...Қарсылық мәнді салалас және қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемде ...
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Берден Қайрат Құндақбайұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.