Сайтқа кіру Тіркелу

Түскі ас

Сабақтың тақырыбы: Түскі ас
Сабақтың түрі - дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі - Білім мен іскерлікті қалыптастыру
Сабақтың мақсаты: білімділік - Оқушылардың сөздік қорын молайту, шығыс септіктің жалғану жолдарын түсіндіру; түскі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.
тәрбиелік - денсаулықтың кепілі - дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу.
дамытушылық - Мәтін мен мақал - мәтелдер мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
Сабақта қолданатын көрнекі құралдар - сурет, оқулық, жеке тапсырмалар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. Кезекшілер диалогі:
- Сен қандай сүт өнімдерін білесің?
- Қазақтың ұлттық тағамдары қандай?
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Сөздер мен ереже жаттау (зат есімнің септелуі)
3 Сөздікпен жұмыс
Ас мәзірі - меню
қою тамақ - вторые блюда
сұйық тамақ - первые блюда
сусын - напитки
түскі - обеденный
әртүрлі - разнообразная
қабылданады - принимается
болуға тиісті – должен быть
палау - плов
мәнті - манты
шырын - сок
ас ішер алдында - перед едой
асықпай - не торопясь
Берілген сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру

4. Жаңа сабақ
ә/ Мәтінмен жұмыс Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, сөздерді сөз құрамына талдау
Түскі ас
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болу керек. Түскі аста негізгі тамақ қабылданады.
Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам, қою тағам және тәтті тағамнан тұрады. Ас мәзірі мынандай болуға тиісті: сұйық тағамға - борщ немесе салма, қою тағамға – палау немесе мәнті, сусындардан - бір стақан сүт, шай немесе кофе.
- Балалар, тамақтанудың қандай ережелері бар?
Тамақтану ережелері:
1. Өз уақытында тамақтану керек.
2. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек.
3. Тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды.
4. Тағамды асықпай жеу керек.
5. Тамақты көп жемеу керек.

5. Бекіту а/ ауызша жұмыс Жұппен жұмыс
а/ Тапсырма: Бауырсақ – ұннан, жұмыртқадан, сүттен, тұздан, ашытқыдан жасалады.
- Барыс септік сұрақтары қандай?
- Жалғаулары қандай?
- Қалай жалғанады?
- Борщ неден жасалады? (еттен, сорпадан, орамжапырақтан, пияздан, картоптан, қызынақ пастасынан жасалады)
- Мәнті неден жасалады? (еттен, пияздан, сарымсақтан, тұздан, ұннан жасалады )
ә/Жеке тапсырма 1
- Сен түскі асты қайдан ішесің? /үйден/
- Түскі ас мәзірі неден тұрады? /Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам, қою тағам және тәтті тағамнан тұрады.
Жеке тапсырма 2 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Тату үйдің тамағы тәтті. В дружной семье и еда вкусная.

Жеке тапсырма 3 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
Керекті сөздер: тоқ сытый, аш - голодный, ұйқы - сон, басады - одолевает, қашады - убегает.
Сытого человека сон одолевает,
От голодного человека сон убегает.
Жеке тапсырма 4 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Асы бар аяқтан аттама.
Керекті сөздер: аяқтан - синонимі: ыдыстан
Не переступай посуду с едой
Жеке тапсырма 5 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Жаманнан жарты қасық ас қалар.
Керекті сөздер: жаманнан - синонимі: жаман адамнан; қалар - остается
От плохого человека остается пол ложки еды
Мақалдарды тақтадан жазу
Қорыта келе, Біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Тұқымымыздың азып, тоз - тоз болып кетпеуі үшін де, Абылай ханның түсіне кірген бақа - шаяндарға айналмауымыз үшін де деніміз сау, мықты болуы шарт. Рухани тәрбиенің орны бөлек.. Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй – дұрыс тамақтануы, жеміс - жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, яғни, витаминдерге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі.
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
Септіктер қайталау, сөздер жаттау, «Түскі ас» мазмұндау, мақал - мәтелдерді есте сақтау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×