Қазақ тілі 6 сынып
Семинар сабақ
Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау
Сілтеме: Жоспар. Оқулық.
Жалпы мақсаты: Жалпы үстеу туралы түсінік беру, оның түрлерін ажырата білу, білімдерін пысықтап бекіту. Топта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар тақырып бойынша толық мағлұмат алды. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, қорытынды жасай білетін, топта ұйымшыл болуға, ынтымақтастыққа тәрбиеленген тұлға қалыптасты.
Түйінді идеялар: Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Ақпарат көздері: Интерактивті тақта, слайд, тірек сызба, тапсырма парағы.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
I. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушыларды түрлі - түсті қағазда жасырылған 1, 2, 3 сандарын таңдау арқылы топтарға бөліп, зейіндерін сабаққа аудару.
І топ - Білгірлер
ІІ топ – Тапқырлар
ІІІ топ – Ұтқырлар
4. Бағалау парағын үлестіру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Берілген фигураларды таңдап, жасырылған сұрақтарға жауап беру
Сұрақ - жауап:
1. Үстеудің құрамдық түрлері
2. Үстеу туралы түсінік
3. Үстеудің мағыналық түрлері
ІІІ. Жаңа тақырып. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Үстеуден өткенді қайталау Сабағымыз ІІІ айналымнан тұрады Интерактивті тақтада берілген тапсырмаларды орындату
І айналым Берілген түстерді таңдап, жасырылған сұрақтарға жауап беру
І топ. Үстеу туралы түсінік (ережелері, сұрақтары)
ІІ топ. Үстеудің құрамдық түрлері ( ережелері, жұрнақтары)
ІІІ топ. Үстеудің мағыналық түрлері (ережелері, сұрақтары, мысалдары)
ІІ айналым Берілген аспан денелерін таңдап, жасырылған сұрақтарға жауап беру
І топ. Негізгі, күрделі, туынды үстеулердің мысалдарын, жұрнақтарын жазу.
ІІ топ. Берілген мысалдардан үстеулердің түрлерін ажырату. Бүгін, осында, аса, ақырын, мұншама, қасақана, бекерге сөздері қай үстеуге жататынын табу.
ІІІ топ. Берілген мысалдардан сұрақтар қою арқылы үстеудің мағыналық түрлерін табу. Қожа сөмкеге бақаны лезде салды. Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды. Қожа сөмкеге бақаны салып, кейін кетті. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды.
ІІІ айналым Оқулықпен жұмыс.
І топ - 292 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, үстеулерді табыңдар. Оларды түріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: өте – күшейткіш үстеуі
ІІ топ - 293 - жаттығу. Мәтіндегі үстеулерді өздерінің тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар. Үлгі: әбден ұзап,...
ІІІ топ - 296 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, негізгі үстеулерді бір бөлек, туынды үстеулерді бір бөлек тіркесін сөздерімен бірге теріп жазыңдар. Үлгі: негізгі үстеулер туынды үстеулер ерте түнде
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
1. Сканворд шешу.
2. Үстеудің мағыналық түрлеріне сәйкес келетін мысалдарды сәйкестендір.
Ү. Үйге тапсырма.
294 - жаттығу. Мәтіндегі үстеулерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар. Үстеудің қай түрі екенін айтыңдар.
Үлгі: енді тым - тырыс болды - мезгіл үстеуі.
ҮІ. Бағалау.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.