Сайтқа кіру Тіркелу

Жамбыл Жабаев "Аттандыру"

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сұрат ауылы,
№19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Даулеткелдиева Айгерім Аманжолқызы

«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында.
Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп өлмес рухының алдында басымызды иеміз»
Н. Ә. Назарбаев

Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев «Аттандыру» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жамбыл Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жамбыл Жабаевтың өлеңін оқыта отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер, семантикалық карта, топтастыру, аудиокітап
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. 1. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұсынылған тақырыптарға мәтін құрау
1. «Әміре - ән асқары»
2. «Өнерлінің өрісі кең»
3. «Әмірқан – үлкен жүрек иесі»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру.
«Ұтымды жауап» (Сұрақ – жауап )
Жамбыл туралы не білеміз?
Жамбыл қай жерде туылған?
Қай жылы дүниеге келген? (1846 ж.)
Қанша жыл өмір сүрді? (99жыл)
Жамбыл кім? (жыршы, дастаншы, айтыскер, ақын)
Ақынға бата берген ұстазы кім? (Сүйінбай Аронұлы)
Қандай атақты айтыскерлермен кездесті? (Құлмамбет, Досмағамбет, Сарыбас, Айкүміс, Бақтыбай, Шашубай )

Жамбыл – ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы. Ол 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау тауы баурайында дүниеге келген. Бала кезінен өлең - жырға үйір болған.
М. Әуезов:
1. Бала Жамбылдан - Дана Жамбылға дейін баспалдақ
Сәби Жамбыл
Бала Жамбыл
Жасөспірім Жамбыл
Ақын Жамбыл
Айтыскер Жамбыл
Жыршы Жамбыл
Күйші Жамбыл
Дана Жамбыл
Жамбыл – ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы. Ол 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау тауы баурайында дүниеге келген. Бала кезінен өлең - жырға үйір болған.
1936 - 1945 жылдары шығарған жырларының орны бөлек.
Көктей түс Отанымның шаттық бағы,
Кел ұшып, сайрай түсші бұлбұл тағы.
Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,
От жүрек еркіндіктің адамдары. /Жамбыл. «Күн толғауы»/
Бұл өлең – 1938 жылы жазылған ақын атамыздың «Күн» толғауынан үзінді. Ол кезде бейбіт өмір болатын. Содан кейін соғыс басталып кетті.
Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік – Жамбыл шығармаларының негізгі арқауы. Ақынның көптеген өлеңдері еліміздің бейбітшілік саясатына арналған. Жамбыл Отан қорғау тақырыбын жырлағанда есімдері елімізге кеңінен танымал халық батырларының бейнелерін көз алдымызға қайта елестетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады. «Ленинградтық өренім» (1941ж.), «Мәскеу», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» атты өлеңдері, «Ұлы көш» толғауы майданның алғы шебіндегі кеңес жауынгерлерін ерлік күреске рухтандырған ұран болды, сол кезде олар ауыздан ауызға таралып жатты.
«Ленинградтық өренім» туралы Прокофьев былай деп жазды: «Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі жарияланған кез ең ауыр кезең еді. Халықтың рухын көтеру үшін бұл жыр радиодан күн сайын оқылып тұрды. Халық бомбадан тығылу орнына Жамбыл өлеңі жазылған газеттерді алу үшін кезекте тұрғанын талай көрдік.»
Жамбылдың отаншыл өлеңдерінің ішінде дастандары ерекше орын алады. Бұл қатарда оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Замана ағымы», т. б. дастандарын атауға болады. Ол - керемет жыршы. Жамбыл қырғыздың әйгілі «Манас», шығыстың «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп - Зылиха», т. б. жыр - қиссаларын тәулік бойы талмай жырлаған.
Оқушыларға сұрақтар:
- Соғыс қашан басталды, қашан аяқталды?
«Тұжырымдама» кестесі
Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді?
Соғысқа қарсы нелер, қандай күштер жасақталды? Соғыста жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті?

Сондай шығармасының бірі – соғыс жылдарындағы Жамбылдың аса бір әсерлі өлеңдері – баласы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза болғанда айтқандары. Яғни «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері. Екеуі де ауыз әдебиеті үлгісінде, батагөйлік сарында көркем суретпен, терең философиялық мәнде туған.
Бүгінгі сабағымызда «Аттандыру» өлеңі.
«Аттандыру» өлеңі (электронды оқулықтан оқыту).
2. Оқушыға оқытамын.
- Өлең кімге арналған?
- Ұлы Алғадайға арналған.
- Өлең не туралы?
- Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түкпірінен шыққан әкелік сезімі.
(Бата, оның түрлері, қоштасу туралы айтылады)
Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады.

Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепрпетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.
Тақтамен жұмыс жүргізу
Өлең құрылысына талдау.
Авторы:
Жанры:
Тақырыбы:
Мазмұны:
Шумақ:
Тармақ:
Ұйқас:
Бунақ:
Семантикалық карта
Жауаптар
Жабай
Сүйінбай
1846 - 1945
Ұлдан
Қанадан
1941 - 1945
Сұрақтар
Жамбылдың әкесі
Жамбылдың пірі кім?
Нағашысы
Анасының есімі?
Қай жылдар арасында өмір сүрді
Ұлы Отан соғысы қай жылдар арасын қамтыды?

Шығармашылық жұмыс
Ақынға хат жазу
Түсіндірме күнделігі
Өлеңдегі маған әсер еткен шумақ Неліктен ол маған
әсер етті?

ІҮ. Бекіту.
1. Жамбыл кім? (Топтастыру)
2. Кімдермен айтысқан?
3. Өлеңдерінің негізгі идеясы?
Ү. Үй тапсырмасы. «Аттандыру» өлеңін жаттау.
«Бейбітшілік», «Болмасын соғыс» тақырыптарының біріне шығарма.
ҮІ. Бағалау.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Жамбыл, ақын, айтыскер, жыршы
Ұқсас жаңалықтар:
Ж. Жабаев.

Ж. Жабаев. "Менің өмірім", "Аттандыру"

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...
Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...
Жамбыл Жабаев өмірі мен өлеңдері

Жамбыл Жабаев өмірі мен өлеңдері

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы

Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Суықбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Карибаева Зауре Оразбайқызы...
Ж.Жабаев «Аттандыру»

Ж.Жабаев «Аттандыру»

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №3 орта мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі : Кадырова Нұрсая Жолмырзақызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×